«Әділет» партиясы Жангелдин аудандық штабының мүшелері жастармен кездесті

«Әділет» партиясы Жангелдин аудандық штабының мүшелері аудан жастарымен кездесті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Кездесу барысында штаб мүшелері жастарды «Әділет» партиясының Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектерін тыңдады. Жастар – еліміздің жарқын болашағы, қоғамның қозғаушы күші екені айтылып, олардың белсенді азаматтық ұстанымы мен тың бастамалары Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам екені ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ жастарды алдағы тамыз айында өтетін сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауы арқылы елдің болашағына үлес қосуға және «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды.

Мынаны да қараңыз

Жез киік, біздің жаққа қайдан келдің немесе ақбөкеннің болашағы қандай болмақ?

Осыдан бірнеше жыл бұрын, кезіндегі вегетариан һәм жас экология министрі Зүлфия Сүлейменова 1815 құралай лағын ...