«Сен жақсылықты жамандықтан жасауың керек, өйткені оны жасайтын басқа ештеңе жоқ» дейді Роберт Пенн Уоренн. Көрнекті қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Төлен Әбдіктің «Парасат майданына» эпиграф ретінде алынған осы сөз оқырманын жақсылық пен жамандықтың, зұлымдық пен мейірімнің, махаббат пен ғадауаттың таразысына салып бағатындай. Адамата жаралғалы бері өлермен ібілістің өзімшілдігінен басталған зұлымдық пен жамандық атаулы адам ұрпағы қасіреті мен қасиеті мың қатпар ...
Толығырақ »Тұлға
Шынар Серкебайқызы туралы
Шынар әжем (яғни, әкем Қорғанның анасы) туралы көп біле бермеймін, көзін де көрген жоқпын, тек әкем Қорғанның бір-екі естілігінен есімде бар. Сондықтан, әкем естеліктерін толықтыра отырып, үзінді бере кетсем. Бірінші естелігі. «Мен аштық жылдары бес-алты жасар баламын. Бiздiң әкелерiмiз бес ағайынды болыпты. Олардың үлкенi Қожайт, Смағұл, Әмiрхамза, Әмiрәлi, Сәду. Одан басқа екi қыз болды. Осылардан 31-32 жылдардың аштығынан тiрi қалғаны ...
Толығырақ »Өнегелі өмір
1-сурет. Көпжасар Қапанұлы Алдабергенов Көпжасар Қапанұлы Алдабергеновты Тобыл-Торғай өңірінде білмейтін адам жоқ. Дегенмен, оның өмір жолы, жеткен жетістігі, шыққан биігі кімге болса да үлгі боларлық. Сондықтан, Көпжасар Қапанұлы туралы баяндауды өзіме парыз санадым. Және оған себеп болған мына жайттар еді. Жақында Рудный қаласына жол түскен еді, жергілікті музейді аралап жүріп, Көпжасар Қапанұлы Алдабергенов деген кісінің аты-жөнін көріп таң ...
Толығырақ »«Көзден кетсе де, көңілден кетпейді»
Адамның ішкі дүниесін көз жанарынан сезетін… Халқымызда «Көзден кетсе де, көңілден кетпейді» деген сөз бар. Ағам туралы сөз қозғасам, айтар естеліктер, әңгімелер өте көп. Мұндай жағдайда біраз жағдайлар көкейімізде сайрап, санамызда жаңғыра береді. Үйдің үлкені болғандықтан болар, жастайынан соңынан ерген бауырларына қамқоршы бола білді. Әке-шешеміз өмірден ерте кеткеннен кейін де сол бауырларының отбасын құрып, азамат болып қалыптысуына үлкен үлес қосты. ...
Толығырақ »Қазақ баспасөзінің қаһарманы
Биыл әкем белгілі журналист, публицист, ғалым, қоғам қайраткері Жұмабек Омарұлы Кенжалиннің туғанына 70 жыл болар еді. Осыған байланысты оқырман назарына әкем туралы естелік материалды ұсынуды жөн көріп отырмын. Назарларыңызға алдын ала рахмет айтамын. Әкем Жұмабек Омарұлы Кенжалин 1954 жылы 5 қарашада Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Жданов колхозында туған. Құжат бойынша туған күні 30 желтоқсан деп көрсетілген. Ол кішкентайынан елгезек, зерек ...
Толығырақ »«Халық батыры» көрмесінің тарихи, мәдени мәні зор — Мәдениет және спорт вице-министрі
Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, патша әскеріне қарсы күрестің белсенді қатысушысы Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толып отыр. Осы мерейтой аясында Астанадағы Ұлттық музейде «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Халық батыры» көрмесі ашылды, деп жазды Aikyn.kz. Шараға Қостанай және Астана қалаларының Мәдениет басқармасы өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, 1916 жылғы ...
Толығырақ »Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының еңселі ескерткіші ашылды
Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйіне барды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президент, алдымен, музейдің «Ұлттық рухтың ұлы тіні», «Қазақ санасының шамшырағы» және «А.Байтұрсынұлының жұмыс кабинеті» залдарындағы жәдігерлермен танысты. Мұнда ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық экспонат жинақталған. Ахмет Байтұрсынұлы бұл үйде қызы Шолпанның отбасымен бірге 1934-1937 жылдары тұрған. Музей-үйі ...
Толығырақ »Тәлімі терең тұлға
Көне көздердің кейінгілерге қалдырған әпсаналарына сүйенсек, менің балалық шағым өткен ауылдың аты кезінде Кенесары ханның бауыры Наурызбай батырдың қасындағы қандыкөйлек қырық жігітінің бірі Шәкір батырдың тұлпарының құрметіне Көкалат деп аталса керек. Сол ықылым заманнан бері қай қоғамның болса да географиялық картасынан түспей, тарыдай таңбаны иеленіп, Торғай даласының бір түкпіріндегі томаға-тұйық жатқан осы бір ауылдың «басқа жерден бақ іздеп кеткен» біздей ...
Толығырақ »Қостанай облысына неге Ахаң есімі берілмеске?..
Енді аз күндерден кейін қарсы алатын 2022 жыл — Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жылы, туғанына 150 жыл толмақшы. Ұлы тұлғаның мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталатынына халық дән риза. Үкімет қаулысына сәйкес, атқарылатын жұмыстарды да ақпарат құралдары арқылы танысып отырмыз. Тарих тұрғысынан қарағанда, Тәуелсіздік алғанына 30 жыл ғана болған жас мемлекетті әлемге таныту мақсатындағы жұмыстар — сол мемлекетті құру барысында қиямет-қайымды басынан ...
Толығырақ »Кенжеғали Сағадиев – ғұлама, кемеңгер, мемлекетшіл
Қазақта оқымысты, ойшыл дейтін қасиетті ұғымдар бар. Көне тарихтың көмбесіне үңілсек, әл-Фарабиден басталатын зерделілер керуені бүгінгі замандастарымыздың көшіне ұласатыны мәлім. Бекет ата, Қожа Ахмет Йассауи, Бұхар жырау, Абай Құнанбаев дәстүрі бертін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхаметжан Тынышбаев, Міржақып Дулатовтардың парасаттылығы мен зиялық болмысымен лайықты жалғасын тапқаны ақиқат. Әңгіме осы тұрғыдан өрбігенде, қазақ ғұламаларының ортасынан өзінің орнын ойып тұрып алған кемел ...
Толығырақ »
Тобыл-Торғай tobyl-torgai.kz