
«Әділет» партиясы Жангелдин аудандық штабының мүшелері ауданның зейнеткерлерімен кездесті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Кездесу барысында штаб мүшелері қатысушыларды «Әділет» партиясының Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың өмірлік тәжірибесіне сүйенген ұсыныс-пікірлері мен ақыл-кеңестерін тыңдады. «Қариясы бардың – қазынасы бар» демекші, елдің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан аға буынның өнегелі жолы мен даналығы – кейінгі ұрпақ үшін үлкен тағылым екені ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ, кездесуде қоғамның бірлігі мен елдің жарқын болашағын қалыптастырудағы әр азаматтың жауапкершілігі сөз болып, зейнеткерлер алдағы тамыз айында өтетін сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауы арқылы елдің дамуына үлес қосуға және «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырылды.
Тобыл-Торғай tobyl-torgai.kz