Tag Archives: Қостанай

«Қостанай-Екатеринбург» автобусы аударылып, 13 адам зардап шекті

Бүгін Ресейдің Челябі облысының Кунашак ауданында жолаушылар автобусы аударылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz Alau.kz сайтына сілтеме жасап. Екатеринбург қаласына баратын жолдың 85-шақырымында «Қостанай-Екатеринбург» автобусы аударылған. Челябі облысы бойынша Ішкі істер министрлігі бас басқармасының мәліметінше, жол апаты қардың көп жаууы салдарынан болған. Жүргізуші автобустың рөліне ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Салдарынан 13 жолаушы жарақат алған. Олар Челябі, Кунашак, Каслин аудандарындағы медициналық мекемеге жеткізілді. ...

Толығырақ »

Қостанайда жаңадан салынған аялдамалар құлап жатыр

Қостанай қаласында жуырда ғана салынған жаңа аялдамалардың бірі ауа райына төтеп бере алмай құлап қалған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Наш Костанай» сайтына сілтеме жасап.  Сайттың жазуынша, Қостанайдағы Станционный көшесінде отыз жыл бойы тұрған аялдамалар жақында жаңартылып, қар мен жаңбыр астында автобус күтетін жолаушылар қатты қуанған болатын. Бірақ тұрғындардың қуанышы көпке созылмаған. Аялдама салынған кезде қуанышымызда шек болмады. Өкінішке қарай, келесі күні жаңадан ...

Толығырақ »

Қостанайда науқас ет дүкендерінің біріне барып, салмағын өлшеуге мәжбүр болған

Қостанайда тұратын Никита Журавлев есімді науқас жігіт қаладағы ет дүкендерінің біріне барып, салмағын өлшеуге мәжбүр болған. Өйткені, Қостанай қаласының емханаларында салмағы ауыр адамдарды өлшейтін таразы болмай шыққан, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. Айта кетейік, Қостанай қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті 20 223 810 000 теңгені құрайды. Қостанай тұрғыны Никита Журавлев сирек кездесетін генетикалық ауруға, дәлірек айтсақ, Дюшен ...

Толығырақ »

Қостанайда ақын-ұстаз Ғалымбек Әбілқайырдың 80 жылдығына орай әдеби кеш өтті

Қостанайда әдеби апталық аясында Л. Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында қадірлі ұстаз, торғайлықтардың гимніне айналған «Туған жер – Торғайым» әнінің авторы, ақын Ғалымбек Әбілқайырды еске алу кеші өтті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz kostanaytany.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл іс-шараға сонау елорда төрінен ақынның ұлы, белгілі журналист, Астана әкімдігіне қарасты Elorda.info сайты бас редакторының орынбасары Ғанибет Ғалымбекұлы арнай шақыртылды. «Көңілімнің шуағы» атты кеште торғайлық ...

Толығырақ »

Рудныйда жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан топ ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан бір топ адамды анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс аумағында жалған валютаны кезекті рет сатуға әрекеттенген қылмыскерлер Рудный қаласында ұсталған. Ұстау кезінде оларда жалған шетел валютасы бар екені анықталды. Қылмысқа қатысушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ірі ...

Толығырақ »

«Мұғалімдерді итше жұмсайды»: қостанайлық мектеп қызметкері әкімдіктің тапсырмасына шағымданды (ВИДЕО)

Қостанай облысының әкімдігі мектеп жұмысшыларының күшімен жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетті. Бұл туралы мектеп қызметкерінің әлеуметтік желіге жүктеген видеосынан белгілі болды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.   Видео авторы қалалық білім басқарасының мектеп жұмысшыларын жүк тасуға жегіп қойғанын айтып, наразылығын білдірді. Бізді қазір қалалық білім басқармасы шақырып алды. Бізді қоймаға әкеліп, «бұл облыс әкімінің тапсырмасы» дейді. Түсініп жатырсыздар ғой, Қазақстанда мұғалімдерді, ...

Толығырақ »

Қостанай көшесінде өлең оқитын жас ақын полицейлер тыныштық бермейтінін айтты

Қостанайда жас ақын Богдан Тургайский жергілікті полицейлердің үстінен шағым түсірген. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары оған көшеде өлең оқуға тыйым салыпты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.    Бұл туралы ол Тобол инфо сайтына берген сұхбатында айтқан. Жас ақын көшеде өзінің өлеңін оқып, жеке шығармашылығымен айналысады. Тіпті жыр жинағы да жарық көрген. Ол төл туындысын 1500 теңгеден сатады. Ал өлең оқығаны үшін тұрғындар ақша береді. ...

Толығырақ »

«Басыңды унитазға жарамын»: Қостанайда оқушыны қорқытқан мектеп директоры сөгіспен құтылды (АУДИО)

Қостанай облысында Мичурин мектебінде мектеп директоры оқушыны дәретхана унитазына басын жарамын деп қорқытқан, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Тобол Инфо» басылымына сілтеме жасап. Дегенмен мектепте ата-аналар жиналысы өтіп, директор әрекеті үшін кешірім сұраған. Тараптар татуласып, директор тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс алған. Мичурин атындағы мектеп директоры Айнаш Даданованың сөзі жазылып қалған жазбаны оқушы желіге жариялап жіберген. Онда директор мектепте 36 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, «оқушылармен қарым-қатынас жасауды ...

Толығырақ »

Қостанайда сарбаз әскерге шақырған комиссариатты сотқа берді

Қостанай облыстық мамандандырылыған ауданаралық әкімшілік соты 2022 жылғы 24 мамырда Қостанай облысының Қорғаныс істері департаментіне қатысты әскери қызметке жіберу туралы бұйрықпен келіспеген Н. есімді азаматтың арызы бойынша әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Әскери есепте тұрған мерзімді әскери қызметші 2021 жылдың желтоқсан айында медициналық комиссиядан өту кезінде «Аш ішек түйінінің эрозиялық деформациясы. Асқынған ойық жара» диагнозы бар екенін хабарлап, сәйкес ...

Толығырақ »

Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінің жарылу себебі белгілі болды

Бас прокуратура биыл 3 қыркүйекте Қостанай қаласында болған «Оружейная палата» дүкеніндегі жарылыс және өрт фактісін тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Өрт салдарынан 11 адам зардап шекті. Оның 4-еуі қайтыс болды. Олардың барлығы дүкеннің жұмыскерлері еді. Жарылыстан көршілес орналасқан коммерциялық нысандар мен тұрғын үйлер де зақымданды. Тергеу анықтағандай, дүкеннің басшысы оқ-дәрі өткізуге рұқсаты болғандықтан, оқиға қарсаңында Қарағанды облысынан «Сокол» маркалы ...

Толығырақ »