Таным

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ

Өзбекәлі Жәнібеков – қазақтың қоғамдық-әлеуметтік өмірінде, мәдениет майданында ешкім алмастыра алмайтын орыны бар, тірісінде өз ұлтын сүйіп өткен, өмірден өткен соң ұлты да оны ардақтап айтатын нағыз қайраткер азамат еді. Бір ұлттың тағдырына мейлі қысқа болсын, мейлі ұзақ уақыт болсын белгілі тұлғалардың ғажайып ықпал жасайтыны болады. Өткен ғасырдың екінші жартысында Өзбекәлінің қазақтың рухани өміріне жасаған ықпал, әсерін міне осылай суреттеуге ...

Толығырақ »

Өзбекстанға саяхат. Лайфхактар

Бірінші, әуелі құжаттарыңыздан бастайық. Шетелге шығу үшін құжатыңыз (құжаттарыңыз) (паспортыңыз, паспорттарыңыз) бар болар. Халыққа қызмет көрсету орталығында бірнеше күнде рәсімдеп береді. Төлем ақысы есімде жоқ, қымбат емес. Айтқандай, баламен шетелге шықсаңыз күйеуіңіздің (келіншегіңіздің) келісімі керек. Оны нотариус рәсімдеп береді. Сосын, жаман айтпай жақсы жоқ бұл құжаттардың екі көшірмесін алып алыңыз. Екінші, Астанадан Ташкентке бару үшін Шымкент арқылы, одан әрі қазақ-өзбек ...

Толығырақ »

Ұлытауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?

немесе Ұлытау саяхаты туралы Аяқ астынан сапарға шықтым.. Биылғы жоспар Талдықорған шаһары болатын. Бірақ, жақында шетелге саяхатым бар еді, сондықтан, оны әлі де ойласып жатқан едім, сөйтіп Жазира Жанкина ханымнан Ұлытау облысына сапар туралы хабар жетті. Бұл өңірдің туризмге жауапты органының тапсырысы болатын. Әрине, бұрын да жазғанындай Жезқазған қаласында уақытында екі ай тұрдым, Қарағанды жағынан да және Арқалық тарабынан да ...

Толығырақ »

Еңбекті қорғау

Еңбекті қорғау –  еңбек үрдісінде адамның  қауіпсіздігін, жұмысқа қабілеттілігі  мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық, денсаулық  сақтау шаралары мен құралдарының заңдық құжаттарының жүйесі. ҚР еңбекті  қорғау маңызы әлеуметтік мәнге ие, ол өндірісте еңбектің қауіпсіз әрі жағымды жағдайын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау деңгейі еңбекті қорғау саласында инженерлі-техникалық жұмысшылардың біліктілігіне бағынышты болады. «Еңбекті  қорғау» түсінігіне үш негізгі аспект енеді: Еңбек заңдылықтары – бұл өндірістегі еңбек қарым-қатынастарын, жұмыс ...

Толығырақ »

Қостанай облысы туралы қызықты 20 дерек

Қостанай облысы туралы қызықты 20 дерек. Облыс халқының саны – 864 500 адамды құрайды, бұл 2022 жылғы дерек, дегенмен, 1989 жылы облыс халқының саны 1 223 844 болатын, сонда, өңір халқы 30 процентке жуық азайған. Аумағы бойынша Қостанай облысы Оңтүстік Корея аумағынан да үлкен. Оңтүстік Кореяда 52 млн. халық тұратын болса, бізде жоғарыда айтқандай бар болғаны 864 500 адам қоныстанған. ...

Толығырақ »

Бестамақта жазылған беймәлім мақала: Ахмет Байтұрсынұлының тағы бір мақаласы табылды

Қазақ жұртының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының бүгінге дейін беймәлім болып келген тағы бір мақаласы табылды. 1896 жылы «Тургайская газета» басылымында орыс тілінде жарияланған. Мақаланың толық атауы – «Корреспонденция (от нашего корреспондента) Бистамакская волость, Актюбинского уезда» деп аталады. Әдетте, Ахаңның қаламынан тамған әр тамшы сыяға қазақ тағдырының қилы кезеңдерінің бір сәті сыйып жатады. Қайраткер тұлға бұл ...

Толығырақ »

Торғайдың дәстүрлі қылқобыз орындаушылары туралы

Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде көнеден жеткен қобыз аспабы киелі саналады. Қоңыр дауысты, тембрі бай, мұңлы-зарлы үні бар қобызды екінің бірі ойнай бермеген. Көп жағдайда жыраулар мен абыздар, бақсылар қолданған қобыз әдеттегі саз аспабы емес, бақсы-шамандардың құралы деген де пікірлер қалыптасқан. Қазақ арасындағы аңызда қобызды ойлап тауып, алғаш тартқан адам Қорқыт деп айтылады. Осы Қорқыттан қалған қобызшылық өнер Торғай өңірінде де ...

Толығырақ »

Ұлы Абай – би әрі дала заңгері

Кез келген халықта рухани және өнегелік ұстындары болады. Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы қазақ халқының ой-санасындағы осындай іргелі ұстындардың бірі болып табылады. Ел Президенті Қ.К.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы ақын мұрасының өзектілігін нақты атап өтті. Ғалым-заңгер ретінде мен оның құқықтық идеяларына тоқталғым келеді. Абайдың 15 жасынан бастап сот талқылауларына қатыса бастағаны мәлім. 20 жасында от ауызды, орақ ...

Толығырақ »