Қостанай облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы қаулысы қабылданды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1, 21,148, 150 және 152-баптарына сәйкес, «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ № 43), «Қатаң шектеу шараларын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 44 қаулысына сәйкес Қостанай облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында қаулы қабылданды, — делінген Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары Ю. Севостьяновтің хабарламасында.
Қостанай облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес:
1. Қостанай облысының аумағында 2020 жылғы 5 шілдеде сағат 00: 00-ден бастап 14 күн мерзімге қатаң шектеу шаралары енгізіледі;
2. Аудандар мен қалалардың әкімдеріне, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне, құқық қорғау және арнайы органдарына, кәсіпкерлік субъектілеріне, Қостанай облысы тұрғындарына:
1) қалааралық, ауданаралық автобус тасымалдарын тоқтата тұруды;
2) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;
3) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне тыйым салу;
4) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың қызметіне тыйым салуды;
5) барлық мәдениет объектісінің (театрлар, концерт ззалдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) қызметіне тыйым салуды;
6) діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагога және т.б.) қызметін тоқтата тұруды;
7) балаларды сауықтыру лагерьлерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, балалардың түзету кабинеттерінің, білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың қызметіне тыйым салуды;
8) фудкорттар, банкет залдарының қызметіне тыйым салуды;
9) СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың қызметіне, маникюр мен педикюр көрсетілетін қызметтеріне тыйым салуды;
10) жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметіне тыйым салуды;
11) 500 м2 артық азық-түлік емес дүкендердің тек жеткізу қызметін;
12) 65 жастан асқан тұрғындардың және 3 адамнан артық топтардың жүріп-тұруын шектеуді;
13) қоғамдық көлікті шектеу сағат 07:00-ден 19:30-ға дейін (маршрутқа жөнелту уақыты) қоғамдық көліктің желіге барынша шығуымен, қозғалыстың біркелкі кестесімен, қоғамдық көліктің отырғызу орындарының саны бойынша толуымен; таксимен шектеусіз жұмыс істеу, маскаларды міндетті түрде алып жүру және такси, қоғамдық көлік жүргізушілерінің тері антисептиктерін пайдалануы № 43 ПГСВ 15-қосымшасына сәйкес;
14) өңірлер арасында жеке автокөліктің жүріп-тұруына рұқсат беруді;
15) әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда);
16) аймаққа бөлу және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып, медициналық орталықтардың (жазылу бойынша) қызметіне рұқсат беруді;
17) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және 50%-нан асырмай толтыра отырып, халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (қонақүйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) қызметіне рұқсат беруді;
18) Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жітіқара, Арқалық, Тобыл қалаларының базарлары үшін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс режимін белгілей отырып, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) қызметіне рұқсат беру;
19) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, ашық ауадағы және үй-жайда 30-дан аспайтын отыратын орын орната отырып, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат беруді;
20) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың; ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, мал шаруашылығының қызметіне рұқсат беруді;
21) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, уақыт бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін шектеу арқылы халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілерінің (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалары) қызметіне рұқсат беруді;
22) жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушылары және т. б. қызметтері) жұмысын ұйымдастыру;
23) жұмысты шектей отырып, ХҚКО жұмысын сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін, Call-орталықтың жұмысын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін ұйымдастыру. Демалыс және мереке күндері ХҚКО-ның жұмысына тыйым салынсын. Қостанай қаласы ХҚКО жұмысын электрондық үкімет порталы арқылы алдын ала брондау бойынша қатаң ұйымдастыру Egov.kz. жеделхат-бот EgovKZBot 2.0, сондай-ақ Call-орталығы арқылы 1414;
24) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін уақыт бойынша шектеу және онлайн форматта барынша қызмет көрсетумен «Қазпошта» АҚ жұмысын ұйымдастыру;
25) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілері жоқ саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына баруға рұқсат беруді;
26) ашық ауадағы жеке жаттығуларға рұқсат беруді;
27) қоғамдық көлікке, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, аулалық балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындрға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;
28) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты және саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін.
29) тұрғындарға маскаларды тұрғылықты жерінен тыс жерлерде, бұл ретте міндетті түрде дүкендерде, дәріханаларда, Денсаулық сақтау ұйымдарында, қоғамдық көліктерде, кеңселерде, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарда және басқа да адамдар көп жиналатын объектілерде қолдануға кеңес беріледі.
3. Аудандар мен қалалардың әкімдері, қалалар мен аудандардың Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары, Полиция департаменті қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитарлық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын.
4. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер орынбасарының 30.06.2020 жылғы №34 және 03.07.2020 жылғы №35 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы 2020 жылғы 5 шілдеде 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.