Тасжарған

«Куттыалап — ужасное название…»

немесе Қостанай облыстық Ішкі саясат басқармасы кімнің мүддесін көздеп отыр? «Өзің білме, білгеннің тілін алма!» Бұл қалмақ қарғысы деседі, расында бүгін бір жайт осы мақалды еске түсірді. Біздің Тобыл-Торғай өңірі құстың қос қанатындай өлке ғой, облыстың жартысын Торғай өңірі алып жатса, қалған жартысын Тобыл аймағы құрайды. Алайда, Торғай өлкесінде облыс халқының 10 проценті ғана тұрады. Енді ол туралы айтпай-ақ қояйын, ...

Толығырақ »

Мұхамбетов Тәуелсіздік күнін тәрк етіп отыр ма?

  «Атың шықпаса, жер өрте» деген сүйкімсіздеу сөзді бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке қарата айтудың реті келіп отыр… Қазақ халқы Тәуелсіздік күні мерекесін асыға күтіп жүргенде, Мұхамбетов дәл 16 желтоқсан күні Қостанайдың қақ ортасына биіктігі 22 метр болатын жаңажылдық шырша тікпекші. «Қостанай қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қарлығаш Мадиярованың айтуынша, басты шырша 600 жарықдиодты пиксельдермен безендіріледі» ...

Толығырақ »

Болшы бекем, Торғайым!

Құт мекенім айықпастай қайғы алды. көрді қауым басынан бақ тайғанды. Бөкендердің жайылымы болған жер, Бөтендердің қоқысына айналды. Ұлыларым ұлықтаған бұрынғы, Қарт Торғайдың халі нашар бүгінгі. Баға жетпес анамдай ең ардақты, Нақ цифрмен белгілепті құныңды. Алған қаржы қай жыртықты жамасын, Жан жарасын қай дәкемен таңарсың. Жер-ана деп жар салуда адамзат, Жалға берген жан бар ма екен анасын. Халық кетсе дала боздар ...

Толығырақ »

Рудныйдың мәслихат депутаты жеңгетайлықпен айналысқан ба?!

Рудныйда жас қыздарға қалталы азаматтар мен қомақты табыс табатын жұмыс тауып беріп, жеңгетайлықпен айналысқан қалалық мәслихат депутатының үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі today.kz сайтына сілтеме жасап. Жыл басынан бері Рудный аумағында «жеңгетайлық» бабы бойынша 3 факті тіркелген. Солардың бірінде танымал тұлға әрі шенеунік Юлия Каралаш бар. Мәслихатта ол жастар саясаты мен экология комиссиясының құрамына кірген. Депутаттың жеке ...

Толығырақ »

Торғайлықтар полигонға түбегейлі қарсы!

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мырзаға ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мырзаға   Торғай елі халқы атынан Наразылық арыз Құрметті азаматтар! Қазір Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Үкіметке, яғни Сіздерге бар билікті берді. Сондықтан ол кісіге арызданбас бұрын осы бір шұғыл шаруамызды алдымен Сіздерге жолдап отырмыз! Біз бұл арызды қазақтың қара шаңырақтарының бірегейі, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсаринның, ұлт ұстазы ...

Толығырақ »

«СКАТ» әуе компаниясының әлегі!

Бүгінгі күнге дейін қай жаққа ұшсам да Астана әуежайынан тікелей ұшатын едім. Осы жолы әртүрлі себептерге байланысты Грузия астанасы Тбилисиге билетті 20 ақпан күні онлайн тәртібімен «СКАТ» әуе компаниясының сайтынан сатып алдым. Бәрі дұрыс, сайт мақұлдап, кәртішкемнен қаражатты сыпырып алды. Яғни, Астана — Ақтау — Тбилиси — Ақтау — Астана бағытына ақшамды төлеп, билетті қалтаға салып қойдым. Сонымен, жоспарлаған уақыт ...

Толығырақ »

Қостанайдағы «Қазақстан» кинотеатры қазақ тілін менсінбей ме?!

Қостанайдағы «Қазақстан» кинотеатрының анықтама бөліміне қазақша сұрап хабарласқанымда «говорите по руский» деген бұйрық райдағы жауап қатылды. Қазақша жауап беруді талап еткенде тұтқаның тарс еткен дыбысын естідік. Бұл деген қазақ тілін менсінбеу, ашық басыну! Ашуға булығып, интернет афишасындағы орысша кестеден іздеген киномызды таппағасын атына заты сай емес кинотеатрға бармадық. Елу теңгелеріңізді қисаңыздар, барлығыңыз «Қазақстан» кинотеатрына қоңырау шалып, қазақша сауалды қардай боратайық. ...

Толығырақ »

Бойжеткеннің өліміне «бір жапырақ қағаз» себеп болды ма?!

Осыдан біршама уақыт бұрын Қостанай облысы Константиновка ауылының 22 жасар тұрғыны — Айгүл Құсайынова есімді мұғалім қыздың дәрігерлердің немқұрайлылығынан қайтыс болғаны туралы хабар тарап, тіпті, оның өлер алдындағы хаты әлеуметтік желіде пайда болған еді. Айгүлдің  ата-анасы оның өмірден ерте кетіп қалуына «медициналық көмек тіркелген жерде ғана көрсетіледі» деген ереженің себеп болғанын алға тартады. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Астана» телеарнасына сілтеме ...

Толығырақ »

Қостанайдағы «қара таңба» қашанғы тұрмақ?!

Биыл Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толды, ол ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтілмек. Демек, әлемдік қоғамдастық тарапынан да еңбегі мойындалған тұлға. Әлихан Бөкейхановқа арналған ғылыми-практикалық конференция Қостанайда да өтті. Онда әлихантанушы ғалымдар Қостанай қаласындағы орталық көшелердің бірін Әлиханның атына беруді ұсынды. Біртуар қайраткерге арнал­ған ғылы­ми-практикалық кон­ференцияға қатысу­шылардың ұсынысы – ұсыныс-ақ. Тіпті, алдымен орталықтағы тарихи ғима­рат­тар­дың бірінің қабырғасына Әлихан Бөкей­хановтың ...

Толығырақ »

Астана құмарпаздар қаласына айналған ба?!

Бұлай деп бір ғана елорданы емес, еліміздің өзге де қалаларын айтуға болады. Бірақ біз көзбен көріп, қолмен ұстаған соң осындай ойға қалып отырмыз… Әйтпесе, бас қаланың кез келген сауда орындарынан, тіпті азық-түлік дүкендерінен «сары жәшікке» құдды балға үймелеген арадай төніп тұрған адамдарды, әсіресе, жастарды сіздің де күнде көретініңізге еш шүбәмыз жоқ. Бірақ кейбіріңіздің бұған аса мән бермеген болуларыңыз мүмкін-ау… Рас, ...

Толығырақ »