Қостанай облысы Қарасу ауданында бұрынғы әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Виктор Радченко кінәсін мойындады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Жергілікті басылымның хабарлауынша, Виктор Радченкомен бірге бұл іске ауданның басқа шенеуніктерінің де қатысы бар. Барлығы пара берген деп те, пара алған деп те күдікке ілінген. Қарасу ауданының бұрынғы әкімі Виктор Радченко, басылымның хабарлауынша, кінәсін мойындаған. Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасу ...
Толығырақ »Tag Archives: әкім
Қостанай облысында әкім асылып қалған
Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Облыстық Полиция полиция департаментінің баспасөз қызметі мұны растады. Ұзынкөл ауданындағы үйдің ауласында ер адамның мәйітін табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада. Ведомствоның хабарлауынша, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізілетін тергеу шеңберінде ҚР ...
Толығырақ »Қостанай облысында мектеп оқушыларының 27,3%-ы қазақша оқиды
Қостанай облысы — түрлі салаларды дамытуда әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Сондықтан ел экономикасына елеулі әсер ететін салаларға инвестиция салу мен дамытуға ерекше мән берілген. Бұл тұрғыда Kazinform агенттігінің «Әкімге сұрақ» жобасы аясында осы өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтан сұрап көрдік. — Құмар Іргебайұлы, Қостанай облысы ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды өңірлердің бірі. Мал шаруашылығындағы жайылым, ал егін ...
Толығырақ »Қостанай облысында екі ауданның әкімдері қызметтерінен кетті
Қостанай облысында екі ауданның әкімдері өз өтініштері бойынша қызметтерінен кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың 19 ақпандағы өкімімен берілген өтініштеріне байланысты Нұржан Қайыржанұлы Өтегенов Жітіқара ауданының әкімі (2021 жылғы мамырдан бастап қызмет атқарды), Азамат Қанатұлы Аужанов Ұзынкөл ауданының әкімі (2022 жылдың тамыз айынан бастап қызмет атқарды) қызметтерінен босатылды, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз хатшысы Жұматай Кәкімжанов. ...
Толығырақ »Арқалық алысқа қарайды: Қала қалай дамып жатыр?
Биыл Арқалық қаласында бірнеше жұмыс орны құрылып, өңір экономикасы айтарлықтай дамитын болады. Атап айтқанда, өнеркәсіп секторын дамыту үшін 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, жалпы құны 350 млрд теңгеге жуық үш инвестициялық жоба іске асырылатын болады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы қала әкімі Әмірхан Асанов Қостанай Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық ...
Толығырақ »Ерлан Жаулыбаев Қамысты ауданының әкімі болып тағайындалды
Ерлан Жаулабаев Қостанай облысы Қамысты ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ерлан Әлімбайұлы Жаулыбаев 1978 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, қазақ, білімі жоғары, 2001 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін инженер-механик мамандығы бойынша, 2017 жылы Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылдың маусымынан Қостанай бизнес және басқару колледжі ...
Толығырақ »Қостанайлық әйел қала әкімінен 14 млн теңгедей қаражат өндіріп алды
Қостанайда 14 млн теңгеге жуық ақша төлеуге міндеттелген әйел қала әкімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімін сотқа беріп, тиісті қаражатты өндіріп алған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қостанай облыстық сотының ресми сайтына сілтеме жасап. Бұл ретте Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына азамат Ш. Қостанай қаласының әкіміне, «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не төтенше жағдай салдарынан бұзылған тұрғын ...
Толығырақ »Захар Комаров Тобыл қаласының әкімі болып сайланды
Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының әкімін сайлау өтті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Өңір әкімдігінің мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 19 174 дауыс беруші енгізілді. Дегенмен олардың 10 580-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 179, «Барлығына қарсымын» белгісін таңдағандар – 1 032. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Комаров З.К. – 7 504, Рыкунов Д.А. – 802, Тупкало О.В. – 1 063. ...
Толығырақ »Құмар Ақсақалов: Үкімет тарапынан Торғай өңіріне бюджет өсімі күрт жоғарылады
Таяуда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Торғай аймағына арнайы жұмыс сапарымен барды. Онда аймақ басшысы Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарын аралап, елдің тұрмыс жағдайымен танысты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында облыс әкімі Арқалықтағы ұлттық жоба бойынша салынғалы жатқан мектептің жұмыс барысымен танысты. 300 орынға шақталған білім ордасының мердігері — «Алюминқұрылыс» ЖШС. Серіктестік директоры Абай Мұқановтың айтуынша, бүгінде бой көтеретін ...
Толығырақ »Қостанай облысында екі әкім жауапқа тартылды
Қостанай облысында мемлекеттік сатып алу кезінде заңбұзушылықтарға жол берген әкімдер жауапқа тартылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облыстық прокуратураның мәліметінше, өңірдің бірқатар ауданында жолдарды қысқы күтіп-ұстауға бір көзден алу тәсілімен шарттар жасасудың заңсыз практикасының жолы кесілген. Атап айтқанда Заречный ауылы мен Тобыл қаласының әкімдері әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін конкурстық рәсімдерді айналып өтіп, шарттар бір көзден алу тәсілімен жасаған. Қабылданған шаралардың ...
Толығырақ »