Не түлен түрткенін білмеймін, жетіншіні бітірмей жатып «журналист болам» деп желпіндім. Өйткені, жер бетінде одан жеңіл жұмыс жоқтай көрінді. Көк жәшіктің ішіне кіріп алып, таңертеңнен кешке дейін көкисің де отырасың. Өтірік күлуге өнерің жетіп, ұрыс-керістен тартынбасаң, ұлтты «тәрбиелеуден» ұялмасаң болды. Ол жалықтырып, «қоғам қайраткері» атанғың келсе, асабалардың сөзін жаттап ал да, айғайла, екілен, есір! Жер тепкілеп жұлқын! Эфирге есі кеткен ...
Толығырақ »Түрпі
Мен қалай депутат болып кете жаздадым?
2011 жыл болуы керек. Мен қалай депутат болып кете жаздадым?Анық білмеймін, бірақ Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңы еді. Аяқ астынан астанадан Жасұлан Айсағали ағам звондап, маңызды бір құжатты поездан күтіп алып, Аманжол Күзембай ақсақалға апарып беруді тапсырды. Айтқанын бұлжытпай орындап, әлгі пакетті тарихшы ағайымның қолына ұстатып, жылыстай беріп едім, ол кісі тоқтатып алды. «Асықпа, бірге оқиық» деп, ашып, бір-бірлеп алып көз ...
Толығырақ »Тірі адамға ескерткіш
Биыл біздің мектеп бітіргенімізге бес жыл. Көктүйнек орта мектебін енді көрместей, есігін қайтып ашпастай болып қоштасқанымыз кеше ғана сияқты еді. Әупірімдеп «Әліппе» ашып, бірінші сыныпқа барған кезімнің өзі тұп-тура бүгінгідей көз алдымда. Кішігірім шөмеледей шашын желкесіне түйген, түйе арбаның доңғалағындай көзілдірігінен шүңірек көзі жылтыраған мұғалима (есімі Шәрипа екен) біздерді жетектеп кабинетке кіргізіп, бой-бойымызбен орналастырды. Бәкенелер бірінші қатарға жайғасты, сидам сирақты ...
Толығырақ »Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫНЫҢ қалжыңдары
Бір орыс елінің қатыны… Cейіт Кенжеахметұлы Қазақстан егемендік алған алғашқы жылдары «Қазақ тілі» қоғамының Торғай облысындағы филиалы төрағасы қызметін атқарды. Сол жылдары қоғамның үлкен жиналысы болып, жиналыста сөз алған Сейіт: – Біздің Торғай облысында Надежда Крупская атында совхоз бар, Н.Крупская атында мектеп бар, Н.Крупская атында көше бар, Н.Крупская атында дружина бар, Н.Крупская атындағы отрядтар бар. Бір жігіт ағасына ренжігенде «Бұндай ...
Толығырақ »«ӘУЛИЕ» ІЗДЕП ӘУРЕ ДЕСЕДІ…
Сыбайластықты сылып тастау департаменті Ұсақ жемқорларды іріктеу басқармасының Қолма-қол ақшамен пара берушілерден түсінік алу бөлімінің Ұлттық валютамен тұтылғандарды жауапқа тартумен айналысатын сала бас маманының орынбасары Адал Жүрекұлы Байғұсов бір-ақ күнде елді алатайдай бүлдіріп, әбігерге салып қойды. Әп-әдемі абыройы бар басшыларды әуреге салған “әдірем қалмағыр” идея Адал Жүрекұлының қауға басына қаңғалақтап аяқ астынан орала кеткен еді. Департаменттің акт залындағы кезекті жиналыстың ...
Толығырақ »«Кnockout… No comment…»
Апақ Сапақов бүгін айрықша толқулы. Қолайнаға құмар бола бастаған бойжеткендей, «айфонын» алақанына алып, айнала әуреге түсіп жүр. Толқитындай реті де бар, өйткені, ең қымбатты адамының туған күні! Жүрегінен жарып шыққан ізгі тілегін әлеуметтік желі арқылы жеткізбек. Алайда, көкейін кернеген керемет сезімі, телефон пернетақтасына тере бергенде, жез шылапшыннан желге қарата төккен судай шашырап, Апакеңнің әбден берекесі қашты. Ал «ұққанға арзан, мәкпасқа ...
Толығырақ »ПОЭЗИЯ «ПЫРАҚТАРЫ»
Әлем-жәлем киінген жас ақын әлдеқандай болып, редакцияның әдебиет бөліміне келіп түскен хаттарға шұқшиып отырған-тын. Кенеттен шаян шаққандай орнынан атып тұрып, қарындашының басын қарш еткізіп тістеп алды да, «тфу» деп қабырғаға қарап түкіріп жіберді. — Қарағым-ау, қара басты ма? Қараптан қарап жараған бурадай жыныңды шашқаның не? – Үндемей газет оқып отырған сақа тілші көзілдірігін шекесіне көтеріп, үрейлі көзбен көршісіне үңілді. — ...
Толығырақ »«ҚЫЗЫЛКӨЗ» МЕНІ СОТҚА БЕРІПТІ
— Масқара болдым, зәрем зәр түбіне кетіп отыр… — Не болды соншалықты? — Айтары жоқ, құрыдым, біттім! — Ау, енді қалтырай бермей айтсаңшы не болғанын!? — Анау арыз-шағым жазумен атағы жер жарған «Қызылкөз» мені сотқа беріпті. — Астапыралла, не дейді! Немене, «бірдеңе» жеп қойып па едің? — Немді жеуші едім, жейтін не бар мен байғұста?.. Өткенде бір үлкен тойға мен ...
Толығырақ »«Өнер жолындағы» өлермендердің сұхбаты
– Өнер жолында жүргенінізге қанша жыл? – «Ң»-ға тілі келмейтін қызыл көйлекті сары қыз сұрағын өтірік қымсына қайталады. – Тәәк, тоғыз, жоқ…, аа, сегіз жыл екен ғой, – деді бата тілегендей алақанын жайып жіберіп жылдам есептеп, екі саусағы ғана бүгілмей қалған жасыл жейделі аққұба жігіт алақ-жұлақ жұтынып. – Кешірініз, бұл екінші сауалым екен ғой, – деді сары қыз сызыла түсіп, ...
Толығырақ »Жантық пен Тантық
Жантық пен Тантықтың жатарға төсегі бөлек демесең, айтарға өсегі де, киетін киім-кешегі де, қыртқаны мен құртқаны, жұтқаны мен ұққаны да ұқсас. Мінез-құлқы есектің екі құлағындай егіз, екеуі де тоқ қаздың бөтегесіндей бұлтиған семіз. Бар айырмасы беттерінде: бірінің жүзі бөдененің жұмыртқасындай безеу-безеу болса, екіншінің әлпеті сарымай салынған қарындай сазара жылтырып тұрады. Сосын бір «сәл-пәл» өзгерек жері, Жантық — сақаулау, Тантық — ...
Толығырақ »