Еңбекті қорғау – еңбек үрдісінде адамның қауіпсіздігін, жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық, денсаулық сақтау шаралары мен құралдарының заңдық құжаттарының жүйесі.
ҚР еңбекті қорғау маңызы әлеуметтік мәнге ие, ол өндірісте еңбектің қауіпсіз әрі жағымды жағдайын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау деңгейі еңбекті қорғау саласында инженерлі-техникалық жұмысшылардың біліктілігіне бағынышты болады.
«Еңбекті қорғау» түсінігіне үш негізгі аспект енеді:
Еңбек заңдылықтары – бұл өндірістегі еңбек қарым-қатынастарын, жұмыс күні мен демалыстың тәртібін анықтайтын құқықтық және ұйымдастырушылық іс- шаралары.
Өндірістік санитария – бұл жұмысшылардың денсаулығына зиянды өндірістік факторлардың алдын алатын ұйымдастырушылық, гигиеналық және санитарлы- техникалық іс-шаралар мен құралдардың жүйесі.
Қауіпсіздік техникасы – бұл жұмысшаларға қауіпті өндірістік факторлардың әсерінің алдын алуға бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының жүйесі.
Қауіпсіздік техникасының іс-шаралары – бұл еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өндірістік жарақаттың алдын алатын жұмыс тәсілдері мен техникалық құралдардың кешені. Олар жұмыстың әртүрлі түрлерін орындаудың қауіпсіз тәсілдерін дайындауға, технологиялық үрдістерді жақсартуға, қауіпсіз техника мен технологияны енгізуге, қорғаныш қондырғыларын, белгі берудің автоматтық жүйелерін, жеке қорғану құралдарын пайдалануға бекітілген.
Соңғы уақыттарда кез-келген өндірісте, оның ішінде геологиялық барлау өндірісінде еңбектің эстетикалық жағдайына – жұмыс орындарын түстік рәсімдеуге, жұмыс орындарында функционалдық музыканың болуына, қолданылатын жабдықтың тиімді конструктивті элементтерінің болуына ерекше назар аударылады.
Еңбек жағдайы барлық өндірістік көрсеткіштер – еңбектің өнімділігі, жұмыстың сапасы, жұмысшылардың қауіпсіздігі үшін үлкен мәнге ие, олар адамның жұмыс жүргізу қабілетіне де шешуші әсер етеді.
Адамдардың өндірістегі еңбек қызметі «Адам – еңбек құралы – еңбек заттары — өндірістік орта» деген өндірістік жүйе шегінде жүзеге асады. Сондықтанда жұмыс жағдайы, оның қауіпсіздігі мен тиімділігі мұндай жүйенің барлық элементтері бір-бірімен қаншалықты байланыстылығына, қолайлылығына, қауіпсіздігіне бағынышты болады.
Еңбекті қорғау саласындағы маңызды қозғалыстар ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланысты. Өндірісті кешенді механикаландыру мен автоматтандыру еңбекті жеңілдетіп, ауыр және шаршататын дене еңбегін жойып, жарақат алу ен кәсіби аурулардың алдын алып, өндіріс ортасының қолайлы жағдайын құрып, еңбек өнімділігін арттыру үшін қолданылады.
Еңбек туралы заңдарда еңбекшілердің дұрыс және қауіпсіз еңбек жағдайына құқылы екендіктері көрсетілген, кәсіпорын әкімшілігі, ұйымдар мен мекемелер қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етулері керек.
Әкімшілік жарақаттанудың алдын алатын техниканың қазіргі кезгі құралдарын енгізіп, жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіби ауруларының алдын алатын санитарлы-гигиеналық жағдайды қамтамасыз етуі тиіс. Өндірістік белгідегі нысандарды (жаңа немесе жөндеуден өткен) пайдалануға қосу дұрыс әрі қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз еткенде ғана рұқсат етіледі.
Егерде жауапты тұлғалар мен әкімшілік қауіпсіздік талаптарын бұзып, мұның салдарынан жұмысшы немесе қызметкер жарақат алса, кәсіпорын мен мекемелер материалды жауапкершілікке тартылады. Еңбекті қорғау еңбектің дұрыс және қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етудің шараларын жүзеге асыратын күрделі кешенді қамтиды.
Тоқсанбаев Нұрбол Төребекұлы,
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің
техникалық еңбек инспекторы