03.06.2019

Қостанай облысының әкімі Instagram желісіне тіркелді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram әлеуметтік желісіне тіркелді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс басшысы желідегі алғашқы жазбасында тұрғындарды ашық диалог құруға шақырды. «Құрметті Қостанай облысының тұрғындары мен қонақтары! Халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына кіре отырып, мен Instagram әлеуметтік желісіне тіркелдім. Әлеуметтік желі тұрғындармен ашық және тікелей қарым-қатынас жасауға өте ыңғайлы. Менің ойымша, біз оқырмандармен бірге біздің облыстың одан әрі даму перспективаларын ...

Толығырақ »

Туристер санын төмендетіп отырсыздар… — Архимед МҰХАМБЕТОВ

Қостанай облысына келуші туристер қатары 13 пайызға артты. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде айтылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қостанай облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Горяннаяның сөзіне қарағанда, 2018 жылы облыста туризм саласының өсу үрдісі байқалады. Туристік салада көрсетілетін қызметтер көлемі 14,7% артқан. Бұл бағытта 1,7 млрд теңге жұмсалды. «Облысқа ...

Толығырақ »

Елордада жоғалған бала Ұзынкөл ауданынан табылды

Ұзынкөл ауданының полицейлері Нұр-Сұлтан қаласында жоғалып кеткен 9 жасар баланы тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға 1 маусым күні Ұзынкөл ауданында болған. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Асылбек Молдағалиев Речное ауылында жүрген бейтаныс әйел мен кәмелетке толмаған баланы байқаған. «Әйел тәртіп сақшысының сұрақтарына жауап бере алмай, мүдіріп, өзін басқа есіммен таныстырған. Нұр-Сұлтан қаласынан келгенін, ...

Толығырақ »