Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек. Ахмет Байтұрсынұлы Жалпы, ес біліп, қара танығаннан Ахмет Байтұрсынұлының есімін естіп өстік. Биыл 150 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп жатқан алашшыл қайраткерді тек торғайлық жерлесіміз деп емес, ұлтымыздың шын жанашыр тұлғасы ретінде танимыз. Кейін білім ала бастаған соң ...
Толығырақ »Тұңғыш
Ұлт ұстазының туғанына 150 жыл: Үкіметке ұсыныс…
Ақымет Байтұрсынұлы – ұлттық дамудың талай жыл әбден тот басып қараусыз қалған, тіпті қараң қала жаздаған тегершігін бір өзі айналдырып көріп, мігірсіз қозғалысқа қосып берген, ертегінің ерлеріндей ерен тұлға. Туған халқының рухани жаңғыруының сырын тап ондай біліп, сол жолда қалтқысыз еңбек етіп, мәңгі ескірмейтін ағыл-тегіл мол үлес қоса алған қайраткер қазақ топырағында оған дейін де, одан кейін де болған емес ...
Толығырақ »Ұлы ұстаз мектепті қалай ашты?
Ұлы ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласында мектеп ашу ісі зор ықылас, қажырлы еңбек, қайтпас жігермен, көп қиыншылықпен келді. Көшпелі халықтың тұрмысында тұрақты мектеп салу оңай емес еді. Патшалық Ресейдің отары болып, қаналып отырған қырғыз-қайсақтар (қазақтар) үшін оқудың маңызы тек сол орыс билігіне, шенеуніктеріне қызмет етіп, жергілікті халықпен арадағы тілмаштық, іс жүргізу қызметтерін жүргізу мақсатында ғана болған еді. Мұның алдында ...
Толығырақ »Нәзипа Құлжанова. Оның жеке іс қағаздары қайда?
Қазақ руханиятының тарам-тарам салалары біртіндеп зерттеліп жатыр. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси-әлеуметтік оқиғалар мен тарихи тұлғалардың арнайы зерделенуінің үлкен үрдіске ұласуы қуантатын жағдай. Десе де осынау дүрбелең тұстағы қазақтың көрнекті тұлғаларының бірі Нәзипа Құлжанованың қайраткерлік, шығармашылық, мәдени-ағартушылық мұрасы ғылыми тұрғыдан бағалауды қажет ететіндей. Ағартушылық еңбегі мен ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін насихаттаушы, қазақ сахарасында мәдени-этнографиялық кештер өткізу дәстүрін қалыптастырушы ретіндегі ұлан-ғайыр ...
Толығырақ »«Елбасы және Ұлттық ұлан» кітабының тұсауы кесілді
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орталық музейінде «Елбасы және Ұлттық ұлан» кітабының онлайн тұсаукесері өтті. Бұл туынды еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мерейтойына және Астана күні мерекесіне орай жарыққа шықты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кітапта Елбасының Қазақстанның құқықтық тәртіп әскерінің қалыптасуы мен дамуына қосқан ерекше рөлі туралы айтылады. Тұсаукесер эпидемиологиялық талаптарды сақтау арқылы ...
Толығырақ »Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегінің зерттелуі
Әдебиеттану ғылымының негізін салушы, қазақ әліппесін (төте жазу) жасаушы, оқу құралының авторы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымында алар орны орасан зор. Қай еңбегін алып қарасақ та, «Қазақ!», — деп жаңғырып тұрғаны тайға таңба басқандай. Сол еңбектерінің арасында қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап, сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып берген, қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салуға арқау болған асыл мұрамыз да ...
Толығырақ »1992 жыл: Торғайға табан тіреген Тұңғыш (видео)
Бұл — Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы 2 қыркүйекте Торғай облысына жасаған жұмыс сапарының бейнежазбасы. Торғайлықтар Елбасын қазақтың салт-дәстүрі бойынша шашу шашып қарсы алды. фото: yvision.kz
Толығырақ »Нұрсұлтан Назарбаев Президенттік өкілеттігін тоқтатты (видео)
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жария етті.
Толығырақ »Обамамен «сырласқан» Айдос
«Мүсін жасау өнерімен айналыса бастағаныма көп бола қойған жоқ. Барак Обама АҚШ президенті атанып, Мадам Тюссо музейінде оның балауыздан жасалған мүсіні пайда болды. Сол кезде халқымыздың тарихи тұлғаларының мүсіндерін жасау туралы ойладым. Біздің Қазақстанда да мұндай өнер бар екенін көрсеткім келді…» Бүгінде есімі көпшілікке танылып қалған жас суретші, мүсінші Айдос Есмағамбетов он шақты жыл бұрын республикалық «Нұр Астана» жастар апталығының ...
Толығырақ »Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Кеңістік — барлық нәрсенің, ал уақыт — бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл — жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим ...
Толығырақ »