Tag Archives: Қостанай

Ахмет Байтұрсынұлы туралы 30 факт

Ол – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор. Ол – қазақтың жүз жылда бір туатын ірі тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы. Білдей «Қазақ» газетінің бас редакторы, Алаш Орда үкіметінің белсендісі, ақын, қоғам ...

Толығырақ »

Толғауы тоқсан туризм

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы №508 Қаулысымен бекітілген еліміздегі туристік саланы дамытудың 2020 жылдарға дейінгі тұжырымдамасын ашып қарасаңыз, туризмнің дамуы бойынша республикада тоғызыншы орын алатын Қостанай облысы туралы еш мағлұмат жоқ. Бұл нені білдіреді? Бұдан, облысты айтпағанның өзінде, республика деңгейінде Қостанай өңірінің туризміне жеткілікті көңіл бөлінбей отырғанын байқаймыз. Ал халқының саны 1 млн адамға таяу аймақта туристер үшін ...

Толығырақ »

Тобыл-Торғай Торсаны

Өзін әлі сергек сезінетін Тор­сан ақсақал күнделікті ақпаратты қалт жібермейді. Ғұмыр бойы шаруашылық ұйымдастырушы бол­ған соң ба, еліміздің эконо­микалық саясатын, әсіресе, ауыл шаруашылығындағы өзгерістерді ерекше қадағалап отырады. Ауыл шаруашылығында біржақты жүргізілген істен көштің жүгі ауып қалатынын бүгін осы саланың басы-қасында жүргендер білсе екен деп отырады. Егінмен қатар, мал шаруашылығын дамытуға көңіл бөлінуі тиіс. Мал мен егін бірін бірі толықтырып отырады, ...

Толығырақ »

Қостанайдағы «қара таңба» қашанғы тұрмақ?!

Биыл Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толды, ол ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтілмек. Демек, әлемдік қоғамдастық тарапынан да еңбегі мойындалған тұлға. Әлихан Бөкейхановқа арналған ғылыми-практикалық конференция Қостанайда да өтті. Онда әлихантанушы ғалымдар Қостанай қаласындағы орталық көшелердің бірін Әлиханның атына беруді ұсынды. Біртуар қайраткерге арнал­ған ғылы­ми-практикалық кон­ференцияға қатысу­шылардың ұсынысы – ұсыныс-ақ. Тіпті, алдымен орталықтағы тарихи ғима­рат­тар­дың бірінің қабырғасына Әлихан Бөкей­хановтың ...

Толығырақ »

Абылай МАУДАНОВ: Әдебиет жасалмайды, әдебиет туады

Әдебиетті жасайтын кім? Әдебиетті тудыратын ше? «Әдебиет жасала ма?» десек, «Әдебиет туады» дейтін пікірді кесе-көлденең ұстанатын бұл жігіт Астана мен Алматыдан шалғайда Қостанайда тұрады. Бүгінгі кейіпкеріміз – ақын Абылай Мауданов. Ол – Жангелдин ауданының Көкалат елді мекенінде туып-өскен. – Абылай, «Әдебиет порталы» «Әдеби үрдіспен» жас ақындар­дың өлеңдеріне жақсы талдауды бастады. Алайда кейбір талдаулар ақынның да, оқырманның да көңілінен шықпай тұр. «Сын шын ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы бұрмаланған жер-су атаулары туралы немесе ономастика комиссиясына құлаққағыс

Таяуда Тәжікстанда Чкалов деген қаланың аты өзгертіліп, оған тәжікше атау беріліпті, әншейінде «Джамшут» деп қорлап, «гастербайтерлер» деп кемсітетін тәжіктердің ұлттық  сана-сезімдері бізден жоғары болып тұр. Бұл атауы қайтарылған қала аты Тәжікстандағы орыс тіліндегі соңғы атау екен. Ал, бізде, Қазақстанда жағдай қалай, нақтырақ айтсақ Қостанай облысындағы жер-су атауларына аздаған талдау жасап көрейікші. Қостанай облысының мына төмендегі атауларына қарап мен кейде Ресейде ...

Толығырақ »

Кәсіпкерлерді қолдауға арналған көрме

Отандық кәсіпорындар шығарған құрылыс материалдары мен қаланы абаттандыруға арналған бұйымдар шетелдіктерден кем түспейді. Тек оларға танымалдылық пен қолдау қажет. Осы мақсатта Қостанайда ерекше көрме ұйымдастырылды. Көрмеде құрылыс материалдары мен ойын алаңқайларын, сәулет, спорт бұйымдарын жасайтын 22 кәсіпорынның өнімдері жұртшылық назарына ұсынылды. Олардың ішінде Қостанайдан бөлек Қарағанды, Ақмола облыстарынан келген тауар өндіруші компаниялардың өкілдері бар. Айта кету керек, биыл Қостанай облысының ...

Толығырақ »