Тасжарған

Астананың автобустары неге «адасып» жүреді?

Биыл қаңтарда елімізде қоғамдық көлік пен такси қызметін пайдаланғандар саны 1,8 миллиард адамға жеткен көрінеді. Бұл туралы таяуда ranking.kz жазды. Сайттың хабарлауынша, бұл – өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 1,2 пайызға көп. Сондай-ақ жолаушылардың 75,5 пайызы автобусқа мінгенді жөн көрген. Елімізде, соның ішінде астаналық ағайын да қоғамдық көлік қызметін жиі пайдаланады. Алайда, күткен автобусың кейде уақытында келмей, зықыңды шығарады. Оны айтасыз, ...

Толығырақ »

Шмидт мырза неден шошыды?

5 наурыз күні tobyl-torgai.kz сайты Арқалыққа қарасты Ашутасты елді мекеніне бір аш шибөрі кіріп кетіп, екі адамды талап тастағанын жазған болатын.  Келесі күні Халықаралық «Қазақпарат» агенттігі Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Сергей Шмидтке сілтеме жасап, ауыл тұрғындарын әбірге салған қасқыр емес, «қасқырға ұқсайтын қаңғыбас ит» деп хабарлады. Сондай-ақ агенттік «куәгерлердің сөзінше, бұл кезбе ит расымен де қасқырға ұқсайды» деп ...

Толығырақ »

Қостанайлық шенеуніктер «Нұрлы жерді» бизнеске айналдырған

Мемлекет басшы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жер» бағдарламасын қостанайлық шенеуніктер бизнеске айналдырған деп жазады zhasalash.kz. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қарамағындағылардың дәл Президент бағдарламасын майшелпекке айналдырғаны жөн болмады.  Шенеуніктер «Нұрлы жердің» тендерін 30 млн теңгеге сатқан. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі  Нұржан Жахиннің айтуынша, облыстық және қалалық әкімдік қызметкерлері 30 миллион теңге көлемінде пара алды ...

Толығырақ »

Жеріміздің қалай уланып жатқанынан еш хабарымыз жоқ…

1 микрограмм гептилдің 1 литр суға ерітіндісінің өзі адамды сеспей қатырады. Гептил синиль қышқылынан 6 есе улы. Әлемде тек Ресей ғана (Қытай аз мөлшерде қолданады дейді) қолданады. Басқа ешбір ел қолданбайды! Гептил ыдыраған кезде сұмдық зиянды мутаген шығарады. Гептилмен ластанған су бірнеше жылға дейін, топырақ ондаған жылға дейін залалсызданбайды. Ол жинала береді, сұмдық тажалдың әсері 20-30 жылдардан соң білінеді, бірақ ...

Толығырақ »

Қостанай облыстық ауруханасы науқастарға неге қырын қарайды?!

Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Қостанай облыстық ауруханасына шағым айтқан Жанкелдин ауданы Торғай кентінің тұрғыны Ләззат Жармақ өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазба қалдырды. Онда ол облыстық аурухана қызметкерлерінің сорақы қылығына ашынып, жанайқайын жеткізеді. Әңгіме түсінікті болу үшін басынан бастайық. Денсаулығы нашарлап, Қостанай облыстық ауруханасына барған Ләззат Жармақ ондағы медицина қызметкерлерінің, нақтырақ айтсақ, гинеколог-дәрігер Шавелеева Альбинаның ауруының асқынғанына қарамастан, өзіне ...

Толығырақ »

«Куттыалап — ужасное название…»

немесе Қостанай облыстық Ішкі саясат басқармасы кімнің мүддесін көздеп отыр? «Өзің білме, білгеннің тілін алма!» Бұл қалмақ қарғысы деседі, расында бүгін бір жайт осы мақалды еске түсірді. Біздің Тобыл-Торғай өңірі құстың қос қанатындай өлке ғой, облыстың жартысын Торғай өңірі алып жатса, қалған жартысын Тобыл аймағы құрайды. Алайда, Торғай өлкесінде облыс халқының 10 проценті ғана тұрады. Енді ол туралы айтпай-ақ қояйын, ...

Толығырақ »

Мұхамбетов Тәуелсіздік күнін тәрк етіп отыр ма?

  «Атың шықпаса, жер өрте» деген сүйкімсіздеу сөзді бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке қарата айтудың реті келіп отыр… Қазақ халқы Тәуелсіздік күні мерекесін асыға күтіп жүргенде, Мұхамбетов дәл 16 желтоқсан күні Қостанайдың қақ ортасына биіктігі 22 метр болатын жаңажылдық шырша тікпекші. «Қостанай қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қарлығаш Мадиярованың айтуынша, басты шырша 600 жарықдиодты пиксельдермен безендіріледі» ...

Толығырақ »

Болшы бекем, Торғайым!

Құт мекенім айықпастай қайғы алды. көрді қауым басынан бақ тайғанды. Бөкендердің жайылымы болған жер, Бөтендердің қоқысына айналды. Ұлыларым ұлықтаған бұрынғы, Қарт Торғайдың халі нашар бүгінгі. Баға жетпес анамдай ең ардақты, Нақ цифрмен белгілепті құныңды. Алған қаржы қай жыртықты жамасын, Жан жарасын қай дәкемен таңарсың. Жер-ана деп жар салуда адамзат, Жалға берген жан бар ма екен анасын. Халық кетсе дала боздар ...

Толығырақ »

Рудныйдың мәслихат депутаты жеңгетайлықпен айналысқан ба?!

Рудныйда жас қыздарға қалталы азаматтар мен қомақты табыс табатын жұмыс тауып беріп, жеңгетайлықпен айналысқан қалалық мәслихат депутатының үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі today.kz сайтына сілтеме жасап. Жыл басынан бері Рудный аумағында «жеңгетайлық» бабы бойынша 3 факті тіркелген. Солардың бірінде танымал тұлға әрі шенеунік Юлия Каралаш бар. Мәслихатта ол жастар саясаты мен экология комиссиясының құрамына кірген. Депутаттың жеке ...

Толығырақ »

Торғайлықтар полигонға түбегейлі қарсы!

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мырзаға ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мырзаға   Торғай елі халқы атынан Наразылық арыз Құрметті азаматтар! Қазір Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Үкіметке, яғни Сіздерге бар билікті берді. Сондықтан ол кісіге арызданбас бұрын осы бір шұғыл шаруамызды алдымен Сіздерге жолдап отырмыз! Біз бұл арызды қазақтың қара шаңырақтарының бірегейі, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсаринның, ұлт ұстазы ...

Толығырақ »