Monthly Archives: желтоқсан 2019

Қостанай облысында бюджеттік ұйымдар үшін ауызсу бағасы қымбаттайды

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап су тарифі тек бюджеттік ұйымдар үшін ғана қымбаттайды. Бұл туралы «Қостанай-Су» коммуналдық кәсіпорнының директоры Еркебұлан Файзуллаев мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат. Кәсіпорын директорының айтуынша, тұрғын үй секторлары үшін жаңа жылдан бастап суық су тарифі көтерілмейді. «Біздің кәсіпорын халықтың әлеуметтік тұрақтылығын нығайту бойынша біршама жұмыс атқарды. Бір жағынан тұтынушылар берешегі азайып, қаржыны игеру көрсеткіші артты. Сонымен қатар ...

Толығырақ »

WhatsApp топтық чаттарға жаңа функция енгізді

iOS және Android жүйесіндегі WhatsApp мессенджерінің соңғы бета-нұсқасында өздігінен жойылатын функция пайда болды деп хабарлайды WABetaInfo.  Жаңа функция тек топтық чаттарға арналған. Онда хабарламаны белгілі бір уақыт ішінде көрсетуге болады. Яғни сіз белгілеген уақыттан (сағат, күн, апта, жыл) соң, хабарлама өздігінен өшіп кетеді. Осылайша, хабарлама жойылып, телефоныңыздың жады біршама жеңілдей түседі. Автоматты тазалауды группаның баптауларында қосуа аласыз. Бұл мүмкіндікті топ әкімшісі ғана ...

Толығырақ »

Cейфуллин, Майлин және Жансүгіров бейнеленген монеталар пайда болды

Ұлттық банк номиналы 500 теңгелік «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясынан Á.Qasteev Búrkitshi коллекциялық монеталарын және номиналы 100 теңгелік «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан I. Jansúgirov. 125 jyl, S. Seifýllin. 125 jyl, B. Mailin. 125 jyl6, T. Rysqulov. 125 jyl коллекциялық монеталарын айналымқа шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, монеталар түрлі түсті басу ...

Толығырақ »

28 желтоқсан жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды

28 желтоқсан жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады», — деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли. Еске салайық, 27 желтоқсан күні Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және ...

Толығырақ »

Еңбек ардагері Әлімжан Хамилин 80 жасқа толды

Бүгін есімі Тобыл-Торғай жұртына етене таныс еңбек ардагері Әлімжан Хамилиннің туған күні. Саналы ғұмырын экономика саласына арнаған Әлекең сексеннің сеңгіріне сергек шығып отыр. Құтты болсын айтамыз! Әлімжан Хамилин 1939 жылы Қостанай облысы Жанкелдин ауданы Шақшақ Жәнібек ауылында туған. 1958 жылы осы аудандағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірген. Алматыдағы Халық шаруашылығы институтын экономика мамандығы бойынша аяқтаған ол, Торғайда банк саласында, аудандық ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдады

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Денисов және Қамысты аудандарына жұмыс сапарымен барып, Nur Otan партиясының жергілікті кеңсесінде тұрғындарды қабылдады деп хабарлайды ҚазАқпарат. А.Мұхамбетовтің Nur Otan партиясы кеңсесіндегі қабылдауына екі ауданның тұрғындары жазылған. Қамысты ауданына қарасты Арқа ауылының бірнеше азаматы былтыр ауыз сумен қамтылған елді мекенге енді газ құбыры тартылса игі болар еді деген тілектерін жеткізсе, Денисов ауданының тұрғындары көптен күтім көрмеген ...

Толығырақ »

Қостанай облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан тәртіп сақшысы көз жұмды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Қайғылы оқиға 18 желтоқсанда Қостанай-Әулиекөл-Сұрған автожолының 84 шақырымында болған. «Жүк көлігі мен «Ауди» соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп жетті. «Ауди» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Жол апаты салдарынан Әулиекөл ...

Толығырақ »

Торғайда газ баллоны жарылып, 4 адам қаза болды

Жанкелдин ауданының орталығы Торғай селосында тұрғын үй ішінде газ баллоны жарылып, 4 адам көз жұмды. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға 15 желтоқсан күні Торғайда болған. Соңғы мәлімет бойынша, Байқадамов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылған. «Сағат 21:00 шамасында аудандық ауруханаға бес адам жеткізілді. Олардың арасында үш баланың денесін 40%, ал ...

Толығырақ »

Батырдың сырттаны — Шақшақ Жәнібек

Шақшақ Жәнібек — ХҮІІІ ғасырдағы қазақ тарихында көрнекті қызмет атқарған тұлға. Оның жаужүрек батырлығын, рубасы би ретіндегі басшылығын, ел тағдыры мен мемлекет мүддесін қорғаған дипломатиялық қызметін қазақ жұртының тыныс-тіршілігіне ерекше екпін қосқан елшілдік қызмет болды деп айтуға толық негіз бар. Даланың ауызша тарихы Шақшақ Жәнібектің ерлік істері Әз-Тәуке ханның билігі тұсынан басталған деп аңыздайды. Бұл тұста Жоңғар империясының әскери-феодалдық мемлекет ...

Толығырақ »

Жігері жасымаған Жұмагүл

1986 жылдың желтоқсанында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнына есімі қазақ жұртына беймәлім Г.Колбин отырғызылғаны белгілі. Басшылықтың ауысуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Орталық компартияның шешіміне наразылық білдіргісі келген жастар 17 желтоқсан күні таңертең сол кездегі Л.Брежнев атындағы алаңға жиналып, шеру өткізді. Алайда жастарға «нашақорлар, маскүнемдер, бүлікшілер» деген айып тағылып, жаппай жазалауға алынды. Ақ қар, көк мұзда алаңға шыққан ...

Толығырақ »