Таяуда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Торғай аймағына арнайы жұмыс сапарымен барды. Онда аймақ басшысы Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарын аралап, елдің тұрмыс жағдайымен танысты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында облыс әкімі Арқалықтағы ұлттық жоба бойынша салынғалы жатқан мектептің жұмыс барысымен танысты. 300 орынға шақталған білім ордасының мердігері — «Алюминқұрылыс» ЖШС. Серіктестік директоры Абай Мұқановтың айтуынша, бүгінде бой көтеретін ...
Толығырақ »Tag Archives: Жангелдин ауданы
Торғай өңірінде құрғақшылық болады
«Казгидромет» маусымда еліміздің бірқатар аймақтарында құрғақшылық болатынын хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Казгидромет» РМК-ның болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты болмақ. Сонымен қатар еліміздің солтүстік-батыс, оңтүстік, солтүстік және орталығында құрғақшылық күтіледі. Болжам бойынша, құрғақшылық Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, сонымен қатар, Қарағанды облысының Шет ауданында болмақ. Фото: pixabay.com
Толығырақ »Торғай аймағын дамытуға 504,4 млрд теңге бөлінеді
Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында Арқалықты дамытуға қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Амангелді және Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыту мақсатымен Арқалық қаласының кешенді жоспарының жобасы Қостанай облысының аудандарын дамыту жөніндегі іс-шаралармен толықтырылды. Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарының жалпы сомасы 504,4 млрд теңге ...
Толығырақ »Жангелдин ауданында 200 млн теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті (ВИДЕО)
Қостанай облысы Жангелдин ауданында 200 миллион теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Астана» телеарнасының мәліметінше, ауданға қарасты Шилі ауылындағы бөгет 2020 жылы салынған. Үш жылға шыдас бермеді. Шалғайдағы елді мекен тұрғындары ауызсусыз қалдық деп дабыл қағып отыр. Ауылдағы жалғыз құдықтың суы ащы. Оқи отырыңыз: Жангелдин ауданының Шилі ауылынан ши шықты Еске салайық, сапасыз бөгет салғандарға қатысты қылмыстық іс ...
Толығырақ »«504,6 млрд теңге»: Үкімет Торғай өңірін дамыту жоспарын әзірледі
Қостанай облысының Арқалық қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін кешенді жоспар жобасы әзірленді, деп хабарлады Halyq Uni. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына берген Премьер-министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды. Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін тиісті кешенді жоспар жобасы әзірленді. Көрсетілген жоба жалпы сомасы 504,6 млрд теңге болатын 138 іс-шарадан тұрады. Бүгінде ол мүдделі мемлекеттік органдармен ...
Толығырақ »Жангелдин ауданының Шилі ауылынан ши шықты
2020 жылы Жанкелдин ауданы Шилі ауылының сыртындағы бөгетке күрделі жөндеу жүргізілген еді. Оған қазынадан 194 миллионға жуық қаржы бөлінді. Бірақ салынғанына көп уақыт өтпеген сол тоған келесі көктемдегі қарғын суға шыдас берген жоқ. Ел арасында, әсіресе, ғаламторда, әлеуметтік желіде бөгеттің сапасыз салынғаны туралы ақпарат кең тарап кетті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz kostanaytany.kz сайтына сілтеме жасап. Былтыр құзырлы органдар осы мәселеге ...
Толығырақ »«Ешкім жауапкершіліктен құтылмайды»: Жангелдин ауданында 27 миллион теңгеден астам қаражат ұрланған
Қостанай облысы Жангелдин ауданында 27 миллион теңгеден астам қаражат ұрланған, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атқарушы директоры Дидар Смағұлов өзінің facebook-парақшасында жазды. «Қостанай облысында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға бөлінген 27 миллион теңгеден астам қаражат ұрланды! Достар, әзілді қоя тұрайық! 600 мың теңгеге салынған ағаш дәретхана тек бастамасы болды! Сарапшылар Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ...
Толығырақ »Торғай өңірін түлетудің төте жолы – инвестиция тарту: Арқалықта бизнес-форум өтті
Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан Арқалық қаласы мен Амангелді және Жангелдин аудандарының экономикасы негізінен мал шаруашылығына негізделген. Арқалықта өнеркәсіп енді қолға алына бастаса, жоғарыда аталған қос ауданда өндіріс атаулы тіптен жоқ. Сондықтан да облыстан қашық орналасқан аудандардың инфрақұрылымы сын көтермей, әлеуметтің де әлеуеті тұралап, мұғалім, дәрігер сынды дәстүрлі мамандық иелері болмаса, жастардың дені екі қолға бір күрек іздеп, үлкен қалаларға сабылып ...
Толығырақ »Торғайда ағаштан жасалған дәретханаға 600 мың теңге жұмсалған
Қостанай облысында далада ағаштан дәретхана салуға 600 мың теңге жұмсалған. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында далада орналасқан дәретхананы салуға 600 мың теңге жұмсалған. Дидар Смағұлов «бағалы» дәретхананың фотосын жариялап, қысқаша жазба қалдырды. Автор бұл соманың қалай шыққанын шамамен есептеп көрсетті: 1. Ағаштан жасалған қоршау: ...
Толығырақ »Торғайда 200 млн теңгеге салынған бөгет 2 жылда бұзылды (ВИДЕО)
Екі жыл бұрын республикалық бюджеттен 194 млн теңге бөлініп, қолданысқа берілген бөгет бұзылып жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Хабар-24» телеарнасына сілтеме жасап. Бөгет құрылысын Шилі ауылының халқы 30 жыл бойы күткен. Енді пайдасы болмай тұр. Жаңа бөгеттің тереңдігі бір метрге жетпейтіндіктен су әр жерде шалшық болып қалған. Күннен-күнге бетонды блоктардың астымен із тауып ағып жатыр. Қалғаны күзге дейін тартылып қалуы әбден мүмкін. ...
Толығырақ »