Архимед Мұхамбетов компания басшыларына ескерту жасады

Соңғы жылдары Қостанай облысында еңбек қатынастарының бұзылу жағдайлары жиілей түсті. Осыған қатысты 2017 жылдың қорытындылары бойынша әкімдікте өткен кеңейтілген отырыста облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев баяндама жасады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде 2017 жылы еңбек қатынастары бойынша уәкілетті органға жұмысшылардың еңбек құқығының бұзылғаны туралы мыңнан астам шағым түскенін айтты.
«2016 жылмен салыстырғанда анықталған құқық бұзушылықтар 37 пайызға көбейіп отыр. Мұның ішіндегі еңбек қатынастары 34 пайыз, еңбек қауіпсіздігін қорғау 81 пайызға, халықты жұмыспен қамту бойынша тәртіп бұзушылық 2 есе өскен» дейді М.Жүндібаев.
Шағымдардың басым бөлігін еңбекақы төлеу мәселелеріне қатысты екен.
«Өткен жылы мыңдаған жұмысшыға 120 млн теңгенің жалақысы өндіріліп берілді. Жалпы 250 млн теңгенің қарызын қайтарып бере алдық. Бүгінгі таңда еңбекақы бойынша бір ғана мекеменің мойнында 1,1 млн теңгені құрайтын қарыз тұр. Ол Қостанайдағы «APN» ЖШС» деді М.Жүндібаев.
Жиын барысында кәсіпорындар мен борышкер компания басшыларының есімдері аталды. Айыппұл салынғанына қарамастан көптеген кәсіпорын еңбек заңнамасын бұзуды доғармапты. Жалақы төлемейтіндері өз алдына, кейбір мекеме басшылары өз қызметкерлерін зейнетақы төлемдерінен айырып отырған көрінеді.

«Ең бастысы, барлық жұмыс берушілерге қатысты біздің өз тетіктеріміз бар. Мен қорқытып, үркітіп тұрған жоқпын, тек сыпайы түрде әкімшілік кодекстің 87-бабын естеріңізге салып, ескертіп тұрмын. Үнемі мониторинг жасап отырамыз, жалақы қарыздарынан құтылмағандарға айыппұл салып, шара қолданамыз» деді облыс басшысы.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *