Түрпі

ПОЭЗИЯ «ПЫРАҚТАРЫ»

Әлем-жәлем киінген жас ақын әлдеқандай болып, редакцияның әдебиет бөліміне келіп түскен хаттарға шұқшиып отырған-тын. Кенеттен шаян шаққандай орнынан атып тұрып, қарындашының басын қарш еткізіп тістеп алды да, «тфу» деп қабырғаға қарап түкіріп жіберді. — Қарағым-ау, қара басты ма? Қараптан қарап жараған бурадай жыныңды шашқаның не? – Үндемей газет оқып отырған сақа тілші көзілдірігін шекесіне көтеріп, үрейлі көзбен көршісіне үңілді. — ...

Толығырақ »

«ҚЫЗЫЛКӨЗ» МЕНІ СОТҚА БЕРІПТІ

— Масқара болдым, зәрем зәр түбіне кетіп отыр… — Не болды соншалықты? — Айтары жоқ, құрыдым, біттім! — Ау, енді қалтырай бермей айтсаңшы не болғанын!? — Анау арыз-шағым жазумен атағы жер жарған «Қызылкөз» мені сотқа беріпті. — Астапыралла, не дейді! Немене, «бірдеңе» жеп қойып па едің? — Немді жеуші едім, жейтін не бар мен байғұста?.. Өткенде бір үлкен тойға мен ...

Толығырақ »

«Өнер жолындағы» өлермендердің сұхбаты

– Өнер жолында жүргенінізге қанша жыл? – «Ң»-ға тілі келмейтін қызыл көйлекті сары қыз сұрағын өтірік қымсына қайталады. – Тәәк, тоғыз, жоқ…, аа, сегіз жыл екен ғой, – деді бата тілегендей алақанын жайып жіберіп жылдам есептеп, екі саусағы ғана бүгілмей қалған жасыл жейделі аққұба жігіт алақ-жұлақ жұтынып. – Кешірініз, бұл екінші сауалым екен ғой, – деді сары қыз сызыла түсіп, ...

Толығырақ »

Жантық пен Тантық

Жантық пен Тантықтың жатарға төсегі бөлек демесең, айтарға өсегі де, киетін киім-кешегі де, қыртқаны мен құртқаны, жұтқаны мен ұққаны да ұқсас. Мінез-құлқы есектің екі құлағындай егіз, екеуі де тоқ қаздың бөтегесіндей бұлтиған семіз. Бар айырмасы беттерінде: бірінің жүзі бөдененің жұмыртқасындай безеу-безеу болса, екіншінің әлпеті сарымай салынған қарындай сазара жылтырып тұрады. Сосын бір «сәл-пәл» өзгерек жері, Жантық — сақаулау, Тантық — ...

Толығырақ »

Сейіт Кенжеахметұлының қалжыңдары

Дүниеге кедей болсаң Әкем Сейіт дүние-мүлік жинамайтын, кітап жинаған адам болатын. Біздің үйге келген бір әріптесі: — Секе, дүниеге кедей екенсің ғой, — депті. — Дүниеге кедей болсаң, өнерге бай боласың – деп жауап берген болатын. Әкем өзі жинақтаған, бір ізге салып зерттеп, көпшілікке шын ықыласымен ұсынған халқымыздың салт-дәстүрінде қалжыңның түрлерін берген. Соның ішінде құрдастар қалжыңының үлгісін көрсетіп кеткендей… Құрдастар ...

Толығырақ »

«Демократия дерті»

Арғы атамыз Ебелек батыр батырлығымен қоса аңқаулау кісі болыпты. Марқұмның сөзге ергіштігі жанда жоқ екен. «Аттан» десе арқасы қозып, айқұлақтанып шыға келетін ақкөз батыр — ажалды да албырт мінезінен тауыпты. Жаздың қоңыр кешінде жайлауға жыршылар келіп, «Қобыланды батырды» тыңдап отырмай ма, жыр айтушы Қобыландының «қырық үш күндік» кемшілігіне қарамай тайбурылды мініп, Қараманды қуатын жеріне келгенде, жарықтық аруағы қозып, орнынан «Аттан!» ...

Толығырақ »

Кер сиыр мені қалай танымал етті?..

«Жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсе жоққа айналып кетпейді» деген қанатты сөзді қай данышпанның айтқанын есімнен шығарып алыппын. Білетінім – бізге мектепте соны айдай ақиқат деп үйретті. «Сайт» деген сайтан, «ғаламтор» деген ғаламат қолданысқа енгелі, аталған афоризмнің ақиқаттығы айқындала түскендей. Бұлай деуіме себеп – жақында әңгімесымағым сан-сапалақ сайттардың бірінде жарық көрді. Қысқаша мазмұны мынадай: Біздің үйде бір желіні сабадай сүтті ...

Толығырақ »

Қостанайда «Сқладсқая» деген көше бар

«Жас Отан» Жастар қанатының белсенді жастары Қостанай облысы Тілдерді дамыту басқармасымен бірігіп қала көшелеріне рейд жүргізіпті. Сонда белгілі болғаны, ең көп кездесетін қате, әдеттегідей, «Дукен» сөзі екен. Бұл туралы «Костанайские новости» хабарлады. Ең сорақысы сол, қостанайлық «тіл жанашырлары» «Складская» деген көше атауын өздерінше қазақшалап, «Сқладсқая» деп бадырайтып жазып қойыпты… Күлесің бе, жылайсың ба?..   kstnews.kz  

Толығырақ »

Жасасын жемқорлық!

«Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық» дейді. Дәл осының дұрыс сөз екеніне білдей бір университеттің журналистика факультетінің студенті атанған күні көзім жеткен еді. Сөзімнің сиқына қарап әкемді дөкейлердің бірі екен деп қалмаңыз. Жоқ, әкем әліпті таяқ деп білгенімен, саналы ғұмырының төрт жылын қозы бағып, қалған қырық төрт жылында қой баққан қазақ. Баяғы сапқоздың көп қойынан тігерге тұяқ қалмай, жұрт ...

Толығырақ »

«Агая» мен «Ағай-ай»

Бала кезімде үнді киносын өліп-өшіп көргенімнің әсері шығар, «шіркін, «Индияда өмір сүрсем ғой» деп қиялдайтынмын. Біздің «гүл-дәуіріміз» барлық қиялдың «іске асуына» мүмкіндік берді емес пе, соңғы уақытта сараптай қарасам, арманыма жақындап келе жатқан сияқтымын. Мен тұратын аты жоқ қаланың Үндістаннан артық-кемі жоқ. Зәулім коттедждердің қасындағы «трущебада» тұрамын. Жалақы алған күні ерлі-зайыпты көршілерім, қыс болса қар үстінде, жазды күні жаңбыр астында ...

Толығырақ »