Қостанайда өз кәсібін ашқан көп балалы аналар көбейген

Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Горянная бұқаралық ақпарат құралдары үшін өткізілген брифингте мәлімдеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. 

«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде берілетін шағын кредиттерге тоқталған ол, жыл басынан қыркүйек айына дейін облыста екінші деңгейлі банктерге 594 млн теңге тұратын 50 жоба ұсынылғанын айтты. Сондай-ақ 46 жоба қаржысын алып, бүгінде жұмыс істей бастаған.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бағдарламаны жүзеге асырып келе жатқан кезең ішінде микрокредит алу жөнінен Қостанай облысы 6-орын алады. Әсіресе, әйел кәсіпкерлердің белсенділігі күшті, микрокредиттің 47 пайызына әйелдер қол жеткізген. Олардың басым көпшілігі Рудный және Арқалық қаласында тұрады.

«Соңғы жылдары әйел кәсіпкерлер арасында көп балалы аналар жиі көрініп жүр. Солардың бірі — Арқалық қаласындағы Гүлзира Сейдаханова. Ол 5 бала өсіріп отыр, қаладағы сауда ғимаратын қалпына келтіріп, «Әли» құрылыс материалдарын сататын дүкен ашты. Ол нарықты зерттей білген, тұрғындар сұранысын қанағаттандырып отыр», — деді Роза Балагерденқызы.

Снымен қатар ол жастар арасында да кәсіпкерлік дамып келе жатқанын жарқын мысалдармен айтып берді.

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *