Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын.
- Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 24 маусым № 29