Қостанай әуежайының ұшу-қону жолағына қаржы бөлінді

Қостанайдағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жөндеу үшін облыстық бюджеттен 200 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Архимед Мұхамбетов облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қостанайдың халықаралық әуежайы 1964 жылы пайдалануға берілген. Онда әуежай кешені, аэровокзал, аэродром, авиатехникалық база, жерүсті техникасы және қажетті басқа да жабдықтар қамтылған. Ал ұшу-қону жолағы 30 жыл бойы жөндеу көрмеген.
«Расын айту керек, әуе тасымалдаушыларының көбі Қостанайға рейс ашқысы келмейді. Біз былтыр «Мәскеу-Қостанай» рейсін ашу үшін «Аэрофлотты» әрең көндірдік. Енді ұшу-қону жолағы қайта жөндеуден өткен соң басқа бағыттарға шығуға мүмкіндік аламыз. Жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталуы тиіс» деді облыс басшысы.
Жалпы, әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жөндеу үшін 8 млрд 600 млн теңге қажет. Оның 200 млн теңгесі облыстық бюджеттен бөлінсе, қалған қаржыны ҚР Инвестициялар және даму министрлігі береді.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *