Monthly Archives: маусым 2026

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі үшін Қостанай облысы Жангелдин аудандық ауруханасының бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Нұржамал Баяхметқызы Бимағанбетова «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұған дейін «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атанған, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болған білікті маманның бұл марапаты бар ғұмырын адам саулығына арнаған еңбектің заңды жемісі десек, ...

Толығырақ »

Анам Ажар Ысқаққызының әкесі Ысқақ Смайылов туралы

31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болды. Жалпы, бір күнге екі датаны қосақтап қоюға түбегейлі қарсымын. Бір күнді жеке репрессия құрбандарына арнауымыз керек те, екінші күн Ашаршылық құрбандарына арналуы тиіс. Енді, қуғын-сүргінге қатысты айтатын болсақ, респрессияға ұшырамаған қазақ отбасы жоқ шығар. Мысалы, менің анам Ажар Ысқаққызының әкесі Ысқақ Смайылов (мына құжатта Исмаилов деп жазылып тұр) туралы баяндай отырайын. ...

Толығырақ »

Жез киік, біздің жаққа қайдан келдің немесе ақбөкеннің болашағы қандай болмақ?

Осыдан бірнеше жыл бұрын, кезіндегі вегетариан һәм жас экология министрі Зүлфия Сүлейменова 1815 құралай лағын қолға үйретеміз деп айды аспанға бір ақ шығарды, жұртшылық арасында бұл жөнінде едәуір шу шықты. Кейбір ағайындар әңгіме киікті атып алу жөнінде деп қате түсінген сыңайлы, дегенмен, Қазақстанда киік атуға мораторий 2024 жылға дейін деп тоқтатылған болатын да кейін белгілі бір мөлшерде қатаң бақылаумен атуға ...

Толығырақ »

Тарихымыз табанымыздың астында жатыр….

Естеріңізде болса былтырғы жылы Рудныйда көше атауларын ауыстыру жөнінде талқылау болғаны мәлім. Сонда жұлқынып, тістеніп: «Бұл менің қалам, сендер жатсыңдар» деген сарында бір әйелдің шыққанын да, оның видеосын көрген боларсыздар. Әрине, тәуелсіздік алғаннан бері бірде бір көшенің атын ауыстыруға құлықтары жоқ, қолдарынан іс келмейтін Облыстық мәдениет басқармасын ба әлде Қоғамдық даму басқармасын кінәлаймыз ба не жергілікті билік органдарының оралымсыздықтары дейміз ...

Толығырақ »

ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ СЫБЫЗҒЫШЫЛЫҚ ДӘСТҮР

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ даласында болған И.Андреев, Ф.Назаров, И.Липаев, П.Тихов т.б. саяхатшылар мен этнографтар қазақ даласында жиі қолданылған музыкалық аспаптардың бірі ретінде сыбызғыны атап көрсетеді. Тіпті Алексей Левшиннің жазбаларында «…қырғыздардың ең басты аспабы қобыз бен сыбызғы» деген жолдар кездеседі. Әуезі сырға толы, әуені жүрек тербейтіндей осынау ғажайып аспаптың жасалу жолы да оңай. Қолының ебі бар кез келген адам қурайдан кесіп алып ...

Толығырақ »