«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдері халықпен жүздесті

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдігі қор жұмысын насихаттау, өз жақтастарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2024 жылғы 15 мамыр күні Қостанай қаласындағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу өткізді. «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша бөлімшесінің өкілі  Бәкір Марғұлан Абдоллаұлы кездесу барысында ұйымның бағыты, ұстанымы жайлы баяндады, Қор Манифесті https://adildik.org.kz/manifest/kz таныстырылып, әлеуметтік мониторинг туралы айтып берді. Сонымен қатар өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, ол проблемаларды ортақ шешу үшін Қор атынан ұсыныстар қабылданды.

Сонымен бірге, 2024 жылғы 16-17 мамыр күндері Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин ауданының кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Тақырып — жеке кәсіпкерлердің жұмысшыларымен олардың еңбек құқығын қорғау туралы болды. Кездесу барысында жұмысшылар «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры тарапынан құқықтық сауаттылық, қаржылай сауаттылық бағытындығы курстар, семинарлар өткізу жөнінде өтініштерін жеткізді. Біздің, яғни «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің басым бағыттарының бірі облысымыздың шалғай аудандары халқымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу екені мәлім.

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...