Арқада жер еркесі Қызбел деген…

Туған жерге деген сағыныш көңілді тербеп, ойыңа оралып көпке дейін соңыңнан қалмайтын кездер болады. Ондайда ел жаққа аңсарын ауады да тұрады, ауады да тұрады. Арпалысқан қала тіршілігі арасынан анда-санда ауылдағы ағайынның бірін кездестіре қалсаңыз, шұрқұраса қауышатын қасиет сіздерде де бар болар. Бұл, сірә, ауыл топырағынан нәр алған әрбір азаматтың бойынан табылар. Туған жерге бүйрегі бұрып тұратын адам, кіндік қаны тамған өлкеге бірнәрсе арнап немесе бір дүниелер тарту еткісі келіп тұратын әдеті ме деймін. Алғаш рет қалаға аяғым тиіп, оқуға түскен күндерде-ақ сондай балаң ой маза бермей жүрген соң, ауылым жайлы деректі фильм түсіремін деп шешкенмін (Әзірге бұл ойым жүзеге аспай келеді).

Ұзақ демалыста үйге барып, әр жерден бір жұлып түсірген дүниелерімді сол кезден бері жинап жүр едім. Құрастырып, дайындап қойғанмен бүгінге дейін жарияламай келгенмін. Көңілім толмады. Бірақ жиналып қалған материалдарымнан арасынан қайта көргенімде, кеудемді сағыныш кернеп кеткені.

Сосын да студенттік кезден, ауыл тарихынан естелік болып қалар деп «Тобыл-Торғай» сайты арқылы назарларыңызға ұсынғым келді. Әуесқойлықпен жасалған демесеңіз, ауылға деген парызымның бір түйіріне балап болса да қабылдарсыздар деген ойдамын.

Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ, журналист

 

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Қара лақ қайда екен?

(Табиғатты қорғау инспекторының әңгімесі) 2018 жылы бидайықтарға, сай салаға, өзен көлдерге су мол түсті. Маң ...

2 пікір

  1. Туған жеріңіз Қызбел туралы өте жақсы жазыпсыз. Шындығында да киелі жерлерді, рухы мықты жандарды еске түсіре отырып, шағын ауыл тіршілігінен мәлімет берудің еш айыбы жоқ. Неге ары қарай өрбітпеске? Жазып-көрсеткенде ғана тағы бір ой туындайды ғой. Қызбелден шыққан намысты ер азаматтар туған жерді қайта түлетіп, жандандыруға ат салысар деген ойдамын.

    • Жанболат Кенжеғұл

      Пікіріңізге рахмет! Дұрыс ой тастап отырсыз. Шама-шарқым жеткенше жалғастыратын боламын.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *