ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Халық денсаулығын сақтау – әлемнің кез-келген елінің маңызды мемлекеттік міндеті болып табылады. Қызметкердің денсаулығы мен еңбек ету қабілетінен айырылуы медициналық, әлеуметтік, экономикалық және демографиялық проблема болып табылады. Қызметкердің еңбек ету қабілетінен жартылай немесе толығымен айырылуы оны негізгі тіршілік көзінен – еңбек ету қабілетінен айырады. Бұл жалақысынан айырылуына, соның салдарынан материалдық жағдайының нашарлауына әкеледі. Осылайша, қызметкер мен оның отбасының әл-ауқатына, тұрмыс деңгейіне, біліктілік және географиялық ұтқырлығына ықпал етеді.

Қоғамымыздың басты мақсаты – еңбекті адамның бірінші кезектегі өмірлік қажетіне айналдыру. Ал тиімді еңбек ету үшін қызметкерлерге қажетті жағдай жасау, олардың десаулығын сақтау, еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби сырқатты және өндірісте зақымдануды болдырмау қажет. Еңбек қорғау ғылымы осы мәселелермен, яғни еңбектің зиянсыз, қауіпсіз жағдайларын жасаудың проблемаларымен айналысады.

Еңбекті қорғау дегеніміз құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де шаралар мен құралдарды қамтитын еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының  қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Демек, еңбекті қорғау ғылымы өндірістегі жазатайым оқиғалардың, кәсіби сырқаттардың, жарылыстар мен өрттің себептерін анықтап, оны болдырмаудың қажетті шараларын жасайды.

Еңбекті қорғау саласындағы маңызды қозғалыстар  ғылыми-техникалық прогреспен тығыз  байланысты. Өндірісті кешенді механикаландыру мен автоматтандыру еңбекті жеңілдетіп, ауыр және шаршататын дене еңбегін жойып, жарақат алу ен кәсіби аурулардың алдын алып, өндіріс ортасының қолайлы жағдайын құрып, еңбек өнімділігін арттыру үшін қолданылады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қалай болғанда да, қоғамның әр индивидінің өмірінің бір бөлігі болып табылады. Барлық адамдар өз өмірінің ішінде бірнеше рет еңбек құқықтық қатынастарын, демек, еңбекті қорғау қатынастарын да өрбітеді. Еңбекті қорғаудың жалпы алғандағы қоғамның жай-күйіне айтарлықтай әсер ете алатындығын ерекше атап өткен жөн. Еңбектің қажетті жағдайларымен қамтамасыз етілмеген қызметкерлер, үнемі шамадан тыс жұмыс істеудің, шаршап-шалдығудың және жұмыспен байланысты проблемалар ауыртпалықтарының салдарынан өз денсаулықтарына, әрі тек денесінің ғана емес, сонымен қатар моральдық денсаулығына да көңіл бөле алмайды.

Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша мемлекеттік стандарт талаптары, ережесіне сәйкес болуы тиіс. Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарын бұзуы салдарынан жұмыс уақытша тоқтайтын болса, жұмысшының қызмет орны мен орташа айлық жалақысы сақталады. Жұмысшының өз өміріне қауіп және (немесе) зиян келу жағдайына қарай жұмыстан бас тартуы оның тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартылмайды. Жұмысшылар жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, жұмысшы қызметін тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші сол себепке жұмысшының орташа жалақысын төлеуі тиіс.

Қызметтік міндеттерін атқаруда жұмысшының өмірі мен денсаулығына зиян келсе, оған келген зиян Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен азаматтық заңнамасында қарастылырған шарттар мен тәртіппен өндіріледі.

 

Нұрмұханов Азамат Сәрсенбайұлы,

Темір ауданы №4 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін мектептің техникалық еңбек инспекторы

Мынаны да қараңыз

«Арқалық әуежайына бөлінген қаржы қайда?»: Берік Бейсенғалиев Үкіметке депутаттық сауал жолдады

Арқалық қаласындағы жекенің қолына сатылып кеткен әуежай жұмысын қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен 9,5 млн ...