Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ

Бұл жақта жылдың төрт мезгілі өз уақытымен ауысып отырады. Көктем наурыз айында басталғанымен, ауа-райы салқын болып, қыстың ызғарлы салқыны әлі де кетпегенін сездіреді. Алайда көктемде сағына күткен жан-жануар мен адамдар еркіндікті жадыраңқы көңілі мен қуанышы айқын байқалады. Қыс бойы қар құрсауында жатқан ен даланың тіршілігіне жан бітіп, ұзақ ұйқыда жатқан зорман, суырлар да қалың қардың астынан шығып, қазықтай қақиып мені көрдің бе?,- дегендей шақ-шақ еткен дыбыс шығарып хабар жеткізеді. Осыны көріп «өлмегенге болды жаз деп, үнемі айтып келе жатқан» жаттанды сөздерін үлкендер жағы тағы да қайталап айтып, үйреншікті істеріне кірісуге қам жасайды. Соның бірі мына Ақсуат деп аталатын жердегі Ера ағаның үйі, олай былай өткендердің көзіне еріксіз ыстық көрінеді. Оның өзіндік ерекшелігі саман кірпіштен биік етіп салынған қатар тұрған екі үй, өзінің сәнділігімен елдің назарын еріксіз аударады.Сол екі үйдің бірі, Қодықов Қабыл деген ағамыздың үйі болатын. Осыдан әрірек екі жүз метрдей жерде, Қарабидайық бастауыш мектебі, Қызылотау орналасқан. Бұл мектеп біз үшін өте ыстық білім алған ұямыз. Мектеп өте биік, асты-үсті тақтайланған сәнді оқу орны болатын. Сол кездегі астыққа деген тапшылық пен сұраныстың көп болуына байланысты, сынып бөлмелеріндегі еден тақтайларын шығырдың шелектерін жасау үшін сыпырып алған. Біраз жыл соғыстың әсерінен бала оқымай жабық тұрған. Кейін мектеп қайта ашылып жұмыс істеді. Соғыстан бұрын оқыған оқушылардың қаламдары мен карандаштарын тауып алып, жазу сызуға жаратқанымыз бар. Ол кезде бояу карандаш бар екенін білмейтін едік. Еденнің астынан бояу карындаштың ішкі өзегін жинап, сонымен сурет салған кезіміз болған.

Әр кезде, ер жігітке тән намыс, ар болуы керек. Осы Тентекте болса, оның ары да таза, жаны да таза болып жатса қуанар едік. Амал қанша, осының бірі де үміт күткен жанның бойында болмай жатқанына қиналамыз. Біз Тентек екеуміз, мектептің жеті сыныбын бітіріп, әрі қарай оқуды қойып мектеппен бір жола қоштасып, жаңа өмірге бет алдық. Сол жоспарымыз кәсіптік бағытта Жетікөлдегі училищеге барып оқуға орналасу болатын. Бұл ойымызға қиналыссыз барып, оқуға қабылдандық. Оқу орнының жатаханасынан орын алып көпшілік оқушылармен танысып, көңілді күндеріміз өтіп жатты. Оқуымыз мектептегідей ауыр емес, ұстазға бар екенімізді көрсетіп көріну, әржағы өз еркіміз. Осындай еркіндікте тегін тамағын ішіп, күн өткізіп жаттық. Ойлап қарасақ бұл да қызық күн болатын. Екі жыл сабағына қатысып, ел қатарлы оқып, мал санитары деген куәлік алдық. Елге оралып, фермадағы мал мамандарының көмекшісі, санитар қызметін атқарып жаттық. Осы аралықта колхоз ыдырап совхоз құрылып, іріленген екі колхоз қосылып, совхоз құрылды. Колхоз кезіндегі тірлікке қарағанда совхозда еңбек адамына көптеген жеңілдіктер туып жағдай жақсара түскендей болды. Осылай сыныптас, курстас досым Тентек екеуміз, жұбымыз жазылмай әлі келеміз. Атқарар жұмыстың түрі бәлендей жанға тиетіндей ауырлығы жоқ. Мал емдеу қойлардың бақайларын жонып, ірі қаралардың көздеріндегі доғаласын алып, қозы лақ пішу сияқты жұмыстар атқарамыз.

Тентегім-ай не дейін! Сенің әрбір ісің, елге, халыққа, ағайынға жасаған істерің әлі көз алдымда. Әзір ұмытқаным жоқ, ұмытылмайды да. Бір ауылда тұрып бір өзеннің суын ішіп. Ақсуаттың айдынында күн ұзағына суына түсіп, балалық күнімізді бірге өткіздік. Ол күндерді сен ұмытқанмен, мен ұмыта алмаймын. Бар қызық сонда жатқан сияқты көрінеді де тұрады. Жарты құртты бөліп жеп, Ақсуаттай айдынында қармақ салып,шабақ аулағаннан артық қызықты күндер жоқ сияқты сеземін. Адамдарда кім‑кімге де достық, бауырмалдық құшақтары  ашық, мынау керек деп сұрап келсе мә деп, ұстатып беріп жатады. Қазір қарап отырсам, ондай жомарттықтың бірі де жоқ, бұндай сараңдық, іштарлық неден туындап жатыр, соны бір сәт ақылға салып ойлайықшы, неден болғанын білейікші. Мені осындай ой жатсам да, тұрсам да үнемі мазалайды. Осы айтқандарымның дәлелі бола ма екен. Мына бір басымыздан өткен жағдайды айта кетейін. Бірде Тентектің сатушы кезі, Сейтқали мен Дос машинадағы дүкеннің жүктерін түсіруге, екінші бөлімшедегі саған келді. Автолавканы жүргізуші, әрі сатушы Сейтқали болатын. Машинадағы заттарын толық түсіретін кезде, сұраған саған қайда баратындығын айтқан. Соны естіген сен қаласың ба, менде барамын деп жабыстың. Сенің қандай ойда, не істейтініңді машина иесі сезбесе керек, бірге ала кетуге келіскен. Бұны білген Дос мұнымыз дұрыс болмады деп Сейтқалиға сездіргендей болды.

Бұл сапарымыздың негізгі себебі Қойшы ағай мен Қалымхан ініміз етке тапсыруға қой малдарын айдап, баруға келісіп жол қаражаттарын алған. Көңіл көтеріп карта ойнап Көкалатта бар ақшаларын ұтқызған.Содан екеуі Қарақоғадағы Достың үйіне барып, қарызға ақша сұраған. Сол күні Дос әйелімен екеуі еңбек ақыларын алған екен. Керегі жоқ ойнамай-ақ қойыңдар деп айтып еді, оған ренжіген қалып танытқан соң, көңілін қимай алған бар ақшаларын берген. Екі — үш күннен кейін Қойша аға мен  Қалымхан қайта келіп, рақметін айтып, қарызға алған ақшаның жартысын қайтарып берген. Өздерінің қай күні жолға шығатынын айтып, біздің соңымыздан келіп, қой алып кет дейді. Оны қалай ал деп отырсыңдар. Оған баратын менде көлік жоқ қой деп еді. Көршің Сейтқали екеуің келіңдер, оған өздерің айтыңдар. Осыдан кейін Сейтқалиға барып, Досқа айтқанын айтып, сендіріп, баратын болып келіскен. Содан кейін бірінші бөлімше орталығындағы поштадан сөйлесіп, хабар алып  отырыңдар. Мал айдаушылардың жолға шыққандарын естіп, жолға шыққан бетіміз болатын. Жолсерік етіп Тентекті де ала кеттік. Айырқұмға жетіп, орталығында сәл аялдап жүрер бағытымызды анықтап алып, Родник совхозына жол тарттық. Оған да жетіп, осы жерден мал айдаушылардың бағытын біліп, соңынан қуа түсіп, қуып жеттік.

Сүйтсек мал айдаушы үш кісі екен, арба да төсек- орын, ыдыс-аяқты алып келе жатқан Жұмағали деген ағай екен. Тоқтап сәлем беріп, қой соңынан бара жатқанымызды айтып, ілгері жүріп кеттік. Ұзай қойған жоқ екен, бір қырқадан асқанда қуып жеттік. Олар да дамылсыз жол бойы сендер көріне ме?,- деп артқа қарауда болғанын айтып жатыр. Дұрыс келдіңдер?,- деп өздерінің ықыласын білдіріп қуанып қалды. Біз де алып шыққан жеңіл астарымызды алып, сөмкенің ауызын ашып, алдарына қойып алың-алың деп ауыздарына тосып жатырмыз. Олар да асығыс қарбытып тамақтанып алды. Жол қақысы жүрсе бітеді деген, алып шыққан азын -аулақ астарымызды жинай бастадық. Қойшы аға атына мініп, қойларын жинап иіре бастады. Қалымхан да атқа мініп, қойдың екінші қанатын иіре жүріп, ат үстінен қойға құрық салып ағамен екеуі кезектесіп ұстай түсті. Сейтқали машинасын оталдырып, ұстаған қойды теріп машинаға сала бастадық. Ақшамызды төлеп қойғандай санап та жатырмыз.

— Осынымыз ұят болған жоқ па? Тым көбейтіп жіберген жоқсыздар ма? — деп едім. — Қорықпаңдар алыстан ат терлетіп келдіңдер ғой, ал деген ықылас болып жатқанда, алып қалыңдар. — Қазір Қалымханның қолы ашылып, ықыласы түсіп отыр, жөн‑жобаны өзі біліп отырған сияқты деп,- аға да ықылас етті. -Ақысыз аға мен іні берген жиырма жеті бас қойды салып алып келген ізбен қайта оралып, Сүйментай деген жердегі шөпшілер бригадасына қайта жеттік. Шөпшілер шөп басынан кештетіп оралған болуы керек. Бәрі кешкі асын ішіп, шәй ішуге отырған. Түскен үйіміз Сымағұлов Қуандық деген ініміздің үйі болды. Біз де үйге кіріп, шай дастарханы басына орналастық. Тентек үстіндегі плащын шешіп, іле сал деген қалыпта маған қарай тастады. Жол бойы сөзге келген салқындық барының әсері ме, мен оның ісін онша ұнатпай плащын арт жаққа қарай ысыра салдым. Сол ісім ұнамады ғой деймін, ішіп отырған шайын маған шашып жіберді. Мен де қарап қалуды ыңғайсыз көріп, маңдайына қарай жұдырық сілтеп үлгірдім. Сол кезде Тентектің інісі кереге басында ілулі тұрған мылтықты алып, атам деп дауға ол да араласып кетті. Сейтқали екеуміз орнымыздан қозғалмай отыра бердік. Абыржыған көпшіліктің айқай- шуы сәлден соң басылып, қайта орындарына отырып шай ішілді. Сәлден соң, шай ішіп болып жүруге жиналып, Сейтқали машинаны оталдырайын десе, машинаның жанармайын түгел сарқып құйып алған. Бәрі Тентектің ісі екені соның тапсыруымен істелгені анық. Жанармайды құй кетеміз деп айтсақ сендер жолда мені ұрасыңдар, сендермен бармаймын,-деп қисаяды. Сөзді қой, саған ешқайсымыз да тиіспейміз деп, уәде беріп көндіре алмадық.

Тентектің айтқанымызды түсінер түрі  жоқ, өз ісін жөн көріп бармаймын дейді. Амалсыз қайдан келе жатқанымызды, жол бойындағы кейкілжіннің туу себептерін айтуды ойладық. Оны көпшілік көзінше тағы да айтуға болмайды. Тентектің інісін сыртқа шығарып, оңаша айтуды ойладық. Інісін оңаша шығарып алып, қанша мал алып келе жатқанымызды айтып, соны бөлісу де реніштің болғанын айттық. Оның ергенін шыны керек мен қаламағанмын. Сейтқали қайда баратынын айтып қойған. Соны естігеннен кейін мен де барам деп жабысты. Сейтқалиға ренжіп, бекер айтқансың, оның не істейтінін алда көріп, сонда неге айтқанымды білерсің дедім де қойғанмын. Міне, енді көзі жетті, не істегенін көрді. Менің айтқаным осылай болатын, ерте сезген едім. Бәрі бірдей бөлінеді, олай реніш жасама деп едім. Ақыры осыған жетіп отыр, ағаңа не дейсің? Өзің айтып түсіндіріп, машинаның жанармайын құйып, бізді жолға салып жібер дегенді айттым.

-Анау ағаңа айт? Қойшы аға мен Қалымхан үшін де қиындық тудыруымыз мүмкін. Соны да білгені жөн.

— Сейтқали да сөзге араласып, мен барам деген көңілін қимай келісе салған едім.

-Сол ісімнің қате екенін енді сездім.

-Дос айтып еді, бекер айттың деп, бұлай болады деп ойламадым.

-Иә, айтқандарыңның бәрін түсіндім. Онымен мен өзім сөйлесіп көрейін. Айтқанға көнбесе, онда ол осында қалады. Олжасын  үйіне мен жеткізіп тастармын деді.

Осыны  айтқаннан кейін Тентектің інісі өзінше ренішін ағасына айтып, жанармайды қайта құйды. Ағасына ішпей- жемей еріп барып, жиырма жеті бас қой алғаның тақияңа тар соғып отыр ма? Сөзді қойып осы олжаңмен ұрыс-керіссіз аман жетуді ойла деп, ағасын көндіргендей болды. Түннің ортасында екінші бөлімшеге келіп Тентекті үйіне түсіріп, қойымен үйіне кіргіздік. Ол кезде электр жарығы сағат 24:00 ге дейін ғана жанатын. Біз барғанда жарық жоқ, үйдің ішінде Жамила әжемнің даусы естіледі. Әй, жынды Досты ренжіткенсіңғой ,-деп жатқан даусын естіп, қараңғы үйге бас сұғып, әже ренжіген жоқпын бәрі жақсы, аман-сау келдік деп, дыбыстадым. Әжемнің ерекше қасиеті мені жақсы көретін. Оның себебін  шешем, айтып түсіндірген болатын. Жамила әжең, әкең мен қатар Бейсенбай деген туысының жесірі болған. Мына Тентектің әкесінің әйелі қайтыс болып, күйзеліп жүргенде соған қосқан әкең болатын деп айтып еді. Өзім де сол жағынан да жақын тартады деп есептеймін. Жамилә әжем шыны керек шын жақсы көретін еді. Тентек алғашқы әйелін алам деп жүргенінде әжем көп қарсылық жасап, Қарақоғада жұмыс жасап жүрген кезім Ғаріпжанды бірнеше рет жіберіп, анаған қой деп айтсын, әжем жіберді деп,- жиі келіп жүрді. Осының өзінен әженің маған деген сенімі мен ықыласының қандай екені айқын сезілетін. Біраз жыл болды, әжем дүниеден өтіп кеткен соң, Тентектің үйіне бармайтын едім. Астанадан бір інім келіп, соны үйіне қонаққа шақырды, соның ықпалымен еріксіз баруыма тура келіп, сонда барып сөз сөйлеу реті маған келгенде, әжем жайлы айта бастағанымда Тентек жылауға ерік берген. Соны отырған қонақтың бірі байқап айтқан соң сөзімнің бағытын өзгерткен едім.

Жөн‑жобаны өзі біліп, ықылас етіп отырғанда бергенін тартынбай алыңдар деп Қойшы аға да өз жомарттығын танытты. Ақысыз, пұлсыз жиырма жеті бас қойды салып алуға өзіміз де ыңғайсыздандық. Келген ізімізбен кері кайттық. Шығысымен Тентек сөз қозғап, мұншалықты тегін олжаның әсері ме қалай бөлінетінін айтты. Біз екеуміз айтарын айтсын деп тындап отырмыз. Олжаның бес басын Сейтқалиға қалғанын екеуміз он бір бастан аламыз деп қарап отыр. Олай деудің реті бола қоймас. Аздап ақылға келіп, бәрі осы жүргізушінің еңбегі деп ойласақ, қалай болар еді деп айтып едім оған көнбей, өзімдікі жөн деген ойда болды. Сейтқали да үн жоқ, Тентек екеуміз бірімізді-біріміз түсінбей, оның ойы- өле жеу,менің ойым бөле жеуді айтып, Айырқұмнан шыға берістегі Сүйментай деген жердегі шөпшілер бригадасына келіп жеттік. Осыған жеткенше біраз сөз айтылды,түсінер түрі болмады. Шөпшілер шөп басынан жаңа келген болуы керек, шай дастарханына жаңа ғана отырғандары байқалады.

Осындай қарбалас жұмыс кезінде совхоз директоры М.Ержанов жұмыс ауыстырып кеткелі жатты. Оның өтінішпен кетуіне ауыл ішіндегі сөздердің әсері болғаны анық.

Қапеш ӘЛИҰЛЫ

(Жалғасы бар)

Фото: qazaquni.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалық қаласы, Аманкелді, Жанкелдин аудандарын дамытуға көп көңіл бөліп отырмыз — Құмар Ақсақалов

«Арқалықта самолет ұшады», «Торғайға газ келеді». «Арқалық институты университетке айналады». Бұл жағымды жаңалықтарды арқалықтықтар қалаға ...