ganibet

Қостанайлық 120 отбасы баспаналы болды

  Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған көп қабатты екі тұрғын үй ел игілігіне берілді. Жаңа үйлер №9  және «Әуежай» шағын аудандарында орналасқан деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нысандар жергілікті атқарушы органдар бағыты бойынша салынған. Пәтерлердің 50%-ын «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  салымшылары бөліссе, ал қалған 50%-ы әкімдікте үй кезегінде тұрған адамдарға ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов ауыл шаруашылығы мамандарын марапаттады

Қостанайда облыстың ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері өздерінің төл мерекелерін атап өтті. Салтанатты жиынға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, қала және аудан әкімдері, басқарма мен департаменттер басшылары, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері қатысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиында жыл қорытындысы туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов баяндама жасады. Ол үстіміздегі жылы өңір ауыл шаруашылығының жеткен ...

Толығырақ »

Балалар қуанышқа кенелген күн

Бала ойынмен өседі. Қалалық жерлерде бала ойнайтын алаң салу да қаржыға келетін іс. Еуразиялық топ (ERG) пен Қос­танай облысы әкімдігі арасында жасалған әлеуметтік маңызды жо­баларды іске асыру туралы ме­морандум шеңберінде Октябрь кенті­нің жас тұрғындары, сон­дай-ақ, осы кентте тұратын Еура­­зиялық топ құрамындағы «Қазақстан алюминийі» АҚ филиа­лы – Краснооктябрь боксит кен басқармасы кеншілерінің балаларына жаңа ойын алаңы жабдықталды. Жобаны іске асыруға 3 ...

Толығырақ »

«ҚЫЗЫЛКӨЗ» МЕНІ СОТҚА БЕРІПТІ

— Масқара болдым, зәрем зәр түбіне кетіп отыр… — Не болды соншалықты? — Айтары жоқ, құрыдым, біттім! — Ау, енді қалтырай бермей айтсаңшы не болғанын!? — Анау арыз-шағым жазумен атағы жер жарған «Қызылкөз» мені сотқа беріпті. — Астапыралла, не дейді! Немене, «бірдеңе» жеп қойып па едің? — Немді жеуші едім, жейтін не бар мен байғұста?.. Өткенде бір үлкен тойға мен ...

Толығырақ »

ҮКІМЕТ 100 ЖЫЛДЫҚҚА ТАРТУ ЕМЕС… ТАЖАЛ СЫЙЛАМАҚ ПА!?.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа АШЫҚ ХАТ Аса құрметті де қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Өзіңіз бастаған, елдің еңсесі мен рухын көтерген «Рухани жаңғыру» аясында Қазақстандағы қасиетті жерлерді анықтап, сол тарихи мекендерді қадірлеп, сақтау бойынша республика көлемінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сондай киелі өңірдің бірі – тарихы терең Торғай даласы. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның бастауында тұрған Алаш қозғалысына биыл 100 жыл толды. Әлем көз тіккен ...

Толығырақ »

Татарстанмен іскерлік байланыс нығаймақ

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған делегация Татарстан Республикасына іссапармен барды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қостанайлықтар бірнеше министрлік, ведомстволар мен ұйымдар басшыларымен кездесулер өткізді. Татарстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Рустам Нигматуллин өз сөзінде елдің Қостанай облысымен әріптестік байланысына тоқталды. Өз кезегінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиев өңірдің экономикалық көрсеткіштерінің өсімі, инвестициялық әлеуеті туралы айтты. ...

Толығырақ »

Айнажан БУРБАЕВА, «Үздік педагог – 2017» байқауының жеңімпазы: Жаңашыл мұғалім – өз тәжірибесіндегі қателерін түсініп, білімін жетілдіре алатын тұлға

Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы ұстаздарды «Адамдық диқаншысы» деп бекерден-бекер атамаса керек. Шәкіртінің бойына білім нәрін сеуіп, адамгершілік дәнін егетін абзал жандарды қалай құрметтесек те артық емес. Ұстаз бала жанының бағбаны әспетті. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балапандарды өзіне баурап алып, мейірімі мен шапағатын күн шуағындай төге жүріп, өз уақытын аямай, шәкіртін бақытқа жеткізеді. Ол тек шәкіртін ғана емес, ұлтын, күллі ...

Толығырақ »

Ресей неге өз жерінде полигон жасамайды?!

Торғайда ашылатын полигон торғайлықтардың ғана емес, жалпы қазақстандықтардың жан жарасына айналатын түрі бар. Кешеге ғана емес пе Семей полигонын жапқанымыз. Әлі де оның зардабы шексіз. «Байқоңыр» ғарыш айлағының да Қызылорда еліне көршілес облыстар экологиясына жағымсыз әсер тигізіп жатқаны шындық. Осы арада бірнеше сұрақ туады. Біріншіден, Президент мороторий жариялады, енді неге жер беру керек?! Әлде бұрын беріліп қойған жер ме?.. Екіншіден, ...

Толығырақ »

Торғай жерін зымыран қалдықтарымен толтырмақ немесе Мұхамбетовтің мұнысы несі?..

Күні кеше Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, ғарышкер Айдын Айымбетов Жанкелдин ауданының орталығы Торғай селосына келіп, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «СОЮЗ-2» ғарыштық мақсаттағы зымыранды ұшырудың еліміздің қоршаған ортасына әсерін бағалауға арнап жиын өткізгенінен көзіқарақты оқырман хабардар.  Өкінішке қарай, сол жиында Жанкелдин ауданы аумағынан, нақтырақ айтсақ, Шөптікөл мекенінен зымыран қалдықтарын құлату үшін 76 мың ...

Толығырақ »

ҚАРУЫН ТАСТАМАҒАН ҚАҺАРМАН

…Ел жадынан әлі өше қоймаған, құпиясы мен күмәні көп өткен ғасырдың маңызды оқиғаларының бірі – Торғай жеріндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен Алаш қозғалысына қатысты мәселе. Әлі күнге дейін Торғай елінің халқы көтерілістің басталуы, патша әскерлерімен бірнеше рет жан алып, жан беріскен шайқастар ғана емес, Амангелдінің өлімі, Кейкінің шырғалаңға толы тағдыры мен қазасы, Әлібиге қатысты қайшылықты пікір, Әбдіғапардың өлімі, Торғайда ...

Толығырақ »