Таспа

Қостанайда зауыт отқа оранды

Қостанайдағы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын «Агротехмаш» ЖШС ғимараты өртке оранды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқыс оқиға бүгін сағат 07:30-дер шамасында болған.
«Гагарин көшесіндегі «Агротехмаш» ЖШС ғимаратынан өрт шықты. Қоймадағы ағаш қабырғалар, жылытқыш материалдар, төбе жабынғысы жанып кеткен. Қойма басшысы бөлмесіндегі жиҺаздар, компьютерлер мен құжаттар да өртенді. Оқиға орнына жеке құрамның 11 қызметкері жұмылдырылды» деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт Балғина.
Ведомство мәлім еткеніндей, өрттің себептері анықталған жоқ. Жалын 10 метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 08:09-да толығымен сөндірілді.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы ауқымды мәселеге айналды — Амандық Әмірхамзин

Астанада өткен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуіне қатысушылар әр аймақтағы мәселелерді талқылады. Қостанай ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *