Tag Archives: Қостанай

Қостанай тұрғыны екі жастағы баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Қостанайда ауруханада көз жұмған екі жастағы сәбидің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді сараптама тағайындалды. Қала тұрғыны Мақпал Баймұхаметова баласының өліміне дәрігерлерді кінәлайды, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Былтыр желтоқсан айында екі жастағы Асан ларингит ауруымен облыстық ауруханаға жеткізілген.Бір тәуліктің ішінде бүлдіршіннің тамағындағы дерт, өкпе қабынуына ұласады да беймәлім жағдайда жан тапсырады. Медициналық және фармацевтикалық бақылау мекемесінің тексеріс нәтижесімен келіспейміз.Өйткені олар қызметкерлердің түсініктемелері ...

Толығырақ »

Қостанайда 50-ден аса тәжікстандық жолда қалып қойған

Қостанайлық жолшылар 55 шетел азаматына көмек көрсетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Республикалық маңызы бар М-36 «Екатеринбург — Алматы» автожолындағы Қарабалық ауылының маңында бүгін қатты аяз салдарынан Тәжікстаннан Ресейге бағыт алған автобустың жанар-жағармайы қатып қалды. Жолшылар тез арада автобусты жақын маңдағы кемпингке сүйреп апарып, жылытып, көлікті оталдырып берді. Автобус ішінде 55 адам болған, оның 6-ы бала. ...

Толығырақ »

Қостанайда алты жасар қыз ашық кәріз құдығына құлап кетті

Қыздың есі дұрыс, құлаған кезде жарақат алмаған, бірақ гипотермияға байланысты жансақтау бөліміне жатқызылған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы ng.kz жазды. Бала құлаған жылу құдығы «Аэропорт» шағын ауданында орналасқан. Оның қақпағы ашық, ішіндегі су деңгейі 70 сантиметрге дейін жеткен. Өтіп бара жатқандар шақырған төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері қызды люктен алып шықты. Баланың жағдайы тұрақты. Сол оң динамикамен ертең оны бөлімшеге ауыстырамыз, ...

Толығырақ »

Қостанайда әкімдік қызметкері әскерге шақыртуды кейінге қалдыру үшін 400 мың теңге сыйақы алған

Қостанай әкімдігінде бөлім басшысы азаматтан әскерге шақыртуды кейінге қалдырам деп ақша алған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық сотқа сілтеме жасап. Қостанай облыстық сотының ресми сайтында хабарланғандай, № 2 қалалық сотта «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта азаматтың міндетті әскери қызметке шақыруды ...

Толығырақ »

Қостанайда павлодарлық ер адам шіркеу заттарын ұрлаған

Қаңтар айында күдікті ғибадатханаға жасырын кіріп, шамамен 1,2 млн теңгеге екі қола крестті, потирді, дискосты, діни қызметкердің қола крестін, конфессиялық інжілді ұрлап кеткені анықталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ұрлық жасағаны үшін ол екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді. Сол күні теміржол вокзалында полицейлер Павлодардың 58 жастағы тұрғынын ұстады. Жасырын ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ...

Толығырақ »

Қостанай әуежайы тағы да сатылымға шығарылмақ

Биыл Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы жекешелендіруге дайындалып жатыр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Аlau.kz сайтына сілтеме жасап. Әуежай бұған дейін екі рет аукционға шығарылып, қожайынын таппаған болатын. Айталық, соңғы рет 2018 жылы Қостанай әуежайы аукционға қойылғаны есімізде. Осыдан кейін әуежай республикалық баланстан алынып, Қостанай облысы әкімдігінің меншігіне берілген-ді. Әкімдік әуежай ғимарат мен ұшу-қону жолағын да жөндеуді бастаған болатын. Қаржы басқармасының ...

Толығырақ »

«Шұңқырды қоршамаған»: Қостанай облысында қауіпсіздік ережесін бұзған бригадир сотталды

Қостанай облысында қауіпсіздік ережелерін сақтамаған ЖШС бригадирі сотталды, деп хабарлайды Alau.kz. Қылмыстық іс Бейімбет Майлин ауданының сотында қаралды. Сотталушы С. абайсызда адам өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ЖШС бригадирі сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Сот «Бейімбет Майлин ауданының Майское ауылындағы су құбыры мен тарату желілерін қайта жаңарту» объектісінде сотталушының шұңқырды қоршаумен ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін жаңа газ құбыры салынады

Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы Primeminister.kz жазды. Облыс әкімдігі мен орталық мемлекеттік органдар басшылығының қатысуымен өнеркәсіп, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы, көлік, денсаулық сақтау және т.б. салалар бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Үкімет басшысының 2022 жылдың қыркүйегінде Қостанай облысына жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ...

Толығырақ »

Премьер-министр Қостанайдағы көлік шығаратын кәсіпорындарды аралады (ФОТО)

Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов машина жасау саласының бірқатар өндіріс орындарын аралады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Үкімет басшысы жылына 70 мыңға дейін көлік шығаратын Kіа автомобиль зауытының құрылысымен танысты. Кәсіпорынның бас директоры Ким Де Ки зауытта 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын атап өтті. Бастапқы кезеңде Sorento, Sportage және Cerato сияқты шағын торапты 3 модель өндірісін жолға қою жоспарланып ...

Толығырақ »

Қостанайда 42 тұрғын үй, мектеп және әуежай жылусыз қалды

Қостанайда жылу желілерінің үш рет жарылуы салдарынан 122 үй, мектеп және халықаралық әуежай жылусыз қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Желтоқсанның 20-сы күні таңертеңнен бері жергілікті жылу-энергетика мекемесі жылу желілеріндегі апатты жою туралы үш хабарлама жариялады. Осының салдарынан қаладағы барлығы 122 үйде батареялар сөндірілді. Сондай-ақ тізімде №29 мектеп пен халықаралық әуежай ғимараттары бар. Қобыланды батыр даңғылының бойындағы №20 жылу магистраліндегі апат салдарынан ...

Толығырақ »