Tag Archives: Қостанай

Қостанайлық боксшы қарсыласын 1-раундта нокаутқа жіберді

Минскіде өткен кәсіпқой бокс кешінде қостанайлық Жан Кособуцкий өзінің төртінші кездесуіне шықты деп жазады «Біздің Қостанай» газеті. Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Кособуцкий бұл жолы украиналық Максим Педюрамен қолғап түйістірді. Педюра кәсіпқой рингке 26 рет шыққан. Осы уақытқа дейін 12 спортшыны нокаутпен жеңді. Минск рингіндегі бәсеке 8 раундқа есептелген. Дегенмен қостанайлық боксшы 1-раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді. Осы жеңісінен соң Жан ...

Толығырақ »

8 ауылға су құрылғылары орнатылады — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысы тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз етуге бюджеттен 6 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтқандай, биыл елді мекендерді сумен жабдықтауға айрықша көңіл бөлінеді. «2017 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша елді мекендерді сумен қамтуды жақсарту үшін 10 нысан қайта жаңғыртылды. Оған бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінді. ...

Толығырақ »

Жанармайдың қымбаттығынан астығымызды өткізе алмай жүрміз — қостанайлық шаруалар

Қостанайлық шаруалар жинаған астықтарын нарықтық бағамен өткізе алмауда. Бұған жанар-жағармай бағасының қымбаттап кеткені себеп деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақстан фермерлер одағы» облыстық филиалының төрағасы Владимир Дранчукке сілтеме жасап. Бүгінгі күні шаруалар үшін басты проблеманың бірі астықтың нарықтағы бағамен өтпей тұрғаны болып отыр. Тіпті, Қостанайдағы әлеуетті деген кәсіпорындар 3-санатты бидайдың тоннасын 35 мың теңгеге сата алар емес. «Қазақстан фермерлер одағы» облыстық ...

Толығырақ »

Қостанайда жұмыссыздар қатары азаймай тұр

Былтыр Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту бөліміне 7 165 адам жүгінген. Бұл туралы бүгін қала әкімі Базыл Жақыпов тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтты деп хабарлайды kostanaytany.kz тілшісі. «Кәсіпкерлікті қолдау картасы» бойынша қалада 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Бұл жобаларға 13 млрд теңге жұмсалды. Мұның сыртында 308 шағын нысан пайдалануға беріліп, барлығы 570 жаңа жұмыс орны ашылды. Алайда, қаладағы жұмыссыздық көрсеткіші ...

Толығырақ »

Қостанай қаласының іргесінен 11 көп қабатты үй салынады

Соңғы екі жылда Қостанай ауданында 9 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Ахметов есеп беру жиынында мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай ауданында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 11 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ. Аталған үйлер Қостанай қаласының іргесінде орналасатын болады. «Соңғы екі жылда 9 көпқабатты үй тұрғызылды. Бұл құрылыстарға 1 миллиард 304 миллион ...

Толығырақ »

Қостанайда қалың тұманға байланысты ескерту жарияланды

Қостанай облысында қалың тұманның түсуіне байланысты дабылды ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Демалыс күндері аяздың және қардың әлсіреуіне себеп болған циклон басылды. Енді 7 ақпан күні Қостанай облысының кей жерлерінде қалың тұман түсіп, көктайғақ болады. Сол себепті дабылды ескерту жарияланды», — деді «Қазгидромет» орталығының облыстық филиалы кезекші инженер-синтоптигі Наталья Терентьева. Синоптиктер қостанайлық көлік жүргізушілеріне алыс жолға шығарда сақ болуға шақырады. ...

Толығырақ »

Қостанайда қоғамдық көлік жолақысы 100 теңге болады

Қостанайда ақпаннан бастап қоғамдық көлікте жүру жол ақысы 100 теңге болады. Ал қала қала сыртына шығу құны 100 теңгеден асады. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігінің өкілі Алексей Тарасов мәлімдеді деп хабарлайды Kstnews.kz. «2017 жылы қарашада барлық автомекемеден қоғамдық көліктерден жол ақысы құнын көбейту туралы қарастыруды өтінген құжат түсті. Олар жанар-жағармай материалдары мен автобөлшектер бағасының өсуін негізге алған. Қостанайда ақпаннан бастап ...

Толығырақ »

Қостанайда Шақшақ Жәнібек батыр ескерткіші бой көтерді

Жаңа ескерткіш Қарбышев көшесі мен әуежайға баратын жолдың қиылысында орналасқан деп хабарлайды alau.kz. Ескерткіш тұрғызу адамдардың ерікті түрдегі қайырымдылық ісіне айналып барады. Мердігерлер ескерткіштің нақты бағасын айтпай отыр. «Бізге екі мың теңгеден бастап, бірнеше миллионға дейін көптеген сома ұсынылды. Ескерткішті тұрғызу жұмыстары қаңтар айында басталды. Мүсінші — белгілі мәдениет қайраткері Қадыржан Кәкімов. Барлығы 270 тонна тас жұмсалды. Ескерткіштің өзіне Алматы ...

Толығырақ »

Кейкі батыр мавзолейінің құрылысы аяқталып қалды

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс батыры Кейкі батырдың сүйегі мавзолейде сақталады. Қостанайда оның құрылысы аяқталып қалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов хабарлады. Торғай жерінде қазір жазушы, педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің мавзолейін жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. «1992 жылы салынған мавзолейді күрделі жөндеуден өткізуге облыс әкімі бюджеттен 80 миллион теңге бөлді. Бұл екі мавзолей Қазақстанның республикалық маңызы бар ...

Толығырақ »

Туған жердің мұңын кім мұңдайды, жырын кім жырлайды?!

Әркімге өзінің туған жері ыстық болатыны бесенеден белгілі, және ол ешқандай дау тудырмайтын ақиқат. Сен үшін оның әрбір тасы, сабырмен аққан өзені, сылдырап аққан бұлағы тіпті айдалада өсіп, шашын самал желпіген арудай желмен тербелген жалғыз жидесі, өзендердің бойында ырғатылған талы мен қамысы да ыстық. Олардың үнін тыңдап, өзің туған өлкенің топырағын басып, ауасымен тыныстау жаныңды тербейді. Алыста қалған балалығыңды сағындырады, ...

Толығырақ »