Қазір Қостанай облыстық сотында 2021 жылдың қарашасында Рудный-Қостанай тасжолында 3 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апатына қатысты аппеляциялық сот үдерісі өтіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni. Куәгерлердің айтуынша, Kia автокөлігі алдында келе жатқан lada priora-ны басып озғысы келгенде жанай соғып, қарсы бағыттағы басқа көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан Kia-ға соғылған көліктегі 3 адам ауруханада көз жұмған болатын. Содан кейін осы ...
Толығырақ »Tag Archives: Рудный
Виктор Ионенко Рудный қаласының әкімі болып тағайындалды
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы, 4-тармағына сәйкес Рудный қаласы мәслихаты депутаттарының келісімімен Рудный қаласы әкімінің лауазымына Виктор Николаевич Ионенконы тағайындады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Виктор Николаевич 1970 жылы туған. 1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған. 2010 жылдан 2020 жылға дейін – Денисов, Меңдіқара, Қарасу аудандарының әкімі. 2020 жылдың ...
Толығырақ »Рудный тұрғындары тағы да жылусыз қалды
Рудныйда тағы бір коммуналдық апат болды. Жол суға толып, 24 жаңа үй мен 59 жеке тұрғын үй жылусыз қалды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz «Наша газета» басылымына сілтеме жасап. Құбыр жарылып, Рудныйдағы Парк көшесі суға толды. 9 ақпанда таңертең жолдың үстінде бу көтерілген. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Ленин-Горняков көшелерінің қиылысында болды. Сағат 8:30-дағы жағдай бойынша Дзержинскийден Ленинге дейінгі көшелер шекарасында Горняков көшесіндегі жылу трассасының учаскесі жабылды. ...
Толығырақ »Рудныйда төтенше жағдай жарияланды
Рудный қаласының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанына қарамастан, қалада төтенше жағдай режимі жарияланды. Оған желілердегі апаттар мен іркілістің жиі болуы себеп болып отыр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жағдай тұрақты. Алайда жылу және сумен жабдықтау, кәріз желілерінің кейбір учаскелерінде тозудың жоғары деңгейіне байланысты апаттар мен жарылу жағдайлары жиілеп кеткендіктен, қала әкімдігі судың қатып ...
Толығырақ »Рудныйда апат салдарынан бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды
Қостанай облысы Рудныйда бірнеше үй мен ғимарат жылусыз қалды, — деп хабарлайды tobyl-torgai.kz iagorod.kz сайтына сілтеме жасап. Қостанай облысы Рудныйда 24 тұрғын үй, 60-қа жуық жекеменшік үй және тағы 16 ғимарат жылусыз қалды. 19 қаңтарда Горняков көшесінде жылу өтетін жолда жарылыс болды. Сағат 10.30-да Горняков көшесінің бойындағы жылу өтетін жолда (диаметрі 530 миллиметр) жарылыс болды. 24 тұрғын үй, 59 жекеменшік ...
Толығырақ »Рудный әкімнің орынбасары «cұмырай» деген сөзі үшін жұмыстан кетуі мүмкін
Рудный қаласы әкімінің орынбасары Әнуар Есқатовты әкімдік қызметкеріне айтқан балағат сөздері үшін қызметінен босату ұсынылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz Stan.kz агенттігіне сілтеме жасап. Балағат сөздер әкімдік ғимаратын күтіп ұстауға жауапты комендант әйелге айтылған. Әкімдікте кіру және шығуды қадағалау үшін арнайы рұқсат қағаз арқылы өтетін бақылау жүйесі орнатылған. Дереккөздің хабарлауынша, қала әкімінің орынбасары бұл бақылау жүйесін айналып өткен. 28 қыркүйекте де ол бақылау жүйесін ...
Толығырақ »Рудныйда тұрғын үйлердің ауласынан 43 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Рудныйда тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 43 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Болжам бойынша ол 4-қабаттың балконынан секіріп кеткен, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 24 тамызда болған. Рудный қалалық полиция бөлімінің «102» пультіне Комсомольский даңғылы, 36 мекенжайынан әйел адамның денесі табылғаны туралы қоңырау түскен. Болжам бойынша, әйел тұрғын үйдің 4-қабатының балконынан секіріп кеткен. Қазігі кезде өлімнің мән-жайы ...
Толығырақ »Рудныйда бала көтерген ер адамды көлік қағып кетті
Рудныйда бала көтеріп, жолдан өтіп бара жатқан ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Рудный қаласы, Ленин көшесі, №60 үйдің жанында 18 жастағы жүргізуші Р есейде тіркелген «ВАЗ-2112» автокөлігін басқарып келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында бала көтерген жаяу адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші мен бала түрлі дене жарақатын алды. Олар ...
Толығырақ »Рудный студенттері уланған асхана қызметкерлері стафилококк жұқтырған
Рудныйдағы колледж асханасының үш қызметкерінен патогенді алтын стафилококк анықталды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев жазды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Айта кетейік, Қостанай облысында биылғы жылдың 20-21 сәуір аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный тау-кен-технологиялық колледжінің» КМК студенттері жаппай тамақтан уланған болатын. Жұқпалы аурулар бөліміне барлығы 14 адам жатқызылды. Оқи отырыңыз: Рудныйда 70-тен ...
Толығырақ »Рудныйда 87 жастағы әжейді өз пәтерінде өлтіріп кеткен
Рудныйда 87 жастағы әжейді өз пәтерінде өлтіріп кетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Alau.kz сайтының дерегінше, Комсомольский даңғылы мекен жайындағы пәтерінен 87 жастағы тұрғын өлі күйінде табылды. Әжейдің денесінде азаптау белгілері болған. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде Майлин ауданының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. ҚР ҚПК 201- ...
Толығырақ »