Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аппарат мәжілісінде аудан әкімдеріне ескерту жасады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 2019 жылы Қостанай облысының екі ауданында өндіріс көлемі азайған. Әсіресе, Денисов және Науырзым аудандарының көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Өнім өндіру көлемі мен инвестиция тарту қарқыны кеміген. Алайда нәтижелері төмен өңірдің басшылары мұның өзіндік себептерін айтты. «Егіннің шықпай қалуының кесірінен жоспарымыз жүзеге асқан жоқ. Былтыр ...
Толығырақ »ganibet
«Көлікті тіркеуге қарсы емеспіз, тек шығыны көп»
«Жолда қабылдау» республикалық акциясы барысында Қостанай полицейлеріне 200-ден астам сұрақ қойылды. Тұрғындарды қызықтырған өзекті мәселе — шетелдік есепте тұрған көлікті тіркеу болды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесуге қатысқан азаматтардың сұрақтарына Қостанай облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нығмет Исмағұлов пен Nur Otan партиясы Қостанай филиалы төрағасының орынбасары Эльдар Күзенбаев жауап берді. Сұрақтардың дені шетелдік есепте тұрған көлікті тіркеу мәселесіне қатысты ...
Толығырақ »Президент қаскөйдің қолынан қаза тапқан полицейді «Айбын» орденімен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару үстінде көз жұмған полицей Дархан Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды деп хабарлайды Ақорда. «Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейі Дархан Серікұлы Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)»,- делінген Жарлық мәтінінде. Еске салсақ, Дархан Базарбаев 19 қаңтар ...
Толығырақ »Қостанайлық полицей қызметін атқару кезінде қаскөйдің қолынан қаза тапты
Қостанайлық полицей Дархан Базарбаев қызметін атқару кезінде мерт болды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Кеше «102» пультіне Тобыл қаласының тұрғыны хабарласып, Комсомольский көшесіндегі үйде отбасылық жанжал туындағанын айтқан. «Патрульдік полицейлер Дархан Базарбаев пен Амангелді Сыздықов оқиға орнына 6 минуттан соң жетті. Тәртіп сақшылары 28 жастағы үй иесінің өзінің отбасын пышақтап өлтірмек болғанын анықтады. Отбасы мүшелері ол пышақ ...
Толығырақ »Ұшақ апатынан қаза тапқан жігітті ауылдастары еске алды
Өткен жылдың соңында қалың қазақтың қабырғасын қайыстырған оқиға болып, «Bek Air» компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаны белгілі. Апат салдарынан 12 адам қаза тауып, 47 адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенді. Осы ұшақта Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылының тумасы Абай Нұрбековтің де отбасы болды. Өкінішке қарай, отағасы туған күніне бір апта қалғанда айтып келмейтін апаттан қаза тапты. Соңғы жылдары Алматыдағы ...
Толығырақ »Боран салдарынан Қостанай облысының бірнеше ауданы жарықсыз қалды
Қостанай облысының екі ауданы мен бір қаласында жарық өшіп қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады. Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, 16-17 қаңтар күндері Арқалық қаласы, Амангелді және Қамысты аудандарында жарық жүйесі өшіп қалған. «Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты желдің екпіні 30 м / с-қа дейін жетіп, боран соғып тұр. Соның салдарынан кей өңірде сым желілері қысқа ...
Толығырақ »Футболдан Қазақстан суперкубогы Қостанайда өтеді
Футболдан Қазақстан суперкубогы Қостанай қаласында өткізіледі деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Естеріңізге сала кетелік, биылғы футбол маусымы 29 ақпанда өтетін суперкубок ойынымен басталады. Бұл бәсекеде былтыр чемпион атанған елордалық «Астана» мен Қазақстан кубогына қол жеткізген Қызылорданың «Қайсар» командалары кездеседі. Матч Қостанай қаласындағы «Тобыл Арена» манежінде өтеді. Сондай-ақ 2020 жылғы Премьер-лига командалары арасындағы ойын күнтізбесі жасалды. Алғашқы тур 7 наурызда өткізіледі. Бұл ...
Толығырақ »Қостанай облысына биыл 1700-ге жуық адам қоныс аударады
Биыл Қостанай облысына 1700-ге жуық адам көшіп келеді. Олармен әлеуметтік келісімшарттар жасалады деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл Қостанай облысында еңбек ресурстарын оңтайландыруды көздейтін өңірлік квотаға 1651 адам іліккен. Оның ішінде 1 мыңнан астамы қоныс аударушы, «Серпін» әлеуметтік бағдарламасының 36 түлегі және шет елден оралған 350 қандасымыз бар. «Қостанайға қоныс аударушылардың дені ...
Толығырақ »Қостанай облысында көктайғақ болады
Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» өкілдері хабарлады. «17 қаңтарда Қостанай облысында бұрқасын күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, тұман, таңертең және күндіз күшті қар жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 23-28 м/с. Ал Қостанай қаласында 17 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел тұрып, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал» делінген хабарламада.
Толығырақ »Биыл Қостанай облысында 16 мың жұмыс орны ашылады
Биыл Қостанай облысында «Еңбек» бағдарламасына бөлінетін қаржы көлемі өсті. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова баяндап берді деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz. 2020 жылы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде шағын несие беруге бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 8,4 млрд теңгені құрайды. Барлығы 526 жобаға қолдау көрсетіледі. Бұл жоспарды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен. «Өңірде ...
Толығырақ »