Tag Archives: Қостанай

Қостанайда жұқпалы тері ауруларының тарауы өршіп тұр

Қостанай облысында тері-жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз деп бағаланады. Биылғы сегіз айда өңірде 51 адам дерматомикозбен ауырған, былтыр осыған ұқсас кезеңде 10 жағдай болған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл инфекциямен көп жағдайда балалар мен жасөспірімдер ауырады. Науқастар арасында 88,2 пайызы – қала халқы. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәлімдеуінше, дерматомикоз (микроспория, трихофитоз) – саңырауқұлақ сипатындағы жұқпалы ауру, онда тері мен шаш, сирек ...

Толығырақ »

Қостанайда бір апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі өзеннен табылды

Қостанай қаласында бір апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Белгілі болғандай, қала тұрғыны 22 қыркүйекте полицияға арызданып, әйелінің жоғалып кеткені туралы айтқан. 29 қыркүйек күні таңғы сағат 8:25-те Үлкен көпір маңында әйел адамның денесі жатуы мүмкін деген хабар түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы марқұмның 22 қыркүйекте жоғалып кеткен Қуаныш Бермұхамбетова екенін анықтады, — делінген ...

Толығырақ »

Ресейлікке жалдамалы пәтер тауып беремін деген ер адам одан 450 мың теңгесін қағып алған

Ресейдегі мобилизация кезінде Қостанайға қашып келген ресейлік жас жігіт алданып қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Жалдамалы пәтерге қатысты қазіргі жағдайды жақсы пайдаланған алаяқтар ресейлік жігіттің 450 мың теңгесін қағып алған. Бірақ жалға беретін пәтері мүлде жоқ болып шықты. Бір қызығы, жас жігіт көлік нөмірін сақтап алғандықтан, полицейлер жалған пәтер иесін тез тапқан, — делінген ...

Толығырақ »

Қостанай облысында мектептердің атаулары ауысып жатыр

Қостанай облысындағы мектептерге қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы мен Алаш Орда көшбасшыларының есімдері берілді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Келесі білім беру ұйымдарына бекітілсін: Абай атындағы Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 27 орта мектебі» КММ; Абай атындағы Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 3 мектеп-лицейі» КММ; Абай атындағы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ...

Толығырақ »

Қостанайлық тұрғындар аулада заңсыз салынып жатқан құрылысқа наразы

Қостанайда көпқабатты үйдің тұрғындары аулада салынып жатқан құрылысқа наразы. Себебі күнделікті тарсыл-тұрсылдан ескі баспанамыздың қабырғасы жарылып, іргетасы сөгіліп жатыр дейді.  Айтуларынша, құрылыс заңсыз жүргізілуде.  Сот шешімімен мердігер компанияға айыппұл салынған көрінеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Бірақ,  бұған да қарамастан, жұмысты тоқтатпай отыр дейді. Қаланың қақ ортасындағы бұл үйдің іргетасы осыдан 61 жыл бұрын қаланған. Содан бері көне ...

Толығырақ »

Қостанайда компания басшылығынан 100 млн теңге бопсалаған күдікті сотталды

Күдікті ЖШС бас директоры мен құрылтайшысынан келісілген соманың жартысын, яғни 50 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды, – делінген хабарламада. Күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.   Фото: ашық дереккөз

Толығырақ »

Қостанайлық тұрғын мектеп сөмкесінің ауырлығына шағымданды

Қостанайлық тұрғын қаладағы мектеп оқушыларының сөмкелерінің салмағы шамадан тыс ауыр екенін айтып, шағымданды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Qostanay.TV-ға сілтеме жасап. Қостанай қаласы тұрғынының сөзінше, 2-сыныпта оқитын баласының сөмкесінің салмағы 4 келіге жетеді. Менің балам 2 сыныпта оқиды. Бізде 5 сабақ болады және әр сабақтың өз оқулығы бар. Бұдан бөлек, міндетті түрде оқу құралдары мен кішкентай бөтелкедегі суды қосыңыз. Мұның барлығы оның сөмкесіне салмақ ...

Толығырақ »

«Бәрі де мүмкін»: Қошанов Қостанайдағы өрт әдейі ұйымдастырылды ма деген сұраққа жауап берді

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Мәжілістің кулуарында журналистердің бірі Қостанайдағы өрт қасақана ұйымдастырылғаны туралы әлеуметтік желіде қызу пікірталас жүріп жатқанын айтты. Мәжіліс төрағасы осыған қатысты өз пікірін білдірді. Бүгінде бәрі де мүмкін. Бірақ оның барлығына тергеу және  құқық қорғау органдары өз жауаптарын беруі керек. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. ...

Толығырақ »

Тоқаев ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz БОРТ N1 Telegram-арнасына сілтеме жасап. Сәлеметсіздер ме. Барлық өрт сөндіруші, барлық қызыл жалынмен күресушілер! Барлығыңыз төтенше жағдай уақытында танытқан ерліктеріңіз үшін марапатталасыздар. Барлығыңыз баспанамен және материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілесіздер. Ал қазір жұмысқа кірісейік, — деді Президент. фото: дереккөз

Толығырақ »

Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған жарылыстың ВИДЕОСЫ тарады

Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінің жарылған сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.   «Оружейная палата» аңшылық дүкенінде болған жарылыс сәті сол маңнан өтіп бара жатқан көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған. Еске салсақ, 3 қыркүйекте сағат 11:20-да қаладағы Н.Назарбаев даңғылы, 115 мекенжайында бір қабатты «Оружейная палата» аңшылық дүкенінің ғимаратынан шыққан өрттің соңы жарылысқа ұласқан болатын. Өрт жақын маңдағы ТЖО ғимаратының шатыры ...

Толығырақ »