Tag Archives: Қостанай облысы

Арқалық әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен отбасыға көмек көрсетуден бас тартқан

Арқалық қалалық соты Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуды заңсыз деп тану туралы Д. есімді азаматтың әкімшілік талап арызын қарап, тиісті үкім шығарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Alau.kz-ке сілтеме жасап.  2024 жылғы 28 наурызда қала аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған және су тасқыны салдарынан зардап шеккен, әлеуметтік ...

Толығырақ »

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында өңір басшысының ауданның бірқатар әлеуметтік-экономикалық нысанын аралап, жергілікті тұрғындармен кездесуі жоспарланған. Фото: primeminister.kz

Толығырақ »

Президент Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанайға келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Тоқаевты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы әуежайдан Құмар Ақсақалов қарсы алды. Ақорданың мәліметіне сүйенсек, мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралайды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысады. Фото: Ақорда

Толығырақ »

Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларының саны екі есе өскен

Жыл басынан бері Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе өскен, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында мәлім болды. Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жүргізушілердің төмен тәртібімен байланысты (97%). Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері жергілікті атқарушы органдардың тұрақты назарында болуға тиіс. Алайда жылдан-жылға мына бұзушылықтар қайталанады: жол белгілерінің, жаяу ...

Толығырақ »

Қостанай облысының бас имамы тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысының бас имамы болып Бектұрсын Уалиев тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Жаңадан тағайындалған бас имамды өңірдің дін қызметкерлеріне ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырып, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді. Сондай-ақ Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңірдегі қала және аудан бас имамдарының қатысуымен өткен жиында облыстық Дін істері ...

Толығырақ »

Қостанай облысы Соколов-Сарыбай кен орнында жұмысшы қаза тапты

«Соколовско-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ Қостанай облысындағы «Соколовская» шахтасында жұмысшы қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. -280 м горизонттағы жарылыс жұмыстарынан кейін түйреуіштерді алу кезінде кеншіге тау-кен массасының бір бөлігі жұлынып кетті. Салдарынан қызметкер жарақаттар алды, — делінген хабарламада. Ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтты. Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр, — деп сендірді ...

Толығырақ »

Қостанай облысында электр желілерін жөндеу үшін Үкіметтен 1,3 млрд теңге бөлінеді

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің төтенше резервінен Қостанай облысында ауқымды су тасқыны салдарынан зақымдалған электр беру желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Жөндеу жұмыстары Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында жүргізіледі, бұл жергілікті тұрғындарды тұрақты электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биыл 27 наурызда өзендер мен су айдындарындағы су деңгейінің бірден көтерілуіне байланысты ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы Ресеймен шектесетін аумақтарда шегіртке үйіріне мониторинг күшейтіледі

Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткеге қарсы күрес жөніндегі орталық жедел штаб отырысында АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов мәлімдеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарынан шегірткелердің ұшу қаупі жоғары аймаққа: Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы, сондай-ақ үйірлі көші-қон жолдары өтетін Қостанай облысының Жітіқара және Денисов аудандары жатады. Ақтөбе облысы шегірткеге қарсы күрес басқармасының ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 2 мың жұмыс орны ашылады

Қостанай облысында 2024-2026 жылдар аралығында құны 225 млрд теңгені құрайтын 130 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Соның арқасында өңірде 2 мың жұмыс орны құрылады деген жоспар бар, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласы алдыңғы орында тұр. Мұнда 15 жобаны жүзеге асыру үшін 107 млрд теңге бөлінбек. Нақтырақ айтқанда өңірде 50 жұмыс орнын құра отырып, бұршақ дақылдарын өңдейтін толық циклды ...

Толығырақ »

Қостанай облысында фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр

Ағымдағы жылы шегірткелер бойынша мониторингтік іс-шаралар жалпы көлемі 4,9 млн.га жерді жоспарланған. Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық мониторинг жүргізуге 129 маман тартылатын болады. Республикалық бюджет есебінен қорғау іс-шаралары ағымдағы жылы 775,6 мың га жерде жоспарланған (итальяндық прус – 744,9 мың га, азиялық шегіртке – 30,6 мың га). Шегірткеге қарсы іс-шаралар Қостанай облысындағы 17 ауданның 15 аумағында өткізілетін болады. ...

Толығырақ »