Біздің санамыздан талай жыл «алашордашылдар, «бай-құлақтар», «жапонның шпионы» және т.б. теңеулермен жазықсыз асып-атылған, жойылған интеллигенциямызды өшіртуге тырысты. Бірақ, халық жады мықты екен. Басқасын білмеймін, кішкентай кезімізде үлкендер есік-терезені тұмшалап жауып алып, белгісіз өлең жолдарын айып отыратын еді. Мектепке бармаған кезім, әкемнің: «Айнаның қарсы алдына Маймыл барып, Айнада өз суретін көре салып, Аюға жанындағы күліп айтты, Ақырын аяғымен түртіп қалып: «Бері ...
Толығырақ »Tag Archives: Амандық Қорғанұлы
Тағы да Орталық-Батыс жолы туралы
Ел Президенті Өзінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында «Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік.» деген еді. Біз – зиялы қауым болсын қарапайым халық болсын Президентіміздің еліміздің дамуы жолындағы жасап жатқан істерін әрқашан қолдаймыз және алдағы уақытта да қолымыздан келгенше жәрдемдесе ...
Толығырақ »Крупская, Фурманов, Макаренколардан қашан құтыламыз
немесе тағы да мектеп жайы туралы 1 млн қандасымыз тұратын Ресейде ел билігі соңғы қазақ мектебін жауып тынды, Тәжікстанда кезінде үш қазақ мектебі бар еді, олар енді жоқ, 100 000 қазақ ұлты өкілі тұратын Қырғызстанда қазақ мектебі атымен жоқ, Қытай болса бұрынғы қазақ мектептерінің бәрін біртіндеп қытайшаға көшіріп жатыр. Өзбекстандағы 522 қазақ мектебінен 2017 жылы 164, 2018 жылы 100 (кей ...
Толығырақ »Теріскейді толтырайық немесе қазақ көшін қайтсек солтүстікке бұрамыз?!
Тәуелсіздік алған жылы, яғни 1991 жылы Қазақстан халқының саны 17 млн-ға тақау болған еді. Ал, соңғы деректерге жүгінсек еліміздегі халық саны 18,5 млн-нан асқанын көріп отырмыз. Яғни, осы уақыт аралығындағы өсіміміз бар болғаны 1,5 млн. адамды құраған, Еуропаның бес Франциясы сыйып кететін Қазақстан үшін бұл өте аз сан. Әрине, табиғи өсім болды, 1 млн-ға жуық этникалық қандастарымыздың атажұртқа оралуына қарамастан, ...
Толығырақ »Сарықопа
Қасиетті Торғай жерінің ЮНЕСКО тізіміне ұсынылған жері — Сарықопа туралы Сарықопа! Енді, мән беріп отырсам, біздің тілімізде «сары» сөзі жиі қолданылады екен, Сарыарқа, Сарыоба, Сарыөзек, Сарыадыр, Сарыөзен, Сарықопа (бір қызығы Сарыадыр арқылы Сарыөзен Сарықопаға құяды), сарыбел, сары тісті кемпір, сабыр түбі сары алтын, Сарысу, сары балапан, ал, Сары деген өзіміздің Мұнанайымыздан (Троицк) өзге іргеміздегі Челябіде де сондай ауыл бар, оны ...
Толығырақ »Тосынқұм
Торғай жерінің бір пұшпағы — Тосынқұм туралы Тосынқұм! Тосынқұм атауы есіме түскенде әуелі Тосынның Торғай жерінің батысындағы құмды-шөлейтті аймақ екенін және атақты тархан – Шақшақ Жәнібектің қонысы болғанын білетінмін. Алдыңғы жылы Шеген ауылы жағына өткен едім, бірақ Тосынқұмды бұрын естігенім болмаса, барып көрмеген жерім. Иә, қызық, бәлен жыл Торғайда тұрсам да Тосынқұмға жол түспеген еді. Осы жолы арнайы және сайланып ...
Толығырақ »Туған жер — Торғайым
Киелі Торғай туралы толғау Туған жер — Торғайым! Біздің Торғай жеріне жасаған экспедициямыздың екінші күні, яғни 7 шілде күні Торғай қаласындағы музейлерге барғанымыз және өте құнды жәдігерлермен танысқанымыз туралы бұған дейін жазған едім. Әрине, мүмкіндігінше тарихи нысандарын да, өңіріміздің табиғатын да көруге тырыстық. Сол күні, Торғай кентіндегі музейлерді аралап болған соң, алыстан келген қонақтардың құрметіне Жанкелдин ауданы әкімдігі ұйымдастырған қонақасыға ...
Толығырақ »Туған жер – тұғырың
Әркімнің туған жері — Мысыр шәрі Туған жер – тұғырың! Сонымен, 2019 жылғы 6 шілде күні таңертең Арқалық қаласының вокзалынан таксиге отырып, Амангелді кентіне келген едік. А.Иманов атындағы мемориалдық музейді аралап болған соң, «Бистро» атты дәмханадан түскі асымызды ішіп, «Алтын Дала» резерватының офисіне бардық. Мұнда біз қорық басшылығымен жолығып, жеделдетіп аталған резерваттың «Ұлы Жыланшық» учаскесіне жол тарттық. Бұл түске таманғы ...
Толығырақ »Іргемізді бекітпесек болмайды немесе естір құлақ болса, бізден де бір кеңес
Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан халқының саны 17 млн-ға тақау болыпты (1991 жылы). Қазіргі деректерге қарасақ еліміздегі халық саны 18,5 млн-ға жуықтап қалыпты. Яғни, өсіміміз бар болғаны 1,5 млн. болып тұр ғой, бұл дегеніңіз өте аз сан. Әрине, табиғи өсім болды, дегенмен тарихи отанына кеткен жұрттардың саны да едәуір еді. Мысалы, СҚО, Ақмола, Қостанай, Павлодар, ШҚО және Қарағанды облыстарының 30 жыл ...
Толығырақ »Алтын Дала
«Алтын Дала»! Сонымен, 2019 жылғы 6 шілде күні түс кезінде Амангелді кентінен «Алтын Дала» резерватының «Ұлы Жыланшық» учаскесіне бағыт алдық. Жалпы, резерват Қазақстанда құрылған қорықтардың ішінде еліміз тәуелсіздік алған жылдары құрылған резерваттардың бірі. «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты — Қостанай облысының Амангелді және Жанкелдин аудандарының аумағында орналасқан резерват. 2012 жылы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы №1496 қаулысымен жаңадан «Алтын ...
Толығырақ »