Tag Archives: Қостанай

Қостанайда шалшық судың үстіне асфальт төсеген

Қостанай тұрғындары шалшық судың үстіне асфальт төсегендерге наразы болды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Instagram желісіндегі kostanay_revizor паблигінде шалшық судың үстіне асфальт төсеп жатқан суреттер жарияланды. Пікір қалдырушылар осыған қатысты ашулы пікірлер жазған. Қостанайда Лермонтов көшесінде екінші жыл қатарынан қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы уақыт ішінде жергілікті тұрғындар бірнеше мәрте сапасыз жөндеу жұмыстарына шағымданған еді. Тұрғын үй коммуналдық қызметі бөлімінің ...

Толығырақ »

Облыстың «Торғай» деп аталуына қарсымын — Архимед Мұхамбетов

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс атауын Торғай деп өзгерту жөніндегі бастамаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі timepress.kz желілік басылымына сілтеме жасап. Брифингте бастамашыл топтың аймақ атауын өзгертуге қатысты ашық хаты туралы сұрақ қойылған. «Ол хатпен таныспын. Көрдім. Жалпы ұстанымым – қарсымын, өйткені Қостанай облысының өзінің тарихтан келе жатқан байырғы атауы бар. Қателеспесем, бұл хатқа 17 ...

Толығырақ »

«Қостанай-Әулиекөл» жолы ақылы болады

Қостанай облысында халықаралық «Алматы-Екатеринбург» жолы ақылы болады деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Нұрбек Темірхановқа сілтеме жасап. Жыл соңына дейін Қостанай облысында 422 шақырымға созылған тасжол ақылы болады. Бұл аралыққа халықаралық «Алматы-Екатеринбург» жолы да кіреді. Ақылы бекеттер 2019 жылы қойылады. Бір жылдан соң көлік жүргізушілері ақы төлей бастайды. «Қазіргі уақытта Астана қаласынан басталатын «Астана-Троицк» бағытын ақылы ету ...

Толығырақ »

Қостанайда оқушыларға роботтар сабақ береді

Биылғы оқу жылында қостанайлық оқушыларды көптеген жаңалық күтіп тұр деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Болашақ мектептің директоры Ерлан Бекішовтің айтуынша, мектептің бірінші қабаты тегіс ІТ технологияларға арналады. Бүгінде жаңа жабдықтарды күтіп отыр. Мұнда мобильді касса, күн көзінен қуат алатын батареялар және 3D модельдеу әдісін меңгеру үшін жағдай жасалады. Тағы бір жаңалық, биыл бұл оқу орнында оқушыларға робот сабақ ...

Толығырақ »

Астық ұрлағандарға аяушылық білдірмейді

Қостанай облысының диқандары күзгі жиын-терім жұмыстарына әзір. Бұл туралы облыс әкімдігінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен өткен жиында белгілі болды. Жиында алдағы егін орағына әзірлік барысы туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов баяндама жасады. Оның айтуынша, биылғы астықтың шығымы жаман емес деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Орташа есеппен алғанда гектарына 12-13 центнерден айналуы ықтимал көрінеді. Сондай-ақ өңір диқандары егіс ...

Толығырақ »

Қытай компаниясы Қостанайда теледидар зауытын салады

Қытайдың HKC Corporation Limited компаниясының акционерлері Қостанайдағы теледидар мен монитор шығаратын зауытқа 20 миллион доллар салады. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады. Kazakh Invest баспасөз қызметінің мәліметінше, HKC компаниясы монитор және теледидар шығару бойынша Қытай нарығындағы ірі өндірушілердің бестігіне кіреді. Қазақстанның солтүстігінде құрастыру зауытын салу жоспарланған. Инвестицияның бастапқы көлемі – 20 миллион доллар. Акционер жылына үш миллион дана техника шығармақ. HKC Corporation ...

Толығырақ »

Қостанайда зауыт отқа оранды

Қостанайдағы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын «Агротехмаш» ЖШС ғимараты өртке оранды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқыс оқиға бүгін сағат 07:30-дер шамасында болған. «Гагарин көшесіндегі «Агротехмаш» ЖШС ғимаратынан өрт шықты. Қоймадағы ағаш қабырғалар, жылытқыш материалдар, төбе жабынғысы жанып кеткен. Қойма басшысы бөлмесіндегі жиҺаздар, компьютерлер мен құжаттар да өртенді. Оқиға орнына жеке құрамның 11 қызметкері жұмылдырылды» деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт ...

Толығырақ »

Қостанайда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

Қостанайда 6 наурызда, яғни, кеше «Наурыз» ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Төртінші қабатта орналасқан бір бөлмелі пәтердің балконы өртенді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, балконнан үйге кіретін есік, балкон жабдықтары және үй заттары өртенген. Өрт аумағы — 6 шаршы метр. «Пәтер иесі — 55 жастағы әйел адам құтқарылды. 35 адам эвакуацияланды, ...

Толығырақ »

«Тополек» дүкенін тонағандар ұсталды

Бұдан да бұрын хабарлағанымыздай, облыстық ІІД Қостанай қаласы орталығындағы «Тополек» дүкенін тонаған күдіктілерге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі«ҚазАқпарат»-қа сілтеме жасап. Қостанай қалалық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы Руслан Жұрқабаевтың айтуынша, оқиға 27 ақпан күні сағат 04:00 шамасында болған. «Ұрылар дүкеннен 200 мың теңге ақшалай қаражатты қолды қылған. Қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері осы іске қатысты 3 күдіктіні анықтады. Олар сол ...

Толығырақ »

Қостанайда үш ер адам «Тополек» дүкенін тонап кетті (видео)

Қостанайда үш ер адам қала орталығында орналасқан дүкенге баса-көктеп кіріп, кассадағы ақшаны жымқырып кетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «Наша газета» басылымына сілтеме жасап. Оқиға бүгін түнде — 28 ақпанда болған. Видеодағы кадрлардан дүкенге үш ер адамның кіріп, ондағы қызметкер мен күзетшіні еденге жатқызып жатқаны көрінеді. Олардың екеуі күзетшіні ұстап тұрған, ал үшіншісі қыздан кассаны ашып, ақшаларды беруін талап еткен. Басылымның ...

Толығырақ »