Monthly Archives: қараша 2019

Лисаков қаласында әктас өңдеу зауыты ашылады

Қостанай облысы Лисаков қаласында екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар брифингінде өткен баспасөз мәслихатында Лисаков қаласының әкімі Алмат Исмағұлов айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. Лисаков қаласында өткен тоғыз айда өнеркәсіптік өндіріс саласы ілгерілеп, 46 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Өсім өңдеуші өнеркәсіпте де байқалады. Мұндағы көрсеткіш 6,1 млрд теңгеге жетіп, өткен жылға қарағанда 29%-ға ...

Толығырақ »

Қостанай облысында қаржы жымқырған Мәдениет үйінің басшысы мен есепшісі сотталды

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Е. Өмірзақов атындағы Таранов аудандық мәдениет үйі» ММ-нің басшысы Жандыбаева мен сол мемлекеттік мекеменің бас есепшісі Мощенкоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. Мәліметке сай, олар 722 000 теңге сомасына костюмдерді тігу бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін әзірлеп, оған қол қою жолымен қызметтік жалғандық және бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. ...

Толығырақ »

Қостанайда шенеунік пара алды деген күдікке ілінді (видео)

Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Қостанай облыстық филиалының басшысы пара алды деген күдікке ілікті. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  Қостанай облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі АШМ Агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Қостанай облыстық филиалының басшысына қатысты сыбайлас ...

Толығырақ »

Ертең Қостанай облысында ауа райы құбылады

13 қарашада, яғни ертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, күші 18 м/с болады деп күтіледі деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «Қазгидромет» мекемесінің мамандарына сілтеме жасап. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%. Тобыл-Торғай-ақпарат

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов Омбыда Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына қатысты

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қазақстандық делегация құрамында Ресей Федерациясының Омбы қаласында өтіп жатқан XVI Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  Форум жұмысына өңір және облыс басшылары, мемлекеттік орган мен бизнес саласының өкілдері қатысты, сондай-ақ, форум жұмысы барысында шекаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелер қаралды, ресейлік өкілдермен ...

Толығырақ »

Әр ауданда ауыз толтырып айтарлықтай істер бар — Марат ЖҮНДІБАЕВ

Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған істер қорытындыланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асқанына екі жылдан астам уақыт өтті. Сол уақыт аралығында өңірде қоғамдық сананы жаңғырту бағытында түрлі жобалар қолға алынып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әр тоқсан сайын облыс әкімдігінің жанындағы консультативті кеңесші орган қоғамдық мәжіліс өткізіп тұрады. Бүгінгі кездесу облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың ...

Толығырақ »

Қостанайда мұғалім оқушыны ұрған

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сабақ үстінде оқушыны ұрған мұғалімге қатысты сот үкімі шықты. Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, А. есімді мұғалім сабақ үстінде Б. есімді оқушыға жұдырық жұмсаған. «Бастапқыда мұғалім кінәсін мойындамаған. Бірақ сот отырысы барысында оның кінәсі куәгерлердің айғағымен расталды» дейді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер. Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен мұғалім ҚР ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі ...

Толығырақ »