Tag Archives: Қасым-Жомарт Тоқаев

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Зұлмат жылдар туралы зерттеумен шектелмей, насихаттау да қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жасаған үндеуіне қатысты қоғамның белгілі тұлғалары пікір білдіріп жатыр. Солардың қатарында қазақстандық тарихшы-ғалым, профессор, Халықаралық Түркі академиясының президенті және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі де бар. «1992 жылы арнайы комиссия құрылып, өте нәтижелі жұмыс істеді. Алаш арыстарының көпшілігі ақталды, көптеген кітаптар шықты.  ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының сөзінің мәтінін жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.   Қымбатты отандастар! Аз ғана уақыттан кейін Жаңа 2020 жыл табалдырығымыздан аттайды. Бұл – баршамызға жайдары көңіл-күй мен зор үміт әкелетін айрықша сәт. Тарихымыздың төрінде екі жылдың тоғысқан сәтінде айтылатын ақ тілектің орны бөлек. Әрбір азамат, әрбір ...

Толығырақ »

1 қаңтардан бастап не өзгереді?

Таяуда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетке қол қойды. Осы орайда Qamshy.kz ақпарат агенттігі 2020 жылы ең төменгі зейнетақы мен еңбекақы мөлшері, айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің қанша болатынын, әлеуметтік жәрдемақы кімдерге беріліп, кімдердің жалақысына үстемақы қосылатынын анықтап көрді.   2020 жылы ең төменгі еңбекақы мөлшері (42 500 теңге) өзгеріссіз қалада. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері ...

Толығырақ »

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

Ақорданың баспасөз қызметі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтінін жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ –ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ   Құрметті отандастар! Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері! Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын! Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның ...

Толығырақ »

Қасиетті Ұлытау – ұлтты ұйыстырудың, елді біріктірудің негізі

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзінің толық мәтінін таратты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзі Құрметті Форумға қатысушылар! Қасиетті Ұлытау жеріне қош келдіңіздер! Бұл – бүкіл Қазақ елі қадір тұтатын қастерлі өлке. Ұлытау – ұлтымыздың алтын бесігі, тағылымды тарихымыздың куәсі. «Үш жүздің басын қосқан Ұлытауда» ...

Толығырақ »

Қасым-Жомарт Кемелұлы көш бастады

Кеше жария болған Exit poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70 пайыздан жоғары дауыс жинап, көш бастады.  «Қоғамдық пікір» институтының кеңес төрайымы Айнұр Мәжитова елордада өткен брифингте Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13%, Әміржан Қосанов — 15,39%, Дания Еспаева — 5,32%, Жамбыл Ахметбеков — 3,86%, Төлеутай Рахымбеков — 3,03%, Амангелді Таспихов — 1,41% және Сәді-Бек Түгел — 0,86% дауысқа ие болды деп хабарлады.

Толығырақ »

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. «Сапар барысында Мемлекет басшысы Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастық форумына қатысады деп жоспарланған. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті өңірдің бірқатар кәсіпорны мен шаруа қожалықтарын аралап, Қостанай қаласы әкімдігі қоғамдық қабылдауының жұмысымен танысады» деп жазды Берік Уәли.  

Толығырақ »