ҚМПИ университет мәртебесіне ие болды

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты университет мәртебесіне ие болды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында оқу орнының ректоры Еркін Әбіл мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Соңғы 5-6 жылда ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары білім алуға қолжетімділік деңгейін арттыруға байланысты біраз талап қойды. Соның бірі магистратура мен докторантураға жол ашу екені белгілі. Біздің институт жаңа мәртебе алу үшін көп жұмыс істеді. Министрліктің тексерісінен өтіп, 2018 жылдың 6 наурызынан бастап университет мәртебесіне ие болдық» деді Еркін Әбіл.
Ректордың айтуынша, оқу орнында биылдан бастап жатақхана салу, білім гранттарын көбейту жұмыстары қолға алынады.
«Университет мәртебесі оқытушылар үшін де, студенттерге де жаңа мүмкіндіктер ашады. Егер институт бір профильдің студенттерін даярласа, университет түрлі бағыттағы мамандарды оқытады. Бұдан басқа, енді біздің студенттеріміз магистратурада және докторантурада оқуларын жалғастыра алады. Елдің басқа өңірлеріне немесе Ресейге шығудың қажеті жоқ. Алдағы уақытта халықаралық рейтингтерден көрінуге тырысымаз» дейді ректор.

Белгілі болғандай, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті келесі оқу жылынан бастап «Педагогика және психология» мамандығына магистратура талапкерлерін қабылдайды. Ал докторантура «Тарих» және «Биология» мамандығы бойынша ашылмақ.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *