Tag Archives: Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады (ВИДЕО)

Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президентке Қостанай облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді. Облыс әкімі 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің негізгі макроэкономикалық өсім көрсеткіштерінде оң динамика байқалатынын баяндады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі 11 пайыз, құрылыс саласы 7 пайыз, негізгі капиталға салынған инвестиция 8,5 пайыз, көлік тасымалы 3 пайыз, тұрғын үйді пайдалануға ...

Толығырақ »

Тоқаев Қостанайда Kia автомобильдерінің шағын тораптық өндірісін (CKD) іске қосты (ФОТО)

Президент Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Allur автомобиль зауытына барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорын жұмысы таныстырылып, алдағы жоспары баяндалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Зауыт басшылығының айтуынша, былтыр 614,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылы зауыт құны 21,5 миллиард теңге болатын өнім экспорттады. Кәсіпорында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді.Allur автомобиль зауытының жаңадан іске қосылған желісі Kia Sportage ...

Толығырақ »

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының еңселі ескерткіші ашылды

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйіне барды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президент, алдымен, музейдің «Ұлттық рухтың ұлы тіні», «Қазақ санасының шамшырағы» және «А.Байтұрсынұлының жұмыс кабинеті» залдарындағы жәдігерлермен танысты. Мұнда ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық экспонат жинақталған. Ахмет Байтұрсынұлы бұл үйде қызы Шолпанның отбасымен бірге 1934-1937 жылдары тұрған. Музей-үйі ...

Толығырақ »

Тоқаев шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің баяндамасын тыңдап, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешіп, кәсіби кадрлардың дайындығын арттыру қажет екенін айтты, — делінген хабарламада. Еске салайық, Мемлекет басшысы Қостанай облысына ...

Толығырақ »

Президент орман өртінен зардап шеккендермен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендермен кездесті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz «БОРТ N1» Telegram-арнасына сілтеме жасап.  Шұғыл әрекет ету штабы отырысынан кейін Мемлекет басшысы орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралады. Мемлекет басшысы Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктіне барды. Зардап шеккендермен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық ...

Толығырақ »

Тоқаев Торғайға баратын болды

Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады деп хабарлады tobyl-torgai.kz.  «Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады», – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай фейсбуктегі парақшасында.

Толығырақ »

Тоқаев Мұхамбетовке Арқалық ЖЭО жұмыстарын тездетіп аяқтауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанай өңірінің биылғы төрт айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берілді. Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, өңдеу өнеркәсібі, негізгі капиталға инвестиция салу және тұрғын үйлерді пайдалануға беру салалары бойынша  оң көрсеткіштер бар. Қостанайда құны шамамен 80 млрд ...

Толығырақ »

Ауыл әкімдерін сайлау: Қарин заң нормаларын түсіндірді

Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қарин жаңа Конституциялық заң нормаларын түсіндіріп, елімізде биыл алғаш рет әкімдер сайлауы өтетінін айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Қазіргі уақытта Президенттің саяси реформалары аясында 10 заң қабылданды. Бүгін қол қойылған заңдар Мәжіліске саяси партияларды өту үшін шекті деңгейді 7-ден 5 пайызға дейін төмендету, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсы» бағанын енгізу және биыл белгіленген ауыл әкімдері сайлауын өткізу ...

Толығырақ »

Президент бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Ақорда-ға сілтеме жасап.  «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық ...

Толығырақ »