(Дін жолында қуғын көріп, мехнат шеккен молда Аймұхаммедтің (Аймағанбет) рухына арналады) Күн зулап, жылдар сырғып, ауса ғасыр Тарихқа айналады қаншама сыр. Бағасы кеміп, бірақ, құнын жоймас Уақыттың түнегінде қалса да асыл. Жырласам асып туған асылдарды… Рухы самғар келер ғасырларда. Қасқайып қарсы тұрып заманына Емендей иілмеген хас ұлдарды. Замана шашса-дағы зәһарын мың, Жігерін мұқалта алмас баталы ұлдың. …Атағы ...
Толығырақ »ganibet
«Қолмен жұмыс жасайтындардың олимпиадасы» немесе қазақ балалары арасынан әйдік аспаз шықса, айып па?
Кеше елордадағы Оқушылар сарайында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен World Skills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының ашылу салтанаты болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында техникалық мамандықтардың әлеуетін арттыру және жалпы ұлттық еңбек қоғамын қалыптастыруға қатысты берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қолға алынған шараның өз ерекшелігімен есте қалатыны анық. Еліміздің 16 аймағынан елорда төріне жиналған 140 байғау қатысушысы чемпионатта ...
Толығырақ »Қара шелек
(әңгіме) Әңгіме қара шелектен басталды. Айшаның атасының басындай сақтап жүрген шелегі ғой. Үшінші жыл болып барады, Айша шелексіз қалып, шелек сұраймын деп абысын-ажынға жексұрын көрініп, ақырында Бірмағамбетті бүріп, Кәстенкенің дүкенінен алдырған шелек еді. – Шелек-шелек деп ішкен асымды кере ғып болып едің, сенен қорыққаннан темекі алатын ақшама шелек алдым, — деп Бірмағамбет Айшаның қолына шелекті ұстатқанда бұлдап нығыздап ұстатқан. Бірмағамбет ...
Толығырақ »Өзағаңның өнегесі
Егер тірі болса еліне еңбегі сіңген елеулі тұлға Өзбекәлі Жәнібеков бұл күндері 85 жасқа толар еді. Үкімет үкілеп атап өтерліктей дөңгелек дата емес екенін білеміз. Әйтсе де асылын ардақтай білер әлеумет әулиедей әспеттеген аяулы ағамыздың көзі тірісіндегі көшелі істерін жадымызда қайта бір жаңғыртуды жөн көрген жайымыз бар. Өресі биік Өзағаң кешегі қылышынан қан тамған кеңестік кезеңнің өзінде ұлтқа қызмет етудің ...
Толығырақ »Тобыл-Торғай Торсаны
Өзін әлі сергек сезінетін Торсан ақсақал күнделікті ақпаратты қалт жібермейді. Ғұмыр бойы шаруашылық ұйымдастырушы болған соң ба, еліміздің экономикалық саясатын, әсіресе, ауыл шаруашылығындағы өзгерістерді ерекше қадағалап отырады. Ауыл шаруашылығында біржақты жүргізілген істен көштің жүгі ауып қалатынын бүгін осы саланың басы-қасында жүргендер білсе екен деп отырады. Егінмен қатар, мал шаруашылығын дамытуға көңіл бөлінуі тиіс. Мал мен егін бірін бірі толықтырып отырады, ...
Толығырақ »«Мен өлгеннен кейін күтіңдер, балалар…»
(Әліби Жангелдин туралы естелік) Атақты Қобланды батырдың Тоқтар атты баласынан туған бестаңбалы Қыпшақ – Бұлтың, Көлденең, Торы, Ұзын, Қарабалықтың анасы айтыпты деген мынадай аңыз бар: Бұлтың бітті бойыма – бейшаралық кірді ойыма. Көлденең бітті бойыма – ұрлық кірді ойыма. Торы бітті бойыма – зорлық кірді ойыма. Ұзын бітті бойыма – билік кірді ойыма. Қарабалық бітті бойыма – байсалдылық кірді ...
Толығырақ »Қазақ тілінің ұлттық корпусын құру керек пе?
Қазақ тілінің ұлттық корпусы — белгілі бір тілдегі мәтіндердің электронды нұсқада жинақтап, толықтырып отыруға бағытталған тілдің ақпараттық-анықтамалық ашық жүйесі. Жай ғана мәтін базасы емес, белгіленім қойылған базасы, яғни миллиондаған сөзқолданыстан тұратын электрондық мәтіндер базасындағы кез келген сөз өз «паспортын» алады, оның лексикалық мағынасы, грамматикалық белгілері, аудармасы, этимологиясы, мәдени семантикасы түгел көрсетіледі. Демек, Корпус тілтанушылар мен it-мамандар бірлесе отырып қана жүзеге асырыла ...
Толығырақ »Қостанайдағы «қара таңба» қашанғы тұрмақ?!
Биыл Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толды, ол ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтілмек. Демек, әлемдік қоғамдастық тарапынан да еңбегі мойындалған тұлға. Әлихан Бөкейхановқа арналған ғылыми-практикалық конференция Қостанайда да өтті. Онда әлихантанушы ғалымдар Қостанай қаласындағы орталық көшелердің бірін Әлиханның атына беруді ұсынды. Біртуар қайраткерге арналған ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылардың ұсынысы – ұсыныс-ақ. Тіпті, алдымен орталықтағы тарихи ғимараттардың бірінің қабырғасына Әлихан Бөкейхановтың ...
Толығырақ »Сабыржан ШҮКІРҰЛЫ: Жайсаңбек салған жол жалғаса береді…
Сабыржан Шүкірұлы 1939 жылы 12 тамызда Қостанай облысының Әулиекөл ауданында дүниеге келген. Қаламгерлік еңбек жолын осы облыстың Жангелдин аудандық «Социалистік ауыл», кейін «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» (бүгінгі «Біздің Торғай») газеттерінде әдеби қызметкер, аудармашы, бөлім меңгерушісі болып бастаған. Комсомол, партия қызметтерінде болған. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1974-1991 жылдары «Социалистік Қазақстан» (бүгінгі «Егемен Қазақстан») газетінің Торғай облысындағы ...
Толығырақ »Арманға бай ғұмыр
(Мейрамбек Төлепберген мен Мылтықбай Ысмағұл) Эссе «Торғайдан хабарласып тұрмын!» деген таныс дауыс естілгенде, қуанып қалатын едік… Әсте, Алматыға алғаш барған адамның бойында арманшыл қасиет оянып, бір тылсым күштің әсері ме екен, бұдан былай тек жақсы өмір сүргісі келетін құдірет пайда болады. Табиғаты ерекше әсем, келбеті ғажайып қаланың құшағы бар қазақ баласы үшін ашық әрі ыстық болуы да бозбалалар мен бойжеткендерді ...
Толығырақ »