02.10.2019

Қарттарын қадірлеген ел өркендер

Жангелдин ауданы Көкалат ауылында қарияларға арналған тағылымды іс-шара өтті. «Ажар» дәмханасында тұрғындарға ас беріліп, Албарбөгет орта мектебі оқушылары әзірлеген «Қарттар – тарих, қазына, ел қазығы» атты мерекелік концерт ұсынылды. «Бүгінде Көкалатта зейнет жасындағы 63 адам бар. Оларға жағдай жасау әрқашан біздің назарымызда. Ауылдық округте 17 жеке шаруа қожалығы тіркелген. Кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаға белсенді қатысады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ұмытқан емес. Соның нәтижесінде ...

Толығырақ »

«Қазгидромет» ескертеді: Қостанай облысында дауыл соғуы мүмкін

Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 3 қазан күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады. «Ал 3 қазан күні күндіз Қостанайда оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 18 метр жылдамдыққа жетеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95%» дейді синоптиктер.  

Толығырақ »

Қостанайлық бала 7 жыл бойы мүгедектік төлемін ала алмаған

Қостанайда 7 жасар балаға 7 жыл бойы мүгедектік тобы қойылмаған деп хабарлайды ҚазАқпарат. 26 жастағы Айсұлу Шибаева – екі баланың анасы. Ол екінші топтағы мүгедектігі үшін зейнетақы мен атаулы әлеуметтік көмек алады. Жеті жыл бұрын жол апатына түсіп, бірқатар ауыр ота өткерген. Бір жылдай төсек тартып жатқан келіншек аяққа тұрып, тіпті, екінші баласын дүниеге әкелді. Дәрігерлер Айсұлу Шибаеваның тұңғышына ұзақ ...

Толығырақ »

Арқалық және Рудный Құрылыс бөлімдерінің басшылары пара алды деген күдікке ілінді

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Рудный және Арқалық қалаларында құрылыс бөлімдерінің басшыларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» ММ басшысы «Рудный қаласындағы шағын аудандарды газдандыру» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары шартын бір көзден алу тәсілімен жасағаны үшін және орындалған жұмыстардың актілерін кедергісіз ...

Толығырақ »

Студенттік жатақханалар құрылысын өз бақылауыма аламын — Архимед МҰХАМБЕТОВ

Қостанай облысының әкімдігінде өткен селекторлық жиында студенттік жатақханалардың құрылыс мәселесі талқыланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Қостанай облысында Автомобиль жолдары, Политехникалық және Медициналық колледждер студенттері үшін жатақханалар салу жоспарлануда. Облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк атап өткендей, жатақхананың құрылысы ауылдық жерлердегі жастарды тұрғылықты баспанамен қамтамасыз етуге және 1250 студенттің өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. «Қазіргі уақытта екі жатақхананың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. ...

Толығырақ »

Футбол: «Тобыл» қақпашысы рекорд жаңартты

Қостанайлық «Тобылдың» қақпашысы Эмиль Балаев өз қақпасына 699 минут бойы гол жібермеген. Бұл — 2019 жылғы футбол маусымының жаңа рекорды.  Әзербайжан құрамасының қақпашысы соңғы рет осы жылдың 28 шілдесі күні «Қайсар» шабуылшысы Куле Мбомбодан гол жіберді. «Эмиль Балаев осы маусымдағы өзінің рекордын қайта жаңартты. Бұған дейін оның көрсеткіші 683 минут болған. Егер ол алдағы матчта 14 минут қақпасын «аман» ұстаса, ...

Толығырақ »