Tag Archives: Міржақып Дулатов

Міржақыптың туған інісі де саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі

Қасіреттің қаны тамған шеңгелді кезеңнің от бүркуінен Дулатовтар шаңырағы үйітіліп, жойылғалы тұрды… Міржақып тағдыры белгілі… Шаңырағын жалғыз қызы Гүлнар ұстап қалды. Әкесі армандаған Тәуелсіздікті көріп, 97 жасқа қараған шағында өмірден озған Гүлнар апамның бір өкініші ішінде кетіп еді. Әкесінің туған ағасы Асқардың (1868-1933 ж.ж) Карелиядағы Майгуба лагеріне айдалғанын білгенімен, сүйегінің қайда қалғанынан бейхабар болатын. Тек атасының (туғанына биыл 150 жыл ...

Толығырақ »

Алашорданың табаны – Торғай…

Уақытша үкі­мет­­­тің басқару органы «Уч­ре­дительное собрание» («Ко­муч»)  мүшелерімен кездесу­ге­ Алашорда атынан 1918 жыл­дың шілде айында Семейден Ә.Бөкейханов пен Ә.Ермеков, Түркістаннан М.Шоқай, Батыс­тан У.Танашев төртеуі Самарада бас қосады. Бұлар «Комичпен» келіссөз жүргізді. Нәтижесінде, 20 қыркүйекте Уфада Уақытша үкімет жанынан Алашорда Ке­ңесі ашылды. – Әнес Төлендіұлы, сізді көзіқа­рақты қауым алаш тақы­ры­бында айтары бар тұлға деп біле­ді. Сұрайын де­генім –  Алаш­орда ық­палы қазақ ...

Толығырақ »

АЛАШ АРДАҚТЫСЫНЫҢ ҰРПАҒЫ

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дейді атам қазақ. Бұған қоса жақсы адамның артында қалған жал­ғыз ілік ұрпақтың өзін де халқымыз «Тұлпардың тұяғы, сұңқардың қияғы» немесе «Асылдың сынығы, бастаудың тұнығы» деп дәріптеп жататыны және бар. Мұны айтып отырғаным, менің осындай текті тұқымның ұрпағы – Гүлнар апай Міржақыпқызымен танысуым ойда-жоқта болды. Бұл 1989 жылдың жаз айының соңғы күндерінің бірі еді. Сол жылы ...

Толығырақ »

«Оян, қазақ!..» деп жар салған

Міржақып есімінің білім ордасына берілуі құптарлық Ақиқаттың жүзіне тура қарар болсақ, соңғы жылдары елорда көшелерінің басым көпшілігі қазақша атауға ие болды, бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарға халқымыздың көрнекті ұл-қыздарының есімдері берілді. Тіпті Қазақстан картасындағы қалалар мен аудан аттарын да, жер-су атауларын да елорда аумағынан кездестіресіз. Жақында ғана Астана қаласында Есілдің сол жағалауындағы бір көшеге белгілі абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметхановтың есімі берілгенін ақпарат ...

Толығырақ »

Міржақыптың тағдырына әсер еткен әйелдер

Қазақ қызының тағдырын тұңғыш рет романға арқау еткен Міржақып Дулатұлының азаматтық бейнесі жан-жақты зерттелді. «Бақытсыз Жамалды» терең психологиялық кейіпкер ретінде жұртшылыққа жеткізе алғаны өз алдына бөлек тақырып болса керек. Ал, әйел ғұмырына ерекше тоқталған жазушының өз айналасында қандай жандар болды? Аяулы ананың аялы алақаны, ыстық жүрегі, жан тілеуі, әрине, тұлғаның өмірінен ешқашан тыс қалып көрген емес. Дегенмен, Алаш көсемдерінің бірінің ...

Толығырақ »

Арманға бай ғұмыр

(Мейрамбек Төлепберген мен Мылтықбай Ысмағұл) Эссе «Торғайдан хабарласып тұрмын!» деген таныс дауыс естілгенде, қуанып қалатын едік… Әсте, Алматыға алғаш барған адамның бойында арманшыл қасиет оянып, бір тылсым күштің әсері ме екен, бұдан былай тек жақсы өмір сүргісі келетін құдірет пайда болады. Табиғаты ерекше әсем, келбеті ғажайып қаланың құшағы бар қазақ баласы үшін ашық әрі ыстық болуы да бозбалалар мен бойжеткендерді ...

Толығырақ »

Жол үстіндегі екінші әңгіме-2

Осы аралықта менің жадымда бір бас қосуда тарихшы Манаш (Қозыбаев) ағамыздың айтқан бір әңгімесі тірілді. – Бірінші, – депті Адам ата ұлына, – ойлан балам, мал-дүниенің соңына қатты беріліп түспе, өйткені ол ұйқыңнан қалдырады. Ауру қылады. Мейірімсіз етеді. Көз ештеңеге тоймайтыны белгілі. Ол бір уыс топырақпен ғана толады. Екінші, өз жұмысыңның түпкі нәтижесін ойла. Сабырлылық сақта. Пайда-зиянын екшей біл. Үшінші, ...

Толығырақ »