Tag Archives: Амандық Әмірхамзин

Шынар Серкебайқызы туралы

Шынар әжем (яғни, әкем Қорғанның анасы) туралы көп біле бермеймін, көзін де көрген жоқпын, тек әкем Қорғанның бір-екі естілігінен есімде бар. Сондықтан, әкем естеліктерін толықтыра отырып, үзінді бере кетсем. Бірінші естелігі. «Мен аштық жылдары бес-алты жасар баламын. Бiздiң әкелерiмiз бес ағайынды болыпты. Олардың үлкенi Қожайт, Смағұл, Әмiрхамза, Әмiрәлi, Сәду. Одан басқа екi қыз болды. Осылардан 31-32 жылдардың аштығынан тiрi қалғаны ...

Толығырақ »

Торғайдың Тосыны

Тосынқұм атауы есіме түскенде әуелі Тосынның Торғай жерінің батысындағы құмды-шөлейтті аймақ екенін және атақты тархан – Шақшақ Жәнібектің қонысы болғанын білетінмін. Алдыңғы жылы Шеген ауылы жағына өткен едім, бірақ Тосынқұмды бұрын естігенім болмаса, барып көрмеген жерім. Иә, қызық, бәлен жыл Торғайда тұрсам да Тосынқұмға жол түспеген еді. Осы жолы арнайы және сайланып келдік, бірақ, әдеттегідей уақытымыз тығыз болды. Жалпы, сырттың ...

Толығырақ »

Торғай өңірінің туризмін дамыту үшін ең тартымды орындар

«Торғай өңірінің туризмін дамыту үшін ең тартымды және ерекше орындар қайсы деп ойлайсыз? Неліктен?» деген сұраққа жауап беріп көріп едім. Сонымен, 1. Арқалық қаласы – Торғай өңірінің туризм орталығы, яғни саяхат арқылы Торғай өңірін танимыз. 2. Арқалық қаласындағы Облыстық Дала өлкесі музейінің жәдігерлерімен танысу, мұндағы бірегей және сирек экспонаттар туристер үшін қызықты деп ойлаймын. Мәселен, Торғай өңірінің флорасы мен фаунасы, ...

Толығырақ »

Рудный кейсі

Рудныйдағы орын алған жағдайға Қазақстанның басқа өңірлері жағаларын ұстап жатыр. Бірақ, бұл айсбергтің ұшы ғана деп санаймын. Жалпы, Рудный туралы, ондағы жайт туралы бұрын да жаздым. Дегенмен, тағы толықтыруды жөн көрдім. Рудный қаласы Қостанай облысының екінші үлкен шаһары, аймақ орталығынан 45 шақырым қашықтықта орналасқан. Қостанайға барғанда өзіңді өте жайлы, ыңғайлы сезінесің. Тұрмысқа ыңғайлы қала, жұрты шамамен 270 мың, Рудный қаласы ...

Толығырақ »

Өнегелі өмір

  1-сурет. Көпжасар Қапанұлы Алдабергенов   Көпжасар Қапанұлы Алдабергеновты Тобыл-Торғай өңірінде білмейтін адам жоқ. Дегенмен, оның өмір жолы, жеткен жетістігі, шыққан биігі кімге болса да үлгі боларлық. Сондықтан, Көпжасар Қапанұлы туралы баяндауды өзіме парыз санадым. Және оған себеп болған мына жайттар еді. Жақында Рудный қаласына жол түскен еді, жергілікті музейді аралап жүріп, Көпжасар Қапанұлы Алдабергенов деген кісінің аты-жөнін көріп таң ...

Толығырақ »

Қасқыр мен ақбөкен және обал, сауап, рәсуа туралы

Туған жеріме жиі барамын, халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын жақсы білемін. Еңбек етсең елде де жақсы өмір сүруге болады. Бірақ, бір байқағаным аумағына бірнеше мемлекет сыйып кетеді деген Торғай жерінде де жайылымдық жердің жетіспеушілі байқалады. Олай дейтінім, ауылда мысалы бір отыз үй қой кезегін өткізетін болса, қазір жеті-сегіз үй қой кезегін алмастырады. Яғни, осыдан-ақ көп жайтты байқауға болар. Бір жағынан елдің ...

Толығырақ »

Өзбекстанға саяхат. Лайфхактар

Бірінші, әуелі құжаттарыңыздан бастайық. Шетелге шығу үшін құжатыңыз (құжаттарыңыз) (паспортыңыз, паспорттарыңыз) бар болар. Халыққа қызмет көрсету орталығында бірнеше күнде рәсімдеп береді. Төлем ақысы есімде жоқ, қымбат емес. Айтқандай, баламен шетелге шықсаңыз күйеуіңіздің (келіншегіңіздің) келісімі керек. Оны нотариус рәсімдеп береді. Сосын, жаман айтпай жақсы жоқ бұл құжаттардың екі көшірмесін алып алыңыз. Екінші, Астанадан Ташкентке бару үшін Шымкент арқылы, одан әрі қазақ-өзбек ...

Толығырақ »

Ұлытауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?

немесе Ұлытау саяхаты туралы Аяқ астынан сапарға шықтым.. Биылғы жоспар Талдықорған шаһары болатын. Бірақ, жақында шетелге саяхатым бар еді, сондықтан, оны әлі де ойласып жатқан едім, сөйтіп Жазира Жанкина ханымнан Ұлытау облысына сапар туралы хабар жетті. Бұл өңірдің туризмге жауапты органының тапсырысы болатын. Әрине, бұрын да жазғанындай Жезқазған қаласында уақытында екі ай тұрдым, Қарағанды жағынан да және Арқалық тарабынан да ...

Толығырақ »

Фёдоров қашан Жаркөл болады?!

«Құйылып тұрған көктен нұр, Жиылып тұрған көктем-жыр, Айдында шабақ шоршыған, Жаркөлдің суы мөп-мөлдір» деп келетін ән жолдары Қостанай облысының бұрынғы Жаркөл, қазіргі Фёдоров ауданы жеріндегі Жаркөл көліне арналған. Фёдоров ауданы Қостанай облысының солтүстігінде орналасқан. Аудан 1928 жылы құрылған. Жер көлемі 7,2 мың шаршы метр. Фёдоров ауданы 12 ауылдық округке бағынатын 49 елді мекеннен тұрады, осыған дейін аудан аумағында 68 елді ...

Толығырақ »

Дің немесе үйтас туралы

Жалпы, дің туралы айтқанда есімізге «Екідің» еске түседі. Екідің – VIII-IХ ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіштері, шамамен ерте темір дәуірінде пайда болған. Қостанай облысы Арқалық қаласы Екідің ауылының солтүстік-шығысына қарай, Қараторғай өзенінің екі жақ жағасында орналасқан. Ол ертедегі екі рәсімдік құрылыс тастан киіз үй тәріздес салынған. Ескерткішті 1959 жылы Ә.Марғұлан жетекшілік еткен ғылыми экспедиция зерттеген. Академик Әлкей Марғұланның деректеріне сүйенсек, ...

Толығырақ »