Tag Archives: Қостанай

Қостанайдағы Мұз арена жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Словакия Республикасынан келген «H + H Technika»  компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы аймақ басшысы өзінің instagram парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.  Кездесу барысында Қостанай қаласында Мұз аренасының құрылысын жүзеге асыру мәселелері талқыланған. «Бұрын хабарлағанымдай, ауданы 8,6 шаршы метрден асатын, сыйымдылығы 2,5 мың көрерменге арналған Мұз спорт сарайының құрылысы жүргізілуде. «H + H Technika» компаниясы Чехияның ...

Толығырақ »

«Бұл жарғанат қой!»: Қостанайда супермаркеттен шу шықты (видео)

6 қыркүйекте кешке Қостанай қаласының тұрғыны супермаркеттен тамақ сатып алған, соның ішінде жылтыр қаптамадағы көк-сөк те бар. Таңертең балаға сэндвич жасайын деп әлгі қаптаманы ашқан әйел шыңғырып, жыбырлаған нәрседен бүкіл денесі түршіккен деп хабарлайды zakon.kz. — Кешке жылтыр қаптаманы тоңазытқышқа салып қойғанмын. Таңертең оны алып, жапырақтарын суға салып жуа бастадым, сол кезде бір дыбысты естідім. Жылтырдың шытыры шығар деп оны елемедім. Жапырақтарды ...

Толығырақ »

Ғафу – жыр, Ғафу – сыр…

Жасы үлкен, қызметі жоғары болса да, көргеннен-ақ жатсынбай жаныңа өзі келетін, жасыңнан үйір жақсыңдай, жайдары шырай беретін жақсы азаматтар болады. Соның бірі, бірегейі ісімен де, мінез-құлқымен де үлгі-өнеге, көзі тірі болса осы жылғы он бесінші тамызда жасы 85-ке келетін осы ақын Ғафу ағамыз еді. Ол кісінің өзін көрмей тұрып, мектептің жоғарғы сыныбында оқып жүрген кезімізде ең алғаш кездескен өлеңіне тамсана ...

Толығырақ »

Қостанайда 3-17 тамызда карантиндік шаралар күшейтіледі

Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің орынбасары өңірде қатаң шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды деп хабарлады ҚазАқпарат. 2020 жылдың 3 және 17 тамыз аралығында облысы аумағында қатаң шектеу шаралары қабылданады. Бұл туралы Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Ю. Севостьянов хабарлады. 1)Жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бектіледі. Құрылыс материалдарын, санитарлық-техникалық және ...

Толығырақ »

Қостанайда қылмыстық топ құрықталды

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қостанайда бір тұлғаның заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Бұл әрекет «Stop-ОБНАЛ» жедел-алдын алу шарасы аясында және «Қыран» арнайы бөлімшесінің көмегімен жүргізілді. Қылмыстық топ 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін заңды тұлғалардың атынан Қостанай облысының кәсіпкерлік субъектілерінің атына іс жүзінде жұмыстар орындалмай, ...

Толығырақ »

«Халыққа химиялық у шашып жатыр»: Жалған ақпарат таратқан қостанайлық ұсталды

Әлеуметтік желіде «халыққа химиялық у шашылып жатқаны» жөнінде жалған ақпарат таратқан әйел анықталды. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, 44 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны Instagram желісінде қатерлі індеттің қайдан шыққанын айтып, халыққа химиялық у шашылғанын жария еткен. «Әйел әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жалған ақпарат таратқан. Оның видеожазбасы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тексерілді. Қазір ...

Толығырақ »

Қостанайда балабақша тәрбиешілері коронавирус жұқтырған

Қостанай қаласында коронавирустық инфекция №69 балабақша педагогтарынан анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпаратты Қостанай облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады. «Балабақша педагогтары COVID-19 вирусының симптомсыз тасымалдаушылары саналады. Қазір мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды. Ұлттық сараптама орталығы филиалының күшімен дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Педагогтармен жақын байланыста болғандар Қостанай қаласының емханаларында бақылауға алынады және тексеріледі» делінген департамент хабарламада.

Толығырақ »

КӨЗДЕН КЕТСЕ ДЕ, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕЙДІ

Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы Әбдісағит Тәтіғұлов жөнінде Бұл азамат жөнінде кезінде республика баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Өйткені, оның қазақ сәулет өнерінде, құрылыс саласында, ғылымында алар орны ерекше-тін. Атақты сәулетші сұлу шаһар Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінің жобасы үшін бір топ авторлармен бірге Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алды. Иә, Әбдісағит Тәтіғұловтың сызған негізгі жобасы бойынша көркем де сұлу Алматы шаһарындағы тұрғызылған көп ...

Толығырақ »

Президент Қостанай облысы әкіміне бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды ҚазАқпарат  Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс басшысы ҚР Президентіне коронавирусқа қарсы күрес, өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және карантиндік шараларды іске асыру барысын баяндады. Сондай-ақ азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, ШОБ-тың жұмыс режиміне біртіндеп шығуын қамтамасыз ету, егіс жұмыстары және «Жұмыспен қамтудың Жол картасын» іске асыру ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов Тобыл-Торғай жұртына үндеу жолдады

Құрметті қостанайлықтар!      Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының  жаңа COVID-19 коронавирус пандемиясын жариялауына байланысты және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан  Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан  Республикасында төтенше  жағдайды енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Төтенше жағдай Қазақстан  Республикасының бүкіл аймағында 2020 жылғы   16 наурыз     08 сағат 00 минуттан бастап 2020 жылғы 15 сәуір  07 сағат 00 минутке дейін енгізіледі. ...

Толығырақ »