Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс әкімдігі Білім басқармасының «Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК директоры А.С. Оспановқа қатысты колледж оқытушыларының еңбекақысына қосымша ставкаларды негізсіз есептеу жолымен бюджет қаржысын жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүргізді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. — 6 қаңтарда Арқалық қалалық сотының үкімімен Оспанов А.С. бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп ...
Толығырақ »ganibet
Президент Әкімшілігі мемлекеттік жәрдемақының көлемін атады
Президент Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram парақшасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген әлеуметтік саладағы кейбір өзгерістерді түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларының лауераттарына, «Батыр ана» атағын алғандарға, І, ІІ-дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға төленетін айсайынғы мемлекеттік жәрдемақының көлемі табысқа қарамастан 16 973 теңгені құрайды. Мүгедек баланы кәмелет жасына толғанға дейін тәрбиелейтін анаға ...
Толығырақ »Қостанайда бір жылда 20 мың автокөлік құрастырылды
Қостанайда өткен жылы 20 мың автокөлік құрастырылса, оның дені экспортқа шығарылыпты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімінің баспасөз хатшысы Саят Жүсіпов айтып берген. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС жыл сайын өндіріс көлемдерін ұлғайтып жатқан көрінеді. «2019 жылы 20 мың автомобиль құрастырылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе артық. 2018 жылғы 10 айда 9 321 бірлік шығарылған. Кәсіпорын биыл 25 мың автомобиль құрастыруға ниетті. ...
Толығырақ »Ертең Қостанай облысында жаяу бұрқасын болуы мүмкін — «Қазгидромет»
4 қаңтарда, яғни ертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі «Қазгидромет» өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды. Қостанай қаласында 4 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдығы — 90-95%.
Толығырақ »Бүгіннен бастап Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар көлемі өзгереді
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар көлемі өзгереді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, жалпы мүгедектік бойынша әлеуметтік төлем топқа байланысты 32 431-59 872 теңге аралығында төленеді. Төрт немесе одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған және күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы табыс көлемінен тыс беріледі: төрт бала үшін — 42 496 теңге, ...
Толығырақ »Елімізде несиелер тағы да кешіріледі
Елімізде 57 мыңға жуық азаматтың несиесін жабуға мемлекет көмектесуі мүмкін. Бұл мақсатқа, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, 9,4 млрд теңге сұралып отыр. Бұл туралы sknews.kz хабарлады. «Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 5 санаттағы әлеуметтік осал топқа несие жеңілдігі жасалды. Бұл — бірреттік акция. Дегенмен, науқан ресми нормативтік-құқықтық құжаттар тұрғысында 5 қыркүйек аяқталғанымен, көптеген азамат бізге хабарласып ...
Толығырақ »Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының сөзінің мәтінін жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Қымбатты отандастар! Аз ғана уақыттан кейін Жаңа 2020 жыл табалдырығымыздан аттайды. Бұл – баршамызға жайдары көңіл-күй мен зор үміт әкелетін айрықша сәт. Тарихымыздың төрінде екі жылдың тоғысқан сәтінде айтылатын ақ тілектің орны бөлек. Әрбір азамат, әрбір ...
Толығырақ »Қостанай облысында бюджеттік ұйымдар үшін ауызсу бағасы қымбаттайды
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап су тарифі тек бюджеттік ұйымдар үшін ғана қымбаттайды. Бұл туралы «Қостанай-Су» коммуналдық кәсіпорнының директоры Еркебұлан Файзуллаев мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат. Кәсіпорын директорының айтуынша, тұрғын үй секторлары үшін жаңа жылдан бастап суық су тарифі көтерілмейді. «Біздің кәсіпорын халықтың әлеуметтік тұрақтылығын нығайту бойынша біршама жұмыс атқарды. Бір жағынан тұтынушылар берешегі азайып, қаржыны игеру көрсеткіші артты. Сонымен қатар ...
Толығырақ »WhatsApp топтық чаттарға жаңа функция енгізді
iOS және Android жүйесіндегі WhatsApp мессенджерінің соңғы бета-нұсқасында өздігінен жойылатын функция пайда болды деп хабарлайды WABetaInfo. Жаңа функция тек топтық чаттарға арналған. Онда хабарламаны белгілі бір уақыт ішінде көрсетуге болады. Яғни сіз белгілеген уақыттан (сағат, күн, апта, жыл) соң, хабарлама өздігінен өшіп кетеді. Осылайша, хабарлама жойылып, телефоныңыздың жады біршама жеңілдей түседі. Автоматты тазалауды группаның баптауларында қосуа аласыз. Бұл мүмкіндікті топ әкімшісі ғана ...
Толығырақ »Cейфуллин, Майлин және Жансүгіров бейнеленген монеталар пайда болды
Ұлттық банк номиналы 500 теңгелік «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясынан Á.Qasteev Búrkitshi коллекциялық монеталарын және номиналы 100 теңгелік «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан I. Jansúgirov. 125 jyl, S. Seifýllin. 125 jyl, B. Mailin. 125 jyl6, T. Rysqulov. 125 jyl коллекциялық монеталарын айналымқа шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, монеталар түрлі түсті басу ...
Толығырақ »