Қостанайда із-түзсіз жоғалған 22 жастағы жігіт туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

Қостанайда 1 наурыз теміржол вокзалы маңындағы жұмысынан шығып, із-түзсіз жоғалған 22 жастағы жігітті іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жігіттің әкесі баласының қайда жүргені туралы ақпарат үшін сыйақы төлеуге дайын екенін айтып, видео жолдады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Аlau.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеоны «Барыс» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері жариялады.

Біз 1 наурызда жоғалып кеткен 2001 жылы туған Жалғас Хамитовтың ата-анасымыз. Баламыздың нақты мекен-жайын біліп, қайда екенін нақты айтқан адамға ақшалай сыйлық жариялаймыз. Кімде-кім ол туралы мәлімет болса, хабарласуын сұраймыз, — делінген видео хабарламада.

Фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...