Мотоциклші қаза тапқан сәтте түсірілген видео пайда болды

Қостанай облысында мотоциклші қаза тапқан сәтте түсірілген видео пайда болды. Видеотіркеу құрылғысы түсірген видеода «Лада Ларгус» көлігі Калинин көшесімен келе жатқан. Кейін ол оңға бұрылып, екінші жолақпен келе жатқан. Жүргізуші солға бұрылуды ойлайды. Осы кезде соққы болған. Мотоцикл жүргізушісінің шлемі ұшып кеткен деп хабарлайды Аlau.kz порталы.  Тағы бір видео жол-көлік оқиғасы болғаннан кейін түсірілген. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан. Толығырақ мәліметтерді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі кейінірек таратады. Еске салайық, жол апаты Рудный қаласында болған.

 

Таяуда Қостанайда автокөлік жүргізушісі скутер теуіп жүрген қызды қағып кеткен еді. Қыз бала ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оны қарап шығып, үйіне жіберген.

Alau.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *