Қостанайда 76 жастағы қарт әжені аса қатыгездікпен өлтірген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Оқиға 23 ақпан күні қала маңындағы «Мичурино» ауылында болған. Сағат 21: 00 шамасында 102 пультіне Дачная көшесіндегі үйдің өрті туралы хабарлама келіп түсті, өртті сөндіру барысында зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар 76 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі – кісі өлтіру бойынша тіркелді, — ...
Толығырақ »Tag Archives: Өрт
Қостанай облысындағы ауылда өрттен ана мен бала қаза тапты
Қостанай облысы Құсмұрын кентіндегі жеке үйлердің бірінде 34 жастағы әйел алты жасар ұлымен бірге өрттің құрбаны болды. Олардың мәйіттері өрт сөндіру кезінде табылды. Бұл дерекке ТЖД мен облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер 26 қаңтар күні сағат 09:09-да шақырылған. Жеке тұрғын үй өртенді. Сағат 09:17-де өрт сөндірушілер оқиға орнына келді. ...
Толығырақ »Әулиекөлдегі орманды өртеді деген тракторшыға сот үкімі шықты
Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртке қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Александр Репейко қылмыстық кодекстің 341-бабы 1-бөлігі («ормандарды жою немесе зақымдау») бойынша айыпталған. Сотта 2022 жылдың 2 қыркүйегінде Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Бағаналы кентінде ағай өңдеуші (лесозаготовитель) Есмағанбетов бұрын таныс болмаған «МТЗ-82» маркалы тракторды басқарған Репейкоға өтініш айтқаны анықталды. Ол ...
Толығырақ »Қостанай облысында болған орман өртіне тракторшы кінәлі болып шықты
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында болған алапат орман өртіне 44 жастағы тракторшы Александр Рапейко кінәлі болып шықты, деп жазады tobyl-torgai.kz «Тоболинфоға» сілтеме жасап. Істі Әулиекөл аудандық соты қараған. Сот Рапейконың тракторды жоғары қауіп көзі ретінде, ұшқын сөндіргішсіз және ақаулы цилиндрлі-поршеньді тобымен жұмыс істегенін анықтады. Салдарынан көп мөлшерде май шығып, газ шығатын түтікте майлы күйе түзілген. Кондратьев орман шаруашылығының №22 кварталына апаратын ...
Толығырақ »Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты (ВИДЕО)
Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап. Департамент мәліметінше, 12 қаңтар күні сағат 10:20-да кезекші пультіне өрт туралы хабар келіп түсті. Оқиға қаладағы Текстильщиков көшесіндегі тұрғын үйде болған. Қаланың өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бірінші қабаттағы пәтерден түтін шықты. 20 шаршы метр аумақтағы бөлмелердің бірінде жиһаз, үй заттары жанып жатты. Түтін үйдің барлық қабатына тез ...
Толығырақ »Қостанай облысындағы өртке кінәлі болуы мүмкін бірнеше күдікті анықталды — министр
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрт бойныша тергеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп жазады BAQ.KZ. Қостанай облысындағы өртке оранған аудандарға қатысты қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеушілер бірқатар лауазымды тұлғаны ұстады. Оларға айып тағылуда, — деді Төтенше жағдайлар министрі Үкімет отырысынан соң. Еске салайық, қыркүйекте Қостанайдың Әулиекөл ауданында орман өртке оранып, салдарынан 2 091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын ...
Толығырақ »Әулиекөлде өрттен зардап шеккендерге пәтер кілттері табысталды
Бүгін Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккен өңір тұрғындарына жаңа үйлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бір жарым ай бұрын тұтанған өрт өңіріміз үшін ауыр сынақ болды. Жан түршігерлік өрт орман мен 91 үйді шарпыды. Біздің басты міндетіміз инфрақұрылымды қалпына келтіріп, адамдарды әдеттегі өміріне қайтару болды, — деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. Құрылысыс жұмыстары ...
Толығырақ »Қостанай облысындағы орман әдейі өртелген – Юрий Ильин
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы алапат өртке табиғи фактордың қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап. Оның айтуынша, алапат орман өртіне байланысты тергеу шаралары әлі жалғасып жатыр. Дегенмен өрттің найзағай түсуден тұтанғаны туралы болжам толығымен жоққа шығарылған. 3 қыркүйекте негізгі өртеніп жатқан орманнан 2 шақырымдай жерде бөлек ошақтары болды. Тіпті шыршалардың ұшар басын ...
Толығырақ »Қостанайда орман өртінен зардап шеккендер қанша теңге өтемақы алады
Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қостанай облысындағы өрттен кейін баспанасыз қалған тұрғындар қанша өтемақы алатынын айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Мүлкі (шаруашылық құрылыстары, ауыл шаруашылығы техникасы) өрт салдарынан зардап шеккендерге мүліктің бүлінгені үшін өтемақы бағалау құнымен ішінара төленеді, — делінген Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында. Оқи отырыңыз: Әулиекөлде өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалды Сондай-ақ, Премьер-министрдің айтуынша, Қостанай облысының зардап ...
Толығырақ »Әулиекөлде өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталып қалғанын жазды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Әулиекөл ауданында рекордтық қысқа мерзімде тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Жақын арада тұрғындарды қоныстандыру басталады. Көріп отырғандарыңыздай, фотосуреттерде бір айдағы үлкен өзгерістерді байқауға болады, — деп жазды облыс әкімі. Бұған дейін орман өртінен зардап шеккен Әулиекөл ауданы тұрғындарының үйлерін салуға бірнеше ...
Толығырақ »