Tag Archives: Қостанай

Қостанайда жас отбасыларды баспанамен қамтитын бағдарлама іске қосылды

Қостанайда «Жас шаңырақ» деп аталатын жаңа бағдарламаның тұсауы кесілді. Жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жөнінде келісімге облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен «Отбасы банк» басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова қол қойды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Жеңілдікпен жас отбасыларды тұрғын үймен қамту бағдарламасы пилоттық жоба ретінде облыс орталығы — Қостанайда енгізіліп отыр. Кейін өңірдегі барлық аудан, қалалар қосылады. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар, медицина, ...

Толығырақ »

Қостанай облысының барлық мектебі бес күндік форматта оқиды

Қостанай облысының мектептері оқу жылын бес күндік форматта бастайтын болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қостанай облысында өңірдегі барлық 457 мектеп бес күндік форматта оқиды. Онда 112 мың бала білім алады. Сонымен қатар өңірдегі 14 мыңға жуық мұғалім сенбі күні демалады. Бұл Оқу-ағарту министрлігінің оқу жүктемесін азайту, оқу жылын созу және оқу жүктемесін біркелкі қайта бөлу туралы шешімдерінің арқасында мүмкін болды. ...

Толығырақ »

Қостанайлық мүгедек азаматты Шымкентте қайыр сұрауға мәжбүрлеген

Шымкентте екінші топтағы мүгедектігі бар қостанайлық азамат  қайыр сұрауға мәжбүр болған. Еріктілер оны бір күн бұрын полицейлердің көмегімен құтқарып қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz inbusiness.kz порталына сілтеме жасап. Қостанайда 18 маусымда Алтынсарин-Шевченко қиылысына жақын жерде 66 жастағы Владимир Волк жоғалып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, оны екі әйел көлікке отырғызған. Shymkent_lider.kz еріктілерінің айтуынша, оны Шымкентке әкеліп, қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Оқиға куәгерлері еріктілерге «Жоғарғы базар» ауданында осындай мүгедектер ...

Толығырақ »

Қостанайда мекемеде намаз оқығандар жауапқа тартылды

Қостанай тұрғыны тарауық намазын заңсыз өткізгені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Оқиға биыл 27 сәуірде болған. «А» есімді азаматтың жетекшілігімен Қостанай қаласы, Съянов көшесі, 29-үй мекен-жайында орналасқан «Қостанай қайырымдылық» мекемесінің ғимаратында тарауық намазы өткізілген. Осылайша, ҚР заңнамасында дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге белгіленген талаптарды бұзған. Нақтырақ айтқанда, «Қостанай қайырымдылық» мекемесінің өкілі оған келушілер мен Қостанай өңірлік университеті ...

Толығырақ »

«Бұл – жаңалық емес»: Қостанай көшелерін жаңбыр суы басып қалды

4 шілдеде Қостанайда толассыз жаңбыр жауып, салдарынан көшелерді су басты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Әлеуметтік желіде көліктер мен автобустардың Гагарин көпірінің астындағы су басқан жолмен жүріп жатқан видеосы пайда болды. Қостанай облысның ТЖД мәліметінше, коммуналдық қызмет жағдайды қалпына келтіріп, қазір азаматтарға ешқандай қауіп жоқ. «Құбырлар бітеліп қалды. Коммуналдық қызмет шығып, құдықтар ашылды, судың бәрі кетті. Азаматтарға қауіп төніп тұрған жоқ, 101, ...

Толығырақ »

Қостанайда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіліп жатыр (ФОТО)

Бүгін Қостанай қаласының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіліп жатыр, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Іс-шараның мақсаты — жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет ету және терроризм актісінің салдарын жою мен азайту бойынша міндеттерді орындауына дайындығын тексеру. Азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтап, сабырлық танытуға шақырамыз. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген хабарламада.

Толығырақ »

Қостанай облысында оқушылар шіркеуде білім алып жүр (ВИДЕО)

Қостанай облысына қарасты Жуков ауылының балалары патша заманынан қалған шіркеуге күнде баруға мәжбүр, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап. Бұл ретте оқушылар шіркеуге діни жоралғылар жасауға емес, заманауи білім алу үшін барып жүр. Себебі мектеп тұрғызылғанына 200 жылға жуықтаған шіркеуге жапсарласа салынған. Қазір ол апатты жағдайда тұр. фото: видеодан скриншот

Толығырақ »

«Үй алып беремін»: Қостанай тұрғыны жалғызбасты әйелдерді төрт миллион теңгеге алдап кеткен

Қостанайлық ер адам жалғызбасты әйелдерді алдап, төрт миллион теңге қаражаттарын алып кеткен. Жігіт өзінің құрбандарын танысу сайттарынан іздеген. Төрт әйел алаяқтың құрығына түсті, деп хабарлайды tobyl-torfai.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.   Полицейлердің айтуынша, күдікті ажырасқан әйелдермен сайттарда танысқан. Ол сезім білдіріп, артынша арзан бағада пәсер алуға көмектесемін деп алдаған. Әйелдер арзан пәтер алуға тез келіскен. Ер адам кездесу ұйымдастырып, сатып алушыға құжаттарды беріп, аванстық төлем жасау ...

Толығырақ »

Қостанайда 300 жүк көлігінің жүргізушісі жұмыссыз қалды

Қостанай облысында тапсырыстың болмауынан бір топ жүк көлігінің жүргізушісі жұмысынан айырылды. Бұл туралы Қазақстанның жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Қанат Ибраев мәлім етті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.  Біздің саланың жұмысына алдымен пандемия әсерін тигізді. Оның салдарынан жиһаз материалдарының бағасы өсті. Сәйкесінше, жиһаз жасау, сату бәсекесі күрт азайды. Биыл сала қызметіне 2 жағдай әсер етті. Алдымен қаңтардағы ...

Толығырақ »